Қоғам Шымкент

Тұрмысты бірге жақсартайық

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылғандай аймақтарда «Халық қатысатын бюджет» жобасын тиімді пайдалану, оны жүзеге асыруда тұрғындардың ой-пікірі, ұсыныс-тілегі қамтылуы керектігіне, назарға алынуы қажеттігіне басымдық берілген. Президент бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керектігін атап өткен-ді. «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 […]

Қоғам Шымкент

70 тоннадан астам зат жиналды

  Батыстағы су тасқыны бүкіл елді алаңдатып отырғаны белгілі. Төтенше жағдай орын алған аймаққа қолұшын беру, гуманитарлық көмек көрсету ісінде шымкенттіктер белсенді. Еңбек күші ретінде су басқан облыстарға жұмысқа аттанып жатқан азаматтар да аз емес. Зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Қала аумағында гуманитарлық көмек ресми түрде бірнеше орында жиналып жатыр. Қалалық Жастар ресурстық […]

Қоғам

 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНДІ

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сәуірдің 8-інен бастап мамырдың 11-іне дейін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтеді. Бұл жолы жалан ұранға жол жоқ. Әрбір тұрғын өз ауласы мен айнала төңірегіне жанашырлықпен қарап, көркейтуге, көріктендіруге үлес қосуы қажет. Осыны тұрғындарға насихаттау мақсатында кешегі аптада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзі бастап қала әкімдігіне […]

Қоғам

Шымкент: Емханаға тіркелудің тәртібі бақылауда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі барлық ықтимал қауіп-қатерді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесі кез келген күрделі жағдайға әрдайым дайын болуы үшін оған қолдау көрсету керектігін үнемі айтуда. Ауру-сырқаудың белгілерін бастапқы кезеңінде анықтау және тосын сын-қатерлерге дер кезінде назар аудару үшін әлеуетті арттыра беру қажет. Бұл орайда әрбір Қазақстан азаматының өзі тұратын аумақтағы емханаға тіркелуі, […]

Қоғам Шымкент

 Қазақ-қытай ынтымақтастығы – инвестиция негізі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кешегі аптада Қытай Халық Республикасының Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, өзара сауда-экономикалық байланыс, әлеуетті инвестициялық жобалар талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездескенде қазақ-қытай ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеруге тараптар бар […]

Қоғам

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!

      Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы  ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал […]

Қоғам

Гепатит жұқпалы ауру

Гепатит-бауырдың қабынуымен байланысты аурулар тобының жалпы атауы. Олар пайда болу сипатымен, ағымымен, асқынуларымен ерекшеленеді. Гепатиттер ауруды тудыратын вирусына байланысты А, В, С, Д және Е  болып бөлінеді. Әртүрлі вирустық гепатиттер бір аурудың  түрлері немесе кезеңдері емес, мүлдем басқа аурулар екенін түсіну маңызды. Әрбір гепатит өзінің қоздырғышынан туындайды, өзінің ағымы, әртүрлі берілу жолдары, емдеу және алдын-алу […]

Қоғам

Шымкентте кәріз желілерін жаңарту қажет пе?

Бұл сұраққа Оңтүстік (Чапаевка) шағынауданының тұрғындары нақты жауап бере алады. Өткен қыста бұл елдімекенде үлкен диаметрлі кәріз коллекторында бірнеше ірі апатты жағдай болды. Мұның бірден-бір себебі – тозығы жеткен желі, ол 1960 жылы салынған. Осы құбыр арқылы өнеркәсіп нысандарының шайынды суы ағады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бізге берген мәліметтеріне сүйенсек,  коллекторда апат болуы ықтимал деген болжам […]

Қоғам

8 Наурызда бірінші кімді құттықтайсыз?

Тосын сұрақ Халықаралық әйелдер мерекесін қыз-келіншектер айрықша күтетіні рас. Жыл айналып келетін мерекеде нәзікжандылар ерекше көңіл күйді, тосынсыйды қалайтыны бар. Олай болса, өз оқырмандарымыздың арасынан біз ер азаматтарға тосын сұрағымызды жолдадық. Сонымен, 8-наурызда ең алдымен кімді құттықтайсыз? Не сыйлайсыз? Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, Шымкент қаласындағы №41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі: «Алдымен екінші анам – енемді құттықтаймын» – […]

Қоғам

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қатысты талаптар

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Абай ауданының әкімдігімен  бірлесе, аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсететін арнайы мамандандырылған мердігер мекемелерінің қатысуымен кеңес отырысын өткізді. Жиында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын […]