Шымкент

Құлпынайдың дәмдісі Шымкентте өседі

Шымшаһарда соңғы жылдары жылыжай шаруашылығына деген қызығушылық арта түскен. Дихан қауымы бұл саладан табатын табыстың да аз еместігін алға тартуда. Агроөнеркәсіптік сектордағы мұндай серпінді қадам мегаполистің экономикасын дамытуға да үлес қосуда. Дәл қазір Шымкент қаласының аумағында 209 гектар жылыжай кешені жұмыс істеп тұр. Оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Аталған кешендерден жылына шамамен 17 мың […]

Қоғам Шымкент

Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында өскелең ұрпақ тәрбиесі жайлы көптің көкейіндегі толғанысты ойды ортаға салды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға бағыт-бағдар беру, жол нұсқап, еліміздің мақтаныш етер тұлғасы болуға негіз қалау — қоғам белсенділерінің, аға буын ұрпақтың негізгі міндеті болуға тиіс-ті. Жақында Шымкентте болған Президент Әкімшілігі Басшысының […]

Шымкент

Оқушылар үйі – тәрбие жұмыстарын арттырады

Кеше ғана Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты қадау-қадау мәселелерді айтып, қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді болдырмау үшін қазірден бастап бала тәрбиесіне жіті мән беру керектігін айтты. «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Бүгінгі интернет дәуірінде бұл оңай шаруа емес. Ашығын айтсақ, қазір […]

Шымкент

Іскер қала

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде  орындағанын қалайды» деп нақтылап айтты. Бұл орайда Шымкент қаласында тың серпін әкелген нәтижелі […]

Қоғам Шымкент

Жайлы қалаға жасалған қадам 

                 Күзгі жауын-шашынды күндер мен қыстың қарлы борандарында коммуналдық шаруашылыққа қатысты бірқатар проблема бас көтеретіні жасырын емес. Тозығы жеткен коммуникациялық жүйелердің тұрғындардың жүйкесіне тиетін шағы да осы кез. Осындай олқылықтар орын алмас үшін Шымкент билігі коммуналдық шаруашылықтың талай шаруасын осы жазда тындырып тастауға жең түре кіріскен. Оның үстіне былтырғы қыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың […]

Шымкент

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен 15 мамырдағы қауіпсіздік кеңесінде коммуналдық қалдықтарды реттеуге байланысты жергілікті аймақтық әкімдерге тапсырма берілген болатын. Сол тапсырмаға сәйкес, Шымкент қаласында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы бағдарлама әзірленуде. Қазір бағдарлама 75 пайызға дайын, шілде айында толық аяқталады деп күтілуде. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Шымкент қаласының […]

Әлеумет Шымкент

Инвестжобалар елдің игілігіне негізделген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының  «Нақты секторды дамыту» бөлімінде елімізде құрылып, бүгінде жұмысын жандандыра бастаған барлық арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін атай келе, «Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкенттік батыр балалар

Шымкентте екі оқушы бала батылдығы мен көзсіз ерлігі үшін министрдің марапатына ие болды. Олар қалалық № 128 жалпы мектептің оқушылары – Ердәулет пен Рамазан. Мәселе былай ғой… 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзеніне шомылуға келген балақайлар арасында бір бала суға кетіп, тұңшыға бастайды. Шомылуға жаңа келген Ердәулет пен Рамазан су […]

Шымкент

Шайынды суды тазартуға күш салынуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанын айтқан-ды. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған бұл салада су ресурстарын тиімді пайдалану, жергілікті жерде тозығы жеткен инфрақұрылымдарды тездетіп жаңарту жайын көтерген еді. «Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда. Судың 40 пайызы […]

Қоғам Шымкент

Тұрмыс түзелсе, тұрғындар тыныш

Халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, жайлы мекен орнату — жергілікті әкімдерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Әсіресе, ескірген инфрақұрылымдарды жаңарту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтағы жұмыстарды жүйелеу, ақпараттық технологиялар заманына лайықты ету басты бақылаудағы міндеттер. Суы, жолы, жарығы жоқ елді мекендер болмауы керек. Тұрғындардың тұрмыстық түйткілдері дер кезінде ескерілуіне мән берілуде. Шымкентте бұл орайда әсіресе, […]