Әлеумет Басты жаңалықтар

Шұбарсу – шырайлы мекен

Tүркістан облысының кіндігі іспеттес, үшінші мегаполис – Шымкент қаласымен іргелес орналасқан Ордабасы ауданында көптеген өндіріс орындары, кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауылшаруашылық саласында да айтулы жетістіктерге қол жеткізілуде. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсімінің жоғары болуы себепті тұрғын үй саласы да қарқынды даму жолында. Инвестор тартуға да қолайлы, көлік-логистика саласы жолға қойылған. Шұбарсу — осындай мүмкіндігі мол ауданның ең ірі […]

Басты жаңалықтар Өмірдің өзі

Туған бауырлардың арасына да бақай есеп кіргені ме?

Бүгінгі қазақ қоғамы тамырына құрт түскендей күйде. Ол «құрттың» аты — тәкаппарлық, пайдакүнемдік және суық есеп. Ғасырлар бойы «Ағайын елің – айнаң», «Үлкенге құрмет — кішіге ізет» деп өскен ұлттың бүгінгі сиқын көріп, шошынасың. Заман нарыққа көшті деп санамызды да саудаға салып жібердік. Туыстық қарым-қатынас, бауырға деген мейірім қазір банктегі есеп-шот пен лауазымды «креслоның» көлемімен […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Абайлаңыз, арандатушы…

Оларға қатаң шара көру керек Kейінгі кездері әлеуметтік желі арқылы ұлт араздығын қоздыратын түрлі жағымсыз материалдар жиі жарияланатын болып жүр. Кейбіреулер мұны жоспарлы түрде, ал енді бірі өзгенің сөзіне еріп жасайтын сияқты. «Жаудың басына шарап құйып ішкенбіз»… Мысалы, өткен аптада Астанадағы жоғары оқу орнында бір бағдарлама бойынша оқып жүрген қырғыздың екі қызының «Ютюб»-тағы бір арна […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Өрмекші – ең осал үйдің иесі

Үйі бардың – күйі бар. Үй – адамның баспанасы, қорғанышы, оны табиғаттың түрлі құбылыстарынан қорғайды, оған сенімділік береді. Ол – туыс адамдардың береке-бірлігінің көзі, адамзаттың бүкіл іс-әрекетінің тірегі. Еркегін жеп, анасын өлтіреді… Ал үйдің осалы бола ма? Болады екен. Ол жөнінде қасиетті Құран-Кәрімнің «Анкәбут» сүресінің 41-ші аятында былай деп айтылыпты: «Алладан өзгені дос тұтқандар ұя […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Кеше әнші Төреғали, бүгін ақын Мақсат, ертең…

Сахнаны қорлау сәнге айналып бара ма? «Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат». Ақиқатты бәрінен де жоғары қойған Аристотель Платонның шәкірті болса да оның кейбір философиялық көзқарастарымен келіспей, өз ұстанымын осылай ашық айтқан. Аристотельдің шыншылдығы мен батылдығы бүгін де қай қоғамда, қай салада болсын аса қажет қасиет. Өйткені, ақиқат айтылмай, астамшылыққа ауыздық, жалғанға тоқтам жоқ. […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Зейнетақы жарналарына қатысты өзгерісті қалай пайдалануға болады?

Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді кімдер пайдалана алады? Беру үрдісі қалай жүзеге асырылады? Осы сауалдар жайында түсінік бере кеткенді жөн көрдік. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100 пайызға дейін кеңейді. Мұны […]

Әлеумет

Қауіпті болдырмауға қазірден қамданыңыз!

Күз келіп, күн салқындай бастаған сайын жылыту маусымына дайындық мәселесі де өзекті бола түседі. Жылы үй – әр отбасы үшін жайлылықтың белгісі. Алайда жылу беру кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау өртке, улы түтін мен көмірқышқыл газынан улануға және басқа да төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Сауран ауданының тұрғындарын жылыту маусымына жауапкершілікпен қарап, қажетті сақтық […]

Басты жаңалықтар Қоғам

Дроныңыз сай болса…

Бүгінде әскери дрондар соғыс қимылдары жүріп жатқан елдерде көп мәселені шешуде. Олар барлау жасайды, күзетеді, нысананы көрсетеді, соққыны бағыттайды, тікелей соққы да береді. Олардың көзге елеусіз көрінетін титімдейі де, ұшаққа ұқсас үлкендері де бар. Мысалы, АҚШ-тың «Wasp» барлаушы дронының ұзындығы 33 сантиметр болса, салмағы бар-жоғы 200 грамм ғана тартады. Ұшақтасығыш кемелерге арналған «GAAS Avenger» дроны […]

Оқшау ой

«Арыстанды» атауының сыры неде?

Кешегі аптада Бәйдібек ауданындағы Шақпақ ауылында болып, жергілікті жұрт «Ақылтөбе» деп атайтын төбеге шықтық. Жер-су аттарына мән беріп қарайтыным бар, жұрттан төбенің аты неге бұлай екенін сұрадым. «Биіктеу жер болған соң малдың алдынан шыққан, басқа да себеппен жолы түскен адамдар «бас қосып ақылдасатын төбе» деп жүріп «Ақылтөбе» атанып кеткен» деген жауап естідім. Ойды ой қозғайды. […]

Басты жаңалықтар Білім, ғылым

Адам баласы сөйлеуді қалай үйренген?

Шотландияның Сент-Эндрюс университеті мен АҚШ-тың Дартмут колледжінің ғалымдары бір қызық гипотеза жариялады. Лондоннан шығатын «Просидженз оф зе Ройяль сосайети» («Proceedings of the Royal Sosiety») ғылыми журналында жарияланған тұжырым адамды қызық ойларға жетелейді. Біз қазір сөйлемейтін адамды көзге елестете алмаймыз. Қоршаған ортамен қарым-қатынастағы әрекеттер үшін бізге сөйлеу міндетті түрде керек. Күн сайын түрлі ақпараттар аламыз, сөйлесеміз, […]