Әлеумет

Tаукент түрленіп келеді

Созақ Түркістан облысындағы донор ауданның бірі. Аймақта орналасқан кәсіпорындар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Олар тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, қазынаға миллиардтап салық құяды. Осының барлығын үйлестіріп отырған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жуырда Таукентке барып, кенттің әлеуметтік-экономикалық даму барысын бақылады. Алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жоспарларды көрді. Сапар барысында кент әкімі Елдос […]

Біле жүріңіз

БІРЛІГІМІЗ МЫҒЫМ БОЛСЫН!

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1-Мамыр мерекесін биыл 30-шы мәрте атап өткелі отырмыз. Ресми жарияланған деректерге қарағанда, қазір біздің елде халық саны 20 миллион 500 мың адамнан асты, осының ішінде 124 ұлт пен ұлыстың өкілі бар. Саны көп ірі ұлттар ретінде қазақ, орыс, өзбек, украин, ұйғыр, неміс, татар, әзірбайжан, корей ұлттары аталады. Жалпы халықтың 71 […]

Әлеумет

8 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкенттегі Көрме орталығында өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан да жұмыс берушілер келіп қатысты. Іс-шара кезінде барлығын қосқанда 8 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылып, таныстырылды. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті. Алғашында жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады […]

Мәдениет және өнер

Кимешек – ұлттық болмыстың айнасы

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті ұлттың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан және ұлттық киім үлгілерінен айқын көрініс табады. Халқымыз үшін әрбір ұлттық бұйым мен киімнің өзіндік орны, терең мәні, тәрбиелік маңызы болған. Солардың ішіндегі ең қастерлі әрі ерекше киімдердің бірі – кимешек. Кимешек – қазақ әйелдерінің, әсіресе тұрмысқа шыққан аналардың киетін дәстүрлі бас киімі. […]

Шымкент

АРДАГЕРГЕ — АҚШАЛАЙ ЖӘРДЕМ

Алдағы 7-мамыр – Отан қорғаушы күні, ал 9-мамырда Кеңес Одағы халықтарының неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыстағы Ұлы  Жеңісіне 81 жыл толады. Осыған орай қалыптасқан дәстүр бойынша ардагерлерге бір жолғы әлеуметтік көмекке деп ақша берілетіні белгілі. Биыл оның мөлшері қандай болады? Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан бұған қатысты мынадай мәліметтер алдық: «Шымкент қаласының әлеуметтік […]

Әлеумет

Зират. Зиярат. Шариғат

Жыл сайын сәуір-мамыр айларында жұртшылық мазараттарға барып, оны шөп-шаламнан арылтады, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізеді. Осындай кездері түрлі діни жоралғылар жөнінде айтылып та жатады. Олардың бірін білсек, бірін біле бермейтініміз рас. Осы орайда Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сәуірбаевпен (суретте) сұхбаттасып, жұрт есінде сақтап жүруі тиіс біраз жайлар жөнінде білдік. Зират басында суретқою күнә болады – […]

Біле жүріңіз

КҮН РАЙЫ ЖЫЛЫНА МА?

Республикалық ауа райын болжау орталығы сәуірдің соңғы күндеріндегі ауа құбылысы жөнінде болжамдарымен бөлісті. Бұл жөнінде «Zakon.kz» сайтында мынадай жайлар айтылады: Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде жауын-шашынды болады, жылбысқы қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жаууы, жел күшеюі мүмкін. Солтүстік, орталық облыстарда күн ашық, құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстікте 28-29 сәуірде, шығыста 29-30 сәуірде күн […]

Басты жаңалықтар

«ИБРАҺИМ КЕЛІСІМІ» ДЕГЕН НЕ?

Қазақстанға Израиль президенті Ицхак Герцог жұмыс сапарымен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Екі ел басшыларының арасындағы әңгіме негізінен экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынастарға қатысты өткенімен жұртшылық бүгінде «Ибраһим келісімдеріне» байланысты көбірек сараптап жатыр. Себебі Қазақстан өткен жылдың күзінде бұл халықаралық келісімге қосылатынын мәлімдеген еді. Оған қосыламыз деп емеурін танытып отырған басқа да елдер бар. «Ибраһим келісімдері» […]

Басты жаңалықтар

СӘРСЕНБАЙ АТА ПАРИЖГЕ ЖАЯУ ЖЕТТІ

Әлем жұртшылығына есімі жаяу жиһанкездігімен белгілі болған ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашов қария елді тағы да таңқалдырды. Биылғы наурыз айында жолға шыққан ол 1 ай 23 күнде Франция астанасы Париж қаласына дейін жетті, әйгілі Салтанат қақпасына кірді. Бұл жөнінде «TENGRI TRAVEL» хабарлады. Жиһанкезді Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күтіп алды, оған Біріккен Ұлттардың білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының […]

Шымкент

ШЫМКЕНТТІҢ 17 «БАУЫРЫ» БАР

Шымкенттің жылдан-жылға жасарып-жайнап келе жатқаны көңіл қуантады. Қаламыздың туристік тартымдылығы да артып, аты әлемге танылып келеді. Осы орайда Шымкенттің шетелдерде 17 «бауырласы» барын да біле жүрейік. Әр елдің қалалары ұлттар арасындағы өзара түсіністікті, мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасып тұру мақсатында өзара достық қарым-қатынас орнатады. Бұған байланысты «Бауырлас қалалар» деген халықаралық ұғым қалыптасқан. Біздің Шымкенттің әлемдегі […]