Жұртты сарсаңға салған бұл мәселе көп дауға себеп болуда Қазақстан зайырлы мемлекет. Біздің елде заң бәрінен жоғары тұрады және заң алдында бәрі бірдей. Бұл әрбір қазақстандық айтып жүрген ұран сөзге айналған. Расында заңның ең жоғарғы иерархиясы — Конституция, одан кейін Парламентте талқыланып, Мемлекет басшысы қол қойған заңдар. Одан кейін Кодекстер мен Президенттің Жарлықтары, тағы басқа […]
Мәселе
Түркістан облысы: Жалған диплом жарға жығады
Бүгінде мектептерде жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендер анықталуда. Олар білім саласына қалай келді, бұл үлкен сұрақ. Сұрақ қана емес, қоғамның дерті деуге де болады. Жалған диплом жайы сөз болғанда шардаралық Жандаров Тоқтыбай есімді азаматтың уәжі еске түседі. «Тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудың салдарын әлі күнге тартып келе жатқанымызды жасырмауымыз керек. Сол кезде айлап жалақы алмаған көптеген білікті […]
Көміртегі тотығымен улану – адам өміріне қауіпті
Күннің суытуына және орталықтандырылған жылу жүйесінің қосылмауына байланысты, қала тұрғындары пәтерлерін жылыту үшін тұрғындар газ плиталарын, духовка және каминдерді пайдалануда. Зардап шеккендердің денсаулық жағдайының нашарлауы ақаулы газды су жылытқыштарын, қазандықтарды, пештерді және каминдерді пайдалану кезінде пайда болады. Көміртегі тотығы қауіпті, өйткені ол көрінбейді және сезілмейді, оның иісі де, түсі де жоқ, сондықтан оның екінші атауы […]
Мемлекеттің үйін мемлекеттің өзі салуы керек
Қазір мемлекеттік бағдарламалармен тұрғын үйлер көптеп салынуда. Ондай сырты бүтін, іші түтін саналатын үйлерді облыс орталықтары мен мегаполистердің барлығынан кездестіруге болады. Сол құрылыстың бәрін жекеменшік компаниялар жүргізуде. Ондай пәтерлер мүгедек, көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналар секілді әлеуметтік ахуалы төмен топтарға беріліп, олар қуанып кіреді. Қызығы мен шыжығы содан кейін басталады. Пәтер кілтін алып, бөркін аспанға атқандардың […]
Сарыағашта жұмыстан босаған завуч қалай директор болды?
Бұған дейін Түркістан облыстық білім басқармасы бос тұрған директорлық қызметтерге конкурс жариялаған болатын. 12 қазанда конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтіп, бірнеше азамат оң баға алды. Соның арасындағы бір директорға қатысты наразылық көп айтылуда. Бізге хабарласқан Игілік есімді азамат «Сарыағаш ауданындағы Ш.Қалдаяқов атындағы №15 мектеп директоры болуға бір ауыздан лайықты деп танылған Қайрат Қосмұратовқа қатысты шешімге […]
Шардарадағы құбыр дауы
ағайынның арасына іріткі салмаса болғаны Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді айналымға қосу, тиімді пайдалану турасында тапсырма бергені белгілі. Рас, Түркістан облысында Жер-Ананың жомарттығын тиімді пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Дегенмен, әлі де игерусіз жатқан жер жоқ емес. Оның себеп-салдары да әртүрлі. Біршама уақыт бұрын редакцияға Шардара ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны Қанат Бегалиев назын айтып келген […]
Созақта балонға газ құйдыру қауіпті болып тұр
Созақ ауданы жұртшылығының табиғи газды күткеніне 3-4 жылдың жүзі болды. Әлі де сондай уақыт күтетініміз анық. Табиғи газсыз да осы уақытқа дейін күнін көріп келген жұрт әлі де күндерін көре береді. Бірақ осы тұста бір өзекті мәселені алға тартқым келеді. Кәдімгі газ балонына құйып беретін құймалы бекеттер қазір барлық жерде бар. Осыған орай қауіпсіздік шараларына […]
Түркістан: Оқушылар арасында қатыгездік өршіп тұр
Әскердегі әлімжеттіктен қорқып ата-аналар балаларын Отан алдындағы парызын өтеуге жіберуге қорқатын дәрежеге жетті. Ендігі жерде балаларын мектепке жіберіп те жанын шүберекке түйіп отыратын болды. Өткені, күн сайын неше түрлі сорақы оқиғалар орын алуда. Келес ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары арасындағы төбелес әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге тарады. Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баланың жоғарғы қабаттан құлағаны жұртты […]
Жапырақты не істейміз?
Мен табиғатты қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлетін адаммын. Айналаны ластамау, лажы болғанынша көгертіп, көктетуге үлес қосқанды қалайтындықтан бала-шағама да ағаш егіп, гүл өсіріп, ауланы көгалдандырып отыруды насихат етіп жүремін. Айтайын дегенім, күз келіп, ауладағы ағаштардың жапырағы сарғайып, түсе бастады. Сарғайған шөпті де орып, бау-бақшаны реттейтін кезең. Бірақ, сол жапырақты не істеу керегін білмей жылда дал […]
Келес ауданында бала құқын қорғау туралы жиын өтіп жатқанда…
баланың құқы бұзылды «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ ай сайын бас қосқан жиын болады…». Мұны айтқан ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Мөңке би. Болашақты дәл болжаған бабамыз ай сайын жиын болады десе, қазір күн сайын, тіпті бір күнде бірнеше жиын болатын жағдайға жеттік. Ал пайдасы қане? Сөзімізге тұздық ретінде айтайық, осы жылдың 21 қыркүйек […]









