Мемлекет басшысының тапсырмасына сай еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтіп, игілікті істі шымкенттіертер әлі де жалғастыра түсетіні бұған дейін де газетімізде айтылған еді. Қаланы көркейту, көгалдандыру, саябақтар салу ісіне кәсіпкерлер де атсалысуда. Әрине мұның бәрі де қала әкімдігінің игі іске ұйыстыра білген бастамасының арқасында жүзеге асып отырғаны белгілі. Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті […]
Автор: admin
«ШЫНАЙЫ ЭКОНОМИКАМЕН ӨМІР СҮРЕЙІК»
Осылай деген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков салаға жауапты мамандардан проблемаларды баса көрсетуді талап етті. «Талдау барысында әсіресе күрделі мәселелерге көңіл бөлсеңіздер. Соны анықтап, шешудің жолдарын қарастырсақ. Мәселені шешуге күш салу керек» деді. Сала мамандары мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Нақтырақ айтсақ, Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының […]
ЖЫЛЫЖАЙДЫ ТҮРІКТЕР САЛАДЫ
Шымкентте ірі жылыжай кешені салынатын болды. Бұл қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен арадағы іскерлік келісімнің нәтижесінде жүзеге асатын жоба. «Бозарық» индустриялық аймағындағы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық бұл жобаның шымкенттіктер үшін тиімділігі көп. Қазірдің өзінде екі тарап жылыжайдың көлемін 500 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайту […]
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Қазақстанда электрондық үкімет құру идеясы Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы жыл сайынғы Жолдауында айтылды. Сол жылы оның негізгі кезеңдерін айқындайтын электрондық үкіметті қалыптастыру веб-портал «еgov.kz» бағдарламасы бекітілді. «Электрондық үкімет» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық рейтингтеріне де әсер еткен азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі негізгі құрал […]
Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың […]
Құтқарушылар сынға түсті
Бұған дейін де газетімізде айтқанымыздай, Шымкентте өрт-құтқару саласының мамандары арасында әбжілдік пен ептілік сынға түскен республикалық жарыс өтті. Республикалық кубокты сарапқа салған VII турнирдің жеңімпаздары салтанатты жағдайда марапатталды. Жарысқа 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары қатысты. 4 күнге созылған доданың дүлділдерін анықтау да оңайға соқпады. Кілең «сен тұр, мен атайын» сайыпқыран саңлақтар арасында сарапқа […]
Бойжеткенге жүзік тақты
Димаш үйлене ме? Әлеуметтік желіде осы сұрақ желдей есіп тұр. Әлемге қазақты танытып жүрген талант иесі Димаш Құдайбергеннің бір бойжеткенге жүзік тағып жатқан видеосы лезде-ақ тарап кетті. Бәрі де «Димаш қызына сөз салыпты…», «Димаш үйленгелі жатыр екен…» дескені аздай «Бұл қыз кім?» деп іздеу салғандар да аз болмауда. Сонымен, Димаш Құдайбергеннен видеода жүзік алған қыз […]
Құрбандық шалудың сауабы мол
Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылатын Құрбан айтта жер бетінде миллиардтаған мұсылман құрбандық шалып, мол сауап жинауға асығады. Исламдағы ең ұлық екі мерекенің бірі саналатын Құрбан айттың тарихы қандай? Осы сауал төңірегінде «Нұр.кз» сайтында жарияланған мәліметтерді бөліскенді жөн көрдік. «Құрбан» сөзі араб тілінен аударғанда «жақындық», «жақын болу» деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы […]
Жаңа туған нәрестеге төлқұжатты қалай алуға болады?
Маусым, шілде айлары — демалыс үшін ең қолайлы айлар және көптеген отбасылар балаларымен бірге саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен сапарға шығар алдында ескеретін бірнеше маңызды ақпарат бар. «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері саяхаттау үшін балаларға төлқұжатты ХҚКО арқылы қалай рәсімдеп, жылдам алуға болатыны жайлы айтып берді. Бала дүниеге келген сәттен бастап оған шетелдік төлқұжат […]
Мегаполистің даму көкжиегі кеңейе береді
Шымкентті еліміздегі ең көрікті, көгалы көп қала дәрежесіне жеткізу жолындағы жұмыстар қарқын алғанын тұрғындар сезіне бастаған. Саябақтар, көрікті гүлзарлар тұрғындардың еркін демалып, бір сәт бала-шағасымен серуен құруына, жанға жайлы сейіл жасауына ыңғайлы болуда. Десе де қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент тек жасыл қала ғана емес, әлеуметтік-экномикалық тұрғыдан да дамыған шаһарға айналуы керектігіне басымдық беруде. Содан […]









