Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Естуші Үкімет» бағдарламасы аясына әсіресе, аймақтарда халықтың талап-тілегіне дер кезінде құлақ асу әкімдердің күнделікті дағдысына айналып келеді. Өйткені, тұрғындар кез-келген тұрмыстық түйіткілді әлеуметтік желі арқылы болсын қала әкіміне жолдай алады. Оның үстіне қала басшысы да елмен етене болуды құмбыл көретіндей. Шағынаудандар мен қала іргесіндегі елді мекендерді жиі аралап жүр. Тұрғындармен […]
Автор: admin
Шымкентте 6 мыңнан астам жұптың некесі қиылды
Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.Мемлекеттік корпорация 10 айда 6 мыңға жуық неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 3 мың жаңа отбасы құрылды.Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап 25 мың азаматының тууы тіркелді.Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған […]
Оттан өрт шығады
Қазір айнала көгал болғанымен, табиғатта өрт қауіпі жоғары кезең. Әсіресе, көк майсаға аунап-қунап демалып қайтушылар қоршаған ортадағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай бермейді. Орылған, қураған шөптен тұтанған от дала өртіне ұласуы мүмкін. Әсіресе сөнбей қалған темекі тұқылы, тау бөкетеріндегі, дала алқабындағы достармен болған демалыста от жағып, шәй қайнату, кәуап пісірудің соңы өкінішті жағдайларға алып келетіні […]
«Таза өлкеден» «Мөлдір бұлаққа» дейін…
өнегесі мол акция болды Республикалық «Таза Қазақстан» акцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығына да шымкенттіктер өте белсенді қатысты. Мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтың өзі бас болып, қазыналы қарттармен бірге қала көшелерін тазартуға атсалысты. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сәуірдің 8-інен бастап мамырдың 11-іне дейін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Жалаң ұранға жол […]
Өрт сөндірушілердің ерлігі ұмытылмайды
Шымкентте қызмет бабында жүріп, ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш бар. Абай саябағындағы осы ескерткішке жыл сайын сала мамандары Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында арнайы келіп, қаза тапқан әріптестерін еске алады. Салаға жаңадан жұмысқа орналасқан жас мамандардың ант беру рәсімін өткізеді. Биыл да қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшылары мен мамандары кезінде […]
Пәтер сыйлады
Жеңіс мерекесі күні шымкенттік Төлепберген Мұраталы мен Нина Егоровна Мосунова ерекше сыйлыққа ие болды. Ардагерлерді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат табыстап, салтанатты жағдайда пәтер кілттерін тапсырды. Мұнан соң Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Жеңістің 79 жылдығына орай «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Қала басшысы ардагерлермен және тыл еңбеккерлерімен […]
ТЫРЫСҚАҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Тырысқақ – аса қауіпті карантиндік, жедел жұқпалы ауру!Тырысқақ ауруы организмде су-тұзды және белоктық алмасудың бұзылуымен, сусыздануымен, токсикозбен, гастрэнтерит белгілерінің өтуімен сипатталады. Тырысқақ вибрионы – ауру қоздырғышы суда, ашық су қоймаларында, тағамда бірнеше айға дейін сақталады.Тырысқақ ауруының ерекшелігі, ауа райы ыстық елдерде: Үндістан, Сауд Арабиясы, Сирия, Туркия, Монғолия және т.б. көптеген елдерде кездеседі.Шымкент қаласында тырысқақ ауруы […]
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етіп, қоғам дертіне қарсы тұру — әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік […]
Кене шағып алмасын!
Көктем мезгілі қауіпті дерттен сақ болыңыз! Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. КҚГҚ ауруының инкубациялық кезеңі ауру қоздырғышын жұқтырғаннан – аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім 1-14 күнге дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзақтығы […]
Шымкентте кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады.Аурудың алдын алу үшін қалада жыл сайын елді мекендердің айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын кенеге қарсы өңдеу, сондай-ақ жануарларды, мал қораларын және буферлік аймақтарды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Қалада дезинфекция орталығы мен ветеринарлық қызмет тарапынан көктемгі дезинфекциялау іс-шаралары жалғасуда.Осы орайда омарташыларға елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жүргізілу кезінде […]








