Атам заманнан сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің төл байлығы, құдіреті, мәртебесі тілінде жатыр. «Тіл – ұлттың жаны» деген сөз осыдан қалса керек. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Ал құқықтық мемлекеттің басты тіректерінің бірі – сот билігі. Сот төрелігі қоғамдағы әділеттіліктің өлшемі болса, сол әділеттің халыққа түсінікті әрі қолжетімді болуы – мемлекеттік тілдің қолданылуына тікелей […]
Метка: ұлт
Мемлекеттік тіл мәселесін күн тәртібінен түсірмейік, ағайын!
Кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен мәдениетінің гүлденуі, ұлттық тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты екендігін қоғамның өзі күнделікті өмірде көрсетіп те, дәлелдеп те жүр. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тіліне дамытуға қатысты атқарылған шаруа да, тындырылған тірлік те аз емес. Көп нәтижелерге де қол жеткіздік! Ол жөнінде биік мінберлерден айтылды да. Бірақ қанша […]
БАБАМЫЗДЫҢ ЖЫРЫСЫҢ СЕН, ДОМБЫРА!
Қазақ халқының рухани әлемін, ұлттық болмысын, ғасырлар қойнауынан жеткен тарихы мен тағдырын бір ғана құдіретті аспаптың үнімен бейнелеуге болатын болса, ол – қасиетті домбыра. Қос ішегінен төгілген қоңыр күй халқымыздың мұңын да, қуанышын да, арманын да, азаттығын аңсаған асқақ рухын да бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, […]
БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ
Бесік – ұлттың тәрбиесі мен тағылымын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бойына жинаған қасиетті мұра. Сәбидің алғашқы ұясы болған бесік ғасырлар бойы қазақ отбасындағы береке мен тәрбиенің алтын арқауы болып келеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені әрбір адамның мінезі мен болмысының қалыптасуы бесіктен басталады. Қазақ халқы бесікті қастерлеп, оны […]
АЛЬФИР, АРТУР, АЙЛУНА, АЙЛИНЬ…
Біз бүгінде көп нәрсеге аса мән бермейтін болдық. Ұлттық болмысымызға тән болған нәрселер өзгеріске ұшырап жатса да оған көңіл бөлмейміз. Солай болуы тиіс сияқты. Осы орайда оқырман ортасына балаға ат қою рәсіміне қатысты оқшау ой тастамақпын. Жұртшылық бұған да мән беріп қараса екен деймін. Бір-бірін алғаш көріп, тілдескен адамдар ат сұрасып танысатыны белгілі. Дегенмен бұрынғыша […]
ӨЗГЕ ҰЛТ, ЖАТ ЖИЕН…
Қазақ қызының басқа ұлт өкіліне, тіпті нәсіліне де қарамай тұрмысқа шыға салуының түпкі себебі неде жатыр? Әрине, «жақсы жігіт жоқ» деген сөз қыз баласына айтуға оңай болғанымен, жігіттер қауымының жүрегіне салмақ түсіретіні анық. Шындығында шетелдікпен тағдыр жарастырған қазақ қыздарының басым көбінің түпкі ниеті «қызылды-жасылды өмірге» қызығуда жатқан сияқты. Шекарасыз интернеттің заманы, түрлі ақпарат оқиды, кинолар […]
БІРЛІГІМІЗ МЫҒЫМ БОЛСЫН!
Қазақстан халқының бірлігі күні – 1-Мамыр мерекесін биыл 30-шы мәрте атап өткелі отырмыз. Ресми жарияланған деректерге қарағанда, қазір біздің елде халық саны 20 миллион 500 мың адамнан асты, осының ішінде 124 ұлт пен ұлыстың өкілі бар. Саны көп ірі ұлттар ретінде қазақ, орыс, өзбек, украин, ұйғыр, неміс, татар, әзірбайжан, корей ұлттары аталады. Жалпы халықтың 71 […]
Кимешек – ұлттық болмыстың айнасы
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті ұлттың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан және ұлттық киім үлгілерінен айқын көрініс табады. Халқымыз үшін әрбір ұлттық бұйым мен киімнің өзіндік орны, терең мәні, тәрбиелік маңызы болған. Солардың ішіндегі ең қастерлі әрі ерекше киімдердің бірі – кимешек. Кимешек – қазақ әйелдерінің, әсіресе тұрмысқа шыққан аналардың киетін дәстүрлі бас киімі. […]







