Қазір шілденің нағыз ортаңғы кезі, күн ыстық. Осындайда теріні шектен тыс күйдіріп алудан сақ болған абзал. Әсіресе, бұл Оңтүстік өңір тұрғындарына қатысты. Өйткені, бұл маусымда күннің ультракүлгін сәулелерінің қуаты күшті болады. Біздің өңірде сағат 10.00 – 16.00 аралығында оның деңгейі өте жоғары. Мамандардың айтуынша, мұндайда әсіресе тері түсі ашық, аққұба, ақсары, шашы сарғыш немесе ақ […]
Автор: admin
Субсидия бермесе, шаруа қайтіп күн көрер?
Елімізде ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөлінеді. Ал, жазы ұзақ Түркістан аграрлы облыс саналады. Демек, елімізде қанша адам осы салада тер төгіп, нәпақасын тауып жүр деген сөз. Олардың өнімін тұтас ел азаматтары пайдаланып, экспортқа да жөнелтіледі. Қысы-жазы тыным таппайтын сол диқандардың бүгінгі жай-күйі қалай? Оларды не толғандырады, олар нені армандайды? Біздің міндет – осыларды естір […]
Экспорт көлемі көбейді
Түркістан облысында шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту – уақыт талабы. Өңір импортқа тәуелді болмауы керек. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. – Біз әлі күнге дейін шикізаттық тәуелділіктен толық арыла алмай отырмыз. Сондықтан импортты алмастыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажет. Шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту […]
Баланың тұсауын кімге кестіріп жүрсіз?
Бүгінде халқымыздың бабадан мұра боп жеткен өнегелі салт-дәстүрлерінің көбі өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауда. Көп адам олардың түпкі мәніне зер салмай, үйреншікті, жаттанды болғандарын кәдеге жаратып жүр. Осы жағы ойландырады. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін жүрген жерімізде, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде бұған қатысты танымдық деректерді жиірек айтып, жариялап тұрған дұрыс болар еді. Мысалы, қазіргі күндері халқымыздың […]
Ашық терезе ажал ошағына айналмасын
2024 жылы – 102, 2025 жылы 85 бала құлаған Қазір шілденің кезі, күн ыстық. Сондықтан үйді, әсіресе көпқабатты үй пәтерлерін салқындату үшін терезелерді ашып тастайтындар көп. Өкінішке қарай, осындай сәттері балаларға төнетін қауіпті ұмыт қалдыратынымыз бар. Ал оның соңы орны толмас өкінішке соқтыруы мүмкін. Терезе торына сенбеңіз Таяуда ғана, 4 шілде күні Қарағандыда екі жастағы […]
46 градус ыстық күтілуде
Бүгінде әлемнің көптеген елдерін ыстық «қуырып» тұр. Ал жазда климаты ыстық саналатын біздің өңірдің алдағы күн райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығының филиалынан төмендегідей болжамдар алдық. Бұл айда Оңтүстік өңірге ылғал түсуі қалыптағыдан төмен болады. Бірінші онкүндік аздап жаңбырлы болды. Енді жаңбыр үшінші онкүндіктің соңына қарай ғана жаумақ. Екінші онкүндікте және […]
ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ
Т үркістанда «Түркістан қаласы аумағындағы тұқымбақ» деп аталатын заманауи тұқымбақ салынды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жаңа тұқымбақтың жұмысымен танысып, оның өндірістік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымын жетілдіру және өңірді көгалдандыруға қажетті көшеттер мен гүлдердің санын көбейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. – Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жасыл алқапты көбейтуді тапсырды. Бізде барлық мүмкіндік бар. Осындай тұқымбақтарды […]
Түлкібаста туризммен қатар өндіріс те өркендеп келеді
Туризмді дамытуға қолайлы, табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданында отандық өндірісті, кәсіпкерлікті дамытуға да көп көңіл бөлініп отыр. Жуырда Асқар Естібаев басқаратын ауданда журналистер туры ұйымдастырылып, бірқатар кәсіпорындардың тыныс-тіршілігі таныстырылды. Журналистер тобын аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлмен мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбеков бастап жүрді. Ең алғаш табан тіреген Жабығылы ауылындағы құс етін өндіретін «Қарқын […]
Қыс шанаңды – жаз сайла…
Облыс мектептерінде жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде Білім ордаларындағы жазғы демалыс уақыты – мектептерді жөндеуге, жаңғыртуға қолайлы кезең. Оқушылардың жоқ кезін тиімді пайдаланып, ескіргенді жаңалап, жыртылғанды жамап алмаса, кейін мүмкін болмай қалады. Осыны орынды ескерген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен білім беру нысандарының құрылысы, мектептерді жаңғырту, жазғы жөндеу жұмыстары және саладағы өзекті мәселелерге арналған мәжіліс […]
Таңдауыңда жаңылыспа, жас түлек!
Б үгінде жазғы каникул кезі болғанымен биылғы мектеп түлектері сергек, олар болашақ оқу орындарын таңдауда. Енді бірер күнде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау да басталмақ. Грант саны біршама қысқартылған Жарияланған мәліметтерге қарағанда, алдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі қысқарған. Оның саны өткен жылғыдан 3800-дей аз, нақтысы — 89 457. Негізінен […]









