Күз келісімен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үйді-үйді аралап, жылыту пештерінің қыс маусымына дайындығын тексеруді бастайды. Әр үйдегі пештің мұржасын тазартып қоюға кеңес береді. Осы дағдысынан айнымаған Әл-Фараби ауданы ТЖБ қызметкерлері қазір жылыту маусымы аясында еріктілерімен бірлесіп, аудан аумағындағы жатақханаларда жүр. Тосын жағдай жиі орын алатын жатақханадағы тұрмыс белгілі. Тұрғындар көбіне ортақ мәселеге жеке дара […]
Автор: admin
Аулаңыз таза болса, қала да таза
Қыркүйектің үшінші аптасында жыл сайын Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) аталып өтіледі. Бұл күні қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындар ауласын, көшені тазаруға үлес қосады. Науқандық іс десек те, негізгі мақсаты – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша биыл қолға алынған […]
Балаларға насихат жүргізілуде
Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері білім беру мекемелерінде үнемі түсіндіру дәрістерін, ашық сабақтар, өрт қауіпсіздігі бойынша викториналар, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізіп отырады. Бала жастан бүлдіршіндердің қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау, оқыс жағдай бола қалғанда тез арада қандай әрекет істеу керектігіне машықтанып өскені абзал. Осындай мақсатпен өрт сөндірушілер жақында Шымкенттегі «Жанар» (№44) бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілерімен […]
Шымкенттік өрт сөндіруші – чемпион!
Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Марат Алипбаев Панкратион федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген ашық чемпионатта 1-ші орынды иеленіп, чемпион атанды. Спорт пен өрт сөндірушінің қызметі егіз ұғымдай. Физикалық тұрғыдан осындай мықты өрт сөндірушілеріміз адамның өмірі мен материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан құтқарудан алдына жан салмайды. Спортта да, қызметте де алдыңғы шепте […]
Заңсыз құрылысқа жол жоқ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала аумағындағы құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды бақылауда ұстап отыр. Жыл басынан бері 645 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама тіркелсе, оның ішінде 81-і бюджет қаражатымен, 564-і жеке қаржыландырумен жүзеге асқан. Басқарма басшысы Мерлан Керімжановтың айтуынша, осы кезге дейін құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне қатысты 781 өтініш қаралған. Оның 189-ы […]
Өзі білмеген адам, басқадан нені талап етеді?
Түркістан облыстық білім басқармасының басшысыз отырғанына жылға жуықтады. Бұрынғы әрекеті үшін күдікті болып танылған Ғалымжан Жұмашевтің қазір қайда екені белгісіз. Бәлкім ақталып қызметіне қайта оралар, ал ақталмай сотты болған жағдайда орнына біреу келер. Бірақ соған дейін қаншама уақыт өтеді? Түркістандықтар бұл қызметте оған дейін де, түрлі себептермен басшыға қарағанда міндетін атқарушылардың көп отырғанын ұмыта қоймаған […]
Мектеп салу — майшелпекке айналмауы тиіс
Оңтүстікте халық өсімі жоғары. Сондықтан мектеп тапшылығы өзектілігін жойған емес. Мемлекет басшысынан бастап облыс, аудан, қала әкімдерінің пәрменімен өңірде жыл сайын қаншама жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз. Әрине, шалғайдағы ауылдардың өзінде заманауи типтегі зәулім білім ошақтары пайдалануға беріліп жатқанын көргенде көңілді қуаныш сезімі кернейді. Аллаға шүкіршілік айтасың. Дегенмен, […]
Шымкентте тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды
Шымкент қаласында 16 қыркүйектен тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды.2024 жылдың 1 қазаны мен 2025 жылдың 30 сәуір аралығы – жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы. Осыған орай, тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 150000 доза «Гриппол+» вакцинасы (өндіруші Ресей) сатып алынды.Тұмауға қарсы халықтың […]
Масылдықтан арылғандар көбейіп келеді
Мемлекеттен атаулы көмек алатын отбасы мүшелерінің біртіндеп жұмыс тауып, өз күнкөрісін жасауға әрекеттенуі қуантады. Десе де бұл әлеуметтік сала мамандарының күшімен жүргізілген үгіт-насихаттық, нақты жобалар ұсыну арқылы жүзеге асатын ауқымды жұмыстардың нәтижесі. Мысалы, соңғы нәтже қорытындысында осындай отбасылардан 330 адам жұмыспен қамтылғаны белгілі болды. Жалпы, биыл жыл басынан бері қалада 8 227 отбасыдағы 42 866 […]
Шымкентке Үкімет басшысы келіп кетті
Нені көрді? Не тексерді? Қазақстан республикасының Премьер-Министр Олжас Бектенов Шымкентке жасаған іс-сапары барысында ең алдымен мегаполистегі инвесторлардың жайымен танысты. Жергілікті билік тарапынан оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулардың барысын саралады. Отандық кәсіпорындардың өнімімен танысып сапасына мән берді. Әрине, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында аймақта қолға алынуы қажет жобаларды, ел экономикасын дамытудың алғышарттары […]









