Елімізде шілде айының алғашқы аптасында Ұлттық домбыра күні аталып өтетіні белгілі. Бұл әдемі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Ұлттық домбыра күні биыл Шымкентте жылдағыдан өзгеше етіп ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – қалалық мәдениет басқармасына қарасты Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы. «Бабамыздың жырысың, сен, домбыра!» атты мерекелік іс-шара қаланың «Нұрсәт» шағынауданындағы №40 – 48 үйлерді, яғни қатар тұрған 6 […]
Басты жаңалықтар
ҚАРАСУДА НЕГЕ СУ ЖОҚ?
ҚОЛДАН ЖАСАЛЫП ОТЫРҒАН ҚУАҢШЫЛЫҚҚА ХАЛЫҚ НАРАЗЫ БОЛЫП ШУ ШЫҒАРУДА Билік мұны естір емес. Неге? Редакциямызға Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылының тұрғындары хабарласты. Еккен егіндері шілденің аптап ыстығы кезінде қурап қала ма деп уайымдап отыр. Біраздан бері ауылға су келмеген екен. Мәселеге көз жеткізу үшін біз Қарасуға барып, тұрғындарын сөзге тарттық. Бұған Түркістан кінәлі […]
Айгүл ҚАПБАРОВА, ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «ЖУРНАЛИСТИКА – ӨМІРЛІК ПОЗИЦИЯ»
28-маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы атаулы датаға орай кезінде облыстық, қалалық ақпарат құралдарында басшылық қызметтер атқарған, Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиалына жетекшілік еткен, бүгінде Парламент Сенатының депутаты, жерлесіміз Айгүл Қапбарованы (суретте) сөзге тартқан едік. – Айгүл Жарылқасынқызы, сіз Сенат депутаты ретінде бүгінде мемлекеттік саясатта, көптеген бағыттағы жұмыстардың ортасында жүрсіз. Дегенмен кәсіби […]
«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ЖӘРДЕМГЕ ЖЕДЕЛ ЖЕТЕ МЕ?
Жаздың аптап ыстық күндерінде медициналық жедел жәрдем қызметінің жұмысы да еселене түскендей. Халқы тығыз қоныстанған Шымкентте дәрігерлер көмегіне жүгінетіндер де аз емес. Оларға «Жедел жәрдем» жедел жетіп жүр ме? Көмекке үлгеріп жатыр ма? Қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбековамен (суретте) болған сұхбатта біз осы және басқа да сұрақтарға жауап табуға тырыстық. Шақыртулар саны […]
ТЕРІ МЕН ЖҮННІҢ КИЕСІ ҰРЫП ЖҮРМЕСІН!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Бұл күндері құрбандыққа мыңдаған малдың шалынатыны мәлім. Осындайда санаға «сойылған осынша малдың терісі тағы да ысырап болады-ау» деген көңілсіз ойдың келетіні де рас. Өйткені бүгінде осыдан бірер жыл бұрынғыдай жалаңдап тері жинайтындар да, сойылған малдың терісін өткізетін жерлер де жоқ. «Сасытып-шіріткенше…» деп теріні өртеп жіберіп жатқандар бар. Өртемей […]
ҚҰРБАН АЙТТА НЕНІ БІЛГЕН АБЗАЛ?
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты арнайы брифинг өткізді. Ақпараттық коммуникациялар алаңында ұйымдастырылған жиынға қала имамының орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді мен Мұхамеджан Естеміров қатысып, діни мерекенің ерекшеліктері, жұрттың біліп жүргені дұрыс болатын жайлар жөнінде әңгімеледі. Айт намазы сағат таңғы 6-да оқылады «6-маусым – Құрбан айт мерекесі. 5-маусым – арапа күні. Арапа […]
Мемсатып алудың «Шымкентше варианты» бар ма?
Жоқ! Мемлкеттік сатып алу мәселесі десе бірден-ақ мұнда да «Шымкенттік вариант» деріңіз мүмкін. Алайда, мәселе сіз ойлағандай емес екен.Шымкенттің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифинг болып өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Колосков, Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы […]
«Жедел жәрдем» шұғыл көмекке дайын ба?
Мамыр айынан бастап елімізде медициналық жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі біршама өзгерді. Атап айтқанда, енді 4 санаттағы шақыртулар бойынша пациенттерге қызметті күндізгі сағат 08.00 – 20.00 аралығында олардың өздері тіркелген аумақтағы медициналық ұйымның мобильдік топтары көрсететін болды. Аталған тәртіп жедел жәрдемнің тиімділігін арттыру үшін, әсіресе үлкен қалалардағы жүктемені оңтайландырып, күту уақытын қысқарту мақсатында ендіріліп […]
Әлеуметтік желі шексіз мүмкіндік. Бірақ, шексіз еркіндік емес
–Айжан Өмірзаққызы, елімізде азаматтардың жеке өмiріне қолсұғуға, олардың дербес деректерін таратуға тиым салатын заң бар. Бірақ, әсіресе, әлеуметтік желіден байқап жүргеніміздей, аталған заң талаптары жиі бұзылады. Тіпті «Пәленше-парақор», «Түгенше-қылмыскер» дегенді сот үкімі шықпай жатып-ақ жариялап, жазып жататындар көп. Мұндай келеңсіздіктің кең етек жаюы дер кезінде жауапкершілікке тартылмауынан да шығар бәлкім… Сіз қалай ойлайсыз? –Жалпы, әлеуметтік […]
ОҢТҮСТІКПЕН МАҚТАНУДЫ, ШЫМҚАЛАНЫ ЖАҚСЫ КӨРУДІ ҮЙРЕТІП КЕТТІ
Ол халқымыздың жоғары моральдық деңгейін, имандылығын сақтау жолында қалам тербеп, қоғамда ата дәстүрден бұра тартқан қылықтарды әшкереледі. Жекелеген шымкеттікке тән кемшіліктерді де көре білді, сынап жазды, айтты да. Тұрмыста үйреншікті болып кеткен мінез-құлыққа, адамның ішкі мәдениетіне көңіл бөлетін. Мысалы, түрлі жиынға, іс-шараға, тіпті шақырылған жердің баршасына кешіккенді жаны сүймейтін. Сонда ол жерлестеріне мақтап отырып ескерту […]