Шардара ауданында ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіп те өркендеп келеді. Шағалалы өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің барысы аудан әкімі Арман Қарсыбаевпен болған әңгімеде айтылды. – Арман Романұлы, бүгінде ауыл халқының жағдайын жақсарту басты бағыттардың бірі екені белгілі. Ауыл шаруашылығын өркендету жолындағы жетістіктеріңіз қандай? «Ауыл аманаты» бағдарламасы қалай орындалуда? – Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында биыл айтарлықтай шаруалар атқарылды. […]
Метка: Түркістан
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҒЫ ДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалды, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқамерзімді экономикалық өсім 124,1 пайызды құрады. Яғни бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада бірінші орынға ие болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі мынадай деректер келтіреді: Экономикалық өсімге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары көрсеткіштер айтарлықтай […]
Инвесторлардың құқығын қорғау
Бас Прокуратураның жіті бақылауында Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің алдына қойып отырған негізгі талаптың бірі – инвесторларды барынша көп тартып, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеру болып тұр. Иә, бұл мақсатта көптеген жұмыстар атқарылып, оң нәтиже де орын алуда. Айталық, бүгінде еліміз бойынша прокурорлар 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдесе, Түркістан облысында 2025 жылдың қорытындысы […]
6213 іс медиациялық келісіммен аяқталған
Түркістан облыстық сотының бастамасымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына 15 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Оған Түркістан облысының судьялар корпусы, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, қоғам қайраткерлері нотариустар, адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. Шараның мақсаты – қоғамдағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңызын насихаттау, медиацияның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлін арттыру және кәсіби медиаторлардың […]
Отырар өңірінің қолөнер шеберлері
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорындағы этнографиялық заттарды іздеу үшін арнайы этнографиялық ғылыми-зерттеу экспедициялар ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ музей коллекциялары белгілі ғалымдардың, өлкетанушылардың, қолөнер шеберлерінің, жәдігер жанашырларының сыйға тартқан заттарымен де толыға түскен. «Отырар» музей-қорығының кез келген көрерменге тарихи кезеңдерді жәдігерлер арқылы көрсете алатын ерекше мүмкіншілігі бар. Мысалы, тоқыма өнері, […]
Түлкібаста өндіріс өркен жаюда
Түлкібас ауданында ауыз су және алкогольсіз сусындар өндіретін «Beibars Bottlers» ЖШС зауытының салынып жатқаны мәлім. Темір және пластикалық құтыдағы «RC» маркалы сусындар өндіретін бұл зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 мың тоннаны құрайды. Өнімі ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған – 51 пайызы Ресейге, 26 пайызы Қырғызстанға шығарылады. Өндірісті одан әрі кеңейту мақсатында жобаның ІІ […]
Аудан халқы ауыз сумен толық қамтылған
Бірнеше аудан мен Шымкент және Арыс қалаларының ортасында орналасқан Ордабасы ауданын тоғыз жолдың торабында жатыр десек болады. Сондықтан оның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша әлеуеті жоғары десек, сөзіміз қисынсыз емес. Ал аудан осы мүмкіндіктерін қалай пайдаланып жатыр, қандай жетістіктер көрсетуде? Осы тақырыптар аясында аудан әкімі Азат Оралбаевпен сұхбат құрдық. – Азат Әбдіғалиұлы, аудан экономикасын дамыту бағытында қандай […]
Сатып алу конкурсы неге кешеуілдеді?
жаңа оқу жылына дейін мектептер жөнделіп үлгере ме? Он күннен кейін республикада маңызы бар Құрылтай сайлауы өтеді. Бұған ел болып дайындалуда. Қателеспесек, сайлау учаскелерінің 90 пайызы білім ошақтарында орналасқан болуы мүмкін. Шынтуайтына келсек, сайлау да өтер, ол бір күндік іс-шара ғой. Бірақ одан кейін, араға бір апта салып жаңа оқу жылы басталады. Оқушылар барғанда мектеп […]
Түркістан турист тартудан көшбасшы бестікке енді
2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда туристер ең көп демалған өңірлер белгілі болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып, «Kazinform» агенттігі хабарлады. «Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдын Қапашевтың айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда ішкі туристер ең көп барған өңірлер қатарында Шымкент қаласы мен Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. – Соңғы […]
Отырардан Алтын Орда дәуіріне тиесілі мешіттің орны табылды
Топырағын түртсең тарих болып сөйлейтін Отырар қаласы тағы бір көне жәдігермен таңқалдырып отыр. Дәлірек айтқанда, Отырар қаласынан Алтын Орда дәуіріне, XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырға тиесілі мешіттің орны табылды. Бұған дейін Отырарда XV, XVI және XVII ғасырлардың мешіттері табылған. Жаңа нысан солардың барлығынан ерте, яғни бүгінге дейін Отырардан анықталған ең көне мешіт болып […]









