Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиынға қатысқан қаладағы 5 аудан әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстарын баяндады. Бүгінде әр ауданда дала өрттері туындаған жағдайда күш пен құралдарды жұмылдыру және тұрғындарды хабардар ету сызбасы дайындалып, алдын алу және жою бойынша мобильдік топ құрылған. Жауаптылар тілсіз жауды болдырмау мақсатында профилактикалық […]
Автор: admin
Көлік құралдарын тіркеуде өзгеріс бар
Шымкентте көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді.2024 жылғы 23 сәуірден бастап қаламыздағы мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін […]
«КИЕЛІ МЕКЕНДЕР» ТАЗАРТЫЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аймақтарда өз жалғасын тапты. Шымкенттіктер бұл апталықта қоршаған ортаның табиғаты мен киелі жерлердің тазалығына мән берді. Тарихы терең Шымқалада киелі орындар көп-ақ. Олардың айналасын күл-қоқыстан тазалап, туристердің келуіне жағдай туғызу үшін бұл апталықта белсенділік танытқандар аз болмады. Жалпы, қала бойынша […]
Тұрмысты бірге жақсартайық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылғандай аймақтарда «Халық қатысатын бюджет» жобасын тиімді пайдалану, оны жүзеге асыруда тұрғындардың ой-пікірі, ұсыныс-тілегі қамтылуы керектігіне, назарға алынуы қажеттігіне басымдық берілген. Президент бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керектігін атап өткен-ді. «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 […]
70 тоннадан астам зат жиналды
Батыстағы су тасқыны бүкіл елді алаңдатып отырғаны белгілі. Төтенше жағдай орын алған аймаққа қолұшын беру, гуманитарлық көмек көрсету ісінде шымкенттіктер белсенді. Еңбек күші ретінде су басқан облыстарға жұмысқа аттанып жатқан азаматтар да аз емес. Зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Қала аумағында гуманитарлық көмек ресми түрде бірнеше орында жиналып жатыр. Қалалық Жастар ресурстық […]
Түркістан: Мектептен береке кетіп, мұғалімнің беделі қалмады
немесе шындық деп шырылдаған ұстаздың үнін еститін адам бар ма? Соңғы кездері Түркістан облысының білім саласында былықтар тым көбейіп кетті. Мектеп директорлары парамен ұсталғаны былай тұрсын, білім бөлімінің басшылары да құрыққа іліне бастады. Ұстаздың басшымен соттасуына ел үйренді, мұғалім мен мұғалім мектепте жаға жыртысып, сабақ өтудің орнынан бірін-бірі сотқа сүйрелеп жүр. Содан балалар білімсіз, қатыгез […]
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сәуірдің 8-інен бастап мамырдың 11-іне дейін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтеді. Бұл жолы жалан ұранға жол жоқ. Әрбір тұрғын өз ауласы мен айнала төңірегіне жанашырлықпен қарап, көркейтуге, көріктендіруге үлес қосуы қажет. Осыны тұрғындарға насихаттау мақсатында кешегі аптада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзі бастап қала әкімдігіне […]
Мемлекетке қайтарылуы керек
Алла берген жер асты байлықтары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Ең сорақысы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін маңызды саналатын нысандар да шетелдіктердің қолына өтуде. Ірі зауыттарды былай қойғанда темір жол вокзалдары, әуежайлар, порттар өзгенің еншісінде кеткен. Петропавлдағы темір жол вокзалы ресейліктерге тиесілі, Алматыдағы әуежай түріктерге сатылды деген ақпарат шарлап жүр. Мұндай мысалдар аз емес. Сәуір […]
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында кездеседі. Аурудың […]
Оқушылар мен 70-тен асқандар тегін жүреді
Олар ғана емес, тағы біраз азаматтар автобуста тегін жүруге құқылы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғындарға деген әлеуметтік қамқорлық, жайлы орта қалыптастыру, халықтың әлсіз тобына жататын азаматтарды қолдау, көмектесу шарасы аясында Шымкент қаласының әкімі арнайы шешім шығарып отыр. Енді мамырдың 1-інен бастап бірқатар азаматтар автобуста тегін жүретін болды. Бұған дейін Шымкентте қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы […]









