Басты жаңалықтар

ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ

ЭКОНОМИКАҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ Бүгінде «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Президент бастамасымен қолға алынған бұл жобаның Мақтаарал ауданы үшін стратегиялық маңызы ерекше. Аталған жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ерекше назар аударып, құрылысты биыл аяқтау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Жуырда Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған уақытша депутаттық […]

Әлеумет

ТИІМДІ ЖОБАНЫҢ ТИІМСІЗ ТҰСТАРЫ БАР МА?

Қазіргі күндері Түркістан облысында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы басталған жоба биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Әрине, жоба жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды, дегенмен, жұмыс барысында әттеген-ай дейтін жайттар да орын алып жатқан секілді. Келес ауданынан хабарласқан азаматтың базынасына құлақ түргенімізде осыны ұққандай болдық. «Ауыл халқы негізінен малмен күнелтіп […]

Мәселе

АГРОӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖАЛҒАСАДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек және Жібек жолы ауылдық округтеріндегі жылыжай иелерімен кездесу өткізді. Жиынға аудандық прокуратурадан, полиция басқармасынан, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен басшы азаматтар мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Кездесу кезінде жұртшылықты толғандырып жүрген бірқатар мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда, жылыжай шаруашылығындағы өзекті мәселелер, әсіресе шетелден келетін көкөніс өнімдерінің ішкі нарыққа әсері […]

Біле жүріңіз

Тал басында тұрып кебетін «курага»

Шымкенттің сауда нүктелерінде көктемгі ағаш көшеттерін сату науқаны аяқталып келеді. Диқандар қалған көшеттерді солтүстік өңірлерге жөнелтуде. Осы орайда бізге «Жабық базарда» көшет саудасымен айналысатын Ерлан есімді азаматпен (суретте) аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Жұртқа пайдасы тиіп қалар деген ниетпен назарларыңызға екеуара әңгімемізді ұсынып отырмыз. Әңгімеміз тал басында тұрып пісетін өрік пен мейіз көшеттері туралы айтудан басталды. […]

Әлеумет

Сайрамда – суицид, Сарыағашта – отбасылық кикілжің өршіп тұр…

Елімізде отбасындағы ойранды, зорлық-зомбылықты тоқтату, жасөспірімдердің құқын қорғау мақсатында тыйымдар күшейтіліп, заң қатаңдатылды. Өз отбасында ойран салатындардың әрекеті қылмыстық теріс қылықтар санатына енгізілді. Алайда, бұл шаңырақтың шырқын бұзатындарға түбегейлі тұсау болмай тұр. Рас, 2024 жылға қарағанда былтыр құқық бұзушылықтың бұл түрі 73 пайызға төмендеген. Мұндай көрсеткіштің қалыптасуына бұрынғы әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстық теріс қылық санатына […]