26 тамызда Непалда болған алапат табиғи апат төңірегіндегі әңгіме әлі де толастар емес. Бұл апат Непал мен Қытайдың шекарасында, Лангтанг-Лирунг аумағында орын алды. Көптеген елді мекендер қирап қалды, 800-ден астам адамның мерт болып, 3 мыңға жуығы жоғалып кетті деген дерек айтылуда. Қазақстандық үш турист әйел іздестірілуде. Таудан тонналаған мұз құлаған Әлемдік мұз жамылғысының басым бөлігі […]
Метка: су
«Қошқаратаны» қастерлей білейік
Кешегі сенбіде Шымкентке Ұлытау жақтан құдаларымыз келіп, оларды теміржол вокзалынан күтіп алған едік. Ол кісілердің Қошқаратаны көргісі келіп жүргеніне біраз болған, осы жолы «тиіп тұр екен ғой, осы бетімізбен бара салайықшы» дегесін Қошқаратаға үйлер арасымен тіке тарттық. Қошқарата бұлағы теміржол вокзалына өте жақын, бес минуттық қана жер. Бұрынғы гараждар тұратын аумақтан шағын дүкендер ашып қойыпты. […]
Отандасымыз Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті
Отандасымыз, әуесқой жүзуші Мәди Әділханов әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Бұғаздың ең тар тұсының өзі 40 шақырымнан асады, М.Әділханов осы қашықтықты еңсерді. Өзіндік ереже бойынша Ла-Манш арқылы жүзуге тәуекел еткен адам суға түсерде су өткізбейтін арнайы киім кимейді, қандай да бір препараттар қолданбайды. Тек денесін аздап майлауы мүмкін. Суда жүзу барысында ол тынықпайды, жанында жүзген […]
ТҮРКІСТАНДА –ЖАҢА ЖАҒАЖАЙ
Түркістан қаласы тағы бір тамаша туристік нысанмен толықты. Дәлірек айтқанда, төрт қақпалы қалада «Есу арнасында» суға шомылуға арналған, ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайтын жаңа жағажай ашылды. Ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асқанын атап өтті. Демалыс аймағында демалушыларға […]
Мұхит сулары қызып жатыр…
Әлемді әбіржіткен аптап ыстық Тынық мұхит сулары температурасының да қалыптағыдан ауытқып, 5 градусқа дейін жылынуына тікелей әсер етуде. Соның салдарынан, мысалы, Солтүстік-батыс Еуропадағы Ұлыбритания осымен қатарынан үшінші мәрте ыстық ауа массаларының «шабуылына» ұшырап отыр. Мұның бәрі «Эль-Ниньо» әскерінен. Ол – Тынық мұхиттың экватор аумағындағы судың беткі қабаты температурасының ауытқу құбылысы. Бұл – әрбір 2-7 жылда […]
Ақсары адамдар абайласын
Қазір шілденің нағыз ортаңғы кезі, күн ыстық. Осындайда теріні шектен тыс күйдіріп алудан сақ болған абзал. Әсіресе, бұл Оңтүстік өңір тұрғындарына қатысты. Өйткені, бұл маусымда күннің ультракүлгін сәулелерінің қуаты күшті болады. Біздің өңірде сағат 10.00 – 16.00 аралығында оның деңгейі өте жоғары. Мамандардың айтуынша, мұндайда әсіресе тері түсі ашық, аққұба, ақсары, шашы сарғыш немесе ақ […]
Субсидия бермесе, шаруа қайтіп күн көрер?
Елімізде ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөлінеді. Ал, жазы ұзақ Түркістан аграрлы облыс саналады. Демек, елімізде қанша адам осы салада тер төгіп, нәпақасын тауып жүр деген сөз. Олардың өнімін тұтас ел азаматтары пайдаланып, экспортқа да жөнелтіледі. Қысы-жазы тыным таппайтын сол диқандардың бүгінгі жай-күйі қалай? Оларды не толғандырады, олар нені армандайды? Біздің міндет – осыларды естір […]
«ТАМА-ТАСТАНБЕК» – ТАЗА СУДАН ТАРЫҚТЫРМАЙТЫН ЖОБА
Шардаралықтар былтырғы ауыз су тапшылығын ұмыта қойған жоқ. Аудан басшылығы осы қиындықтың қайталанбасы үшін бар мүмкіндіктерін салып бағуда. Осы мақсатта «Тама-Тастанбек» су құбырын тарту ісі сәтті жүзеге асырылуда. Жоба толық біткен жағдайда Шардара қаласы мен оған іргелес жатқан елдімекендердің ауыз су мәселесі толықтай шешімін табады. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев осы жобаның жұмыс барысымен танысты. Жоба […]
ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР, ӘЛДЕ…
Шаруалардың болжамы шындыққа жанаса ма? Биылғы көктем жаңбырлы, салқын болды. Жаз айлары жақындаса да жауын әлікүнәра нөсерлетуде. Соның әсерінен кей аудандарда су тасқыны да орын алды. Сондықтан бүгінде ел ішінде ауа райының бұл құбылысына, жасанды жаңбырға қатысты түрлі әңгімелер айтылып жүр. «Шөпті шірітіп, техниканы бүлдіруде» Таяуда Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығымен жасанды жаңбыр […]
НЕГЕ БАҚЫЛАУ БОЛМАЙДЫ?
Мен Шымкент қаласының Қарабастау тұрғын алабында тұрамын. Біз күнде жұмысқа қатынайтын Қаратөбе жолы жақсы еді. Осыдан үш жылдай бұрын кәріз желісін жаңарту мақсатында жолдың шетін қазды. Уақытында басталған жұмыс ұзақ уақыт аяқталмай, тұрғындарды бір әбігерге салып еді. Не керек, құбыр жаңартылып, бұзылған жол жөнделді. Оған да шүкіршілік еттік. Бірақ сапа көңіл көншітпейді. Бір жөнделген жол […]









