Бүгінде білім саласында саналы адамның санасына сыймайтын түсініксіз жәйттер орын алуда. Ұстаздар бір-бірімен соттасып, оқушылар арасында қатыгездік үдеп барады. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың салдарынан миллиардтар жымқырылып жатыр. Енді, міне, партада отырып, порносайттарға кірген оқиғалар анықталуда. Оқушылардың сабақ уақытысында рұқсат етілмеген сайттарға кіргені жайында жергілікті прокуратура анықтаған. Нақтырақ айтқанда, Жетісай ауданының прокуратурасы мектептерді тексеру барысында 31 […]
Мәселе
Су министрі өткізген Жетісайдағы жиыннан шу шықты
Оңтүстікке көктем ерте келеді, ал көктемнің әр күні – жылға азық. Осыны ой елегінен өткізсе керек, жоғарыдағылар жылы жаққа ертерек ат басын бұрыпты. Дәлірек айтсақ, кешегі аптада Жетісай ауданына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіп, шаруалармен кездесті. Ресми мәліметте министрдің шаруалармен кездескені айтылғанымен, жергілікті дихандар мұны жоққа шығарғысы келеді. Не себепті? Енді соған […]
Суицид көбейді: Сайрам мен Түркістанда жағдай күрделі
Әлеуметтік желі бақылаудан шықты. Кімнің не салып, оның қоғамға қаншалықты пайда-зияны тиіп жатқанын елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ғаламтор ғаламат қоқыс алаңына айналды. Тіпті, мемлекеттен миллиардтаған қаржы алатын орталық телеарналардың өздері көп уақытын жеңіл-желпі әзілдерге, атыс-шабысқа, зорлық-зомбылыққа толы, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін шетелдік өнімдермен толтырып жатады. Отандық өнімдердің өзі бұрынғыдай мөлдіреп емес, боқтық сөзі аралас, арсыздау […]
Сағат тілі ғана емес, туған күніміз де ауысып кетті…
1 наурыздан бастап еліміздің бірқатар аймақтарында сағат тілі бір сағатқа кері шегеріліп, уақыт белдеуі теңестірілді. Мамандар мұның тиімді тұсын айтып, түсіндіріп жатыр. Бірақ ешкім күтпеген түсініксіз жәйттер де орын алуда. Ол — балалардың туу туралы куәлігі мен ересектердің жеке куәлігіндегі туылған күндердің ауысып кетуі. Сағат тілімен бірге менің және ұлым мен қызымның дүниеге келген күндері […]
Қарабұлақтың балалары қашанғы тозған мектепте оқиды?
Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде №104-ші мектеп бар. Онда 400-500 бала білім алады. Қарабұлақ халқы тығыз орналасқан, ауылшаруашылық саласы жақсы дамыған округ болғанымен, мұндағы біз айтып отырған білім ұясы ғимаратының тозығы жеткен. Оның бір бөлігі қам кірпішпен өрілген болса, екінші бөлігі шлакоблокпен тұрғызылған. Кезінде асар әдісімен салынған. Материалдық-техникалық база жұтаң. Жабық жағдайдағы спорт зал, мәдени […]
КЕНТАУ: Іс бітті, қу кетті…
Көпқабатты үйді жөндеген мердігердің әрекеті осыған саяды Кентау қаласының жылуына қатысты күн суытқанда басталған тұрғындар наразылығы әлі басылар емес. Тұрғындар суып кеткен үйді жылыту үшін қосымша электр пештерін қосып, күндіздің өзінде көрпе жамылып отыратын жағдайға жеткен. Кентау қалалық әкімдігіндегі салаға жауапты мамандардың айтуына қарағанда бұл мәселеден облыс тұрмақ Үкімет басшыларының да хабары бар екен. […]
Ата-ананы алдап жүрген кімдер?
Аттап бассаңыз алаяққа тап болатын заман келді ме дерсің. Теледидарды қоссаңыз да, газетті ашсаңыз да, әлеуметтік желіге кірсеңіз де алаяқтардың қармағына ілігіп, сан соғып, зар еңіреп жүргендерді кездестіресіз. Соларды көрген сайын алаяқтардың қармағына түспеуге қанша тырысқанымызбен, кейде өзіңіздің де қалай арбалып қалғаныңызды сезбей қаласыз. Олар алдау-арбаудың неше түрлі сценарийін ойлап тауып, оны сәтті жүзеге […]
Ақиқаттан адаспайық!
ЛГБТ-ны қызғыштай қоритын қазақтың «жігіттері» көбейе бастапты. ЛГБТ-ға қарсы әңгіме айтсаң езулеріне жымысқы күлкі үйіріліп, «орта ғасырда қалып кеткен, хандық дәуірден шыға алмай қалған, т.с.с» деп әжуалағысы келеді. Ең сорақысы бұлар бұл азғындықты қалыпты жағдай санап, «олар бұл жолды өзі таңдап, бұл жолға өзі барған жоқ. Туылғаннан сондай бейіммен туылды» деген қолдан жасалған негізсіз, өтірік […]
Кәріз желісіне қоқыс тастамаңыздар!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне күн сайын кәріз желілері бітеліп қалғанын айтып хабарласатындар көп. Шағымдар жер үйлерден де, көпқабатты үй пәтерлерінен де бірдей түседі. Су бұру жүйесі бойынша қызмет көрсетуші пайдалану ісіне жауапты мамандар апаттың алдын алып, тиісті шараларды істейді. Кәріз желісінің бітелуіне көбінде тұрғындардың өзінің жауапсыздығы себеп болады. Себебі, канализация желісіне тұрмыстық қоқыс, […]
АУЫЗ СУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың келесі түрлерін ажыратады: орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған (жергілікті) сумен қамтамасыздандырудағы (құдықтардың, бұлақтардың) ауыз суы үшін. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет: 1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және […]









