Tүркістан облысының кіндігі іспеттес, үшінші мегаполис – Шымкент қаласымен іргелес орналасқан Ордабасы ауданында көптеген өндіріс орындары, кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауылшаруашылық саласында да айтулы жетістіктерге қол жеткізілуде. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсімінің жоғары болуы себепті тұрғын үй саласы да қарқынды даму жолында. Инвестор тартуға да қолайлы, көлік-логистика саласы жолға қойылған. Шұбарсу — осындай мүмкіндігі мол ауданның ең ірі […]
Метка: облыс
«Арыстанды» атауының сыры неде?
Кешегі аптада Бәйдібек ауданындағы Шақпақ ауылында болып, жергілікті жұрт «Ақылтөбе» деп атайтын төбеге шықтық. Жер-су аттарына мән беріп қарайтыным бар, жұрттан төбенің аты неге бұлай екенін сұрадым. «Биіктеу жер болған соң малдың алдынан шыққан, басқа да себеппен жолы түскен адамдар «бас қосып ақылдасатын төбе» деп жүріп «Ақылтөбе» атанып кеткен» деген жауап естідім. Ойды ой қозғайды. […]
Қауіпті болдырмауға қазірден қамданыңыз!
Күз келіп, күн салқындай бастаған сайын жылыту маусымына дайындық мәселесі де өзекті бола түседі. Жылы үй – әр отбасы үшін жайлылықтың белгісі. Алайда жылу беру кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау өртке, улы түтін мен көмірқышқыл газынан улануға және басқа да төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Сауран ауданының тұрғындарын жылыту маусымына жауапкершілікпен қарап, қажетті сақтық […]
Алғашқы қоңырау күнгі мектептегі төбелес
оқушылар емес, ұстаздар мен ата-аналар арасында болды Еліміздегі барлық білім ошақтарында 1-қыркүйек – мереке. Бұл күні білім, тәлім алуға келген оқушылардың жүздері бал-бұл жайна, жаңа оқу жылына жаңаша көңіл-күймен кіріседі. Өкінішке қарай, мұндай көрініс барлық жерде байқала бермейді екен. Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты Т.Тәжібаев атындағы мектепте бұл күні қуана қауышу емес, ызалана жағаға жармасу […]
Бәйдібекте байыпты бағдарламалар жүзеге асуда
Бүгінде Түркістан облысы еліміз бойынша көптеген көрсеткіштерде алда келеді. Бұл істе, әрине, әрбір ауданның қосып жатқан өзіндік үлесі бар. Аграрлы Бәйдібек ауданы да әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп келеді. Ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаевпен сұхбаттастық. – Нұрпейіс Оразханұлы, Бәйдібек ауданының қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қалай сипаттауға болар еді? – Ауданда соңғы үш […]
ІРІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Түркістан облысында көптеген ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл іске Мақтаарал ауданы да өз үлесін қосуда. Кешегі күні аудан әкімі Бақыт Асанов өңірдегі арнайы экономикалық аймақта іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Бұл жобалар 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Сөйтіп аудан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын қалыптастыруға және өңірдегі инвестициялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік […]
Қалдықсыз өнім өндірілмек
Түркістан облысында түрлі кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Кейбірінің айналысатын шаруасы жұртқа таңсық көрінетіні де рас. Соның бірі – мал сүйектерін өңдеу зауыты. Ол Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында іске қосылмақ. Жобаның іске қосылуы Ордабасы ауданында терең өңдеу өндірісін дамытуға, мал шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жаратуға және жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға жол ашады. Жалпы инвестициялық құны – […]
ШАРДАРАДА АУҚЫМДЫ ШАРУАЛАР АТҚАРЫЛУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіп те өркендеп келеді. Шағалалы өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің барысы аудан әкімі Арман Қарсыбаевпен болған әңгімеде айтылды. – Арман Романұлы, бүгінде ауыл халқының жағдайын жақсарту басты бағыттардың бірі екені белгілі. Ауыл шаруашылығын өркендету жолындағы жетістіктеріңіз қандай? «Ауыл аманаты» бағдарламасы қалай орындалуда? – Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында биыл айтарлықтай шаруалар атқарылды. […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҒЫ ДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалды, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқамерзімді экономикалық өсім 124,1 пайызды құрады. Яғни бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада бірінші орынға ие болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі мынадай деректер келтіреді: Экономикалық өсімге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары көрсеткіштер айтарлықтай […]
Инвесторлардың құқығын қорғау
Бас Прокуратураның жіті бақылауында Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің алдына қойып отырған негізгі талаптың бірі – инвесторларды барынша көп тартып, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеру болып тұр. Иә, бұл мақсатта көптеген жұмыстар атқарылып, оң нәтиже де орын алуда. Айталық, бүгінде еліміз бойынша прокурорлар 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдесе, Түркістан облысында 2025 жылдың қорытындысы […]









