Масқара-ай! «Шпор» қолдану кейбір талапкер, студенттер, оқушыларға ғана тән емес екен. Өз білімі мен біліктілігіне сенімді емес ұстаздар арасында да жасырынып «көмекш» құралды қолданатындар көп екені анықталып отыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өзінің инстограм парақшасында жария етті. Оның айтуынша педагогтердің білімін бағалау тест-сынағында бірқатар заң бұзушылықтар орын алған. Дәлел ретінде ол […]
Author: admin
Президент Сарыағаштағы қылмысқа қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту керектігін айтты
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді» деп қабарлайды Aqorda.kz Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды. Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян […]
Инвесторлар игілігі
Ел экономикасын дамытуда басты рөл атқаратын инвестициялық саясатта сананы жаңғырту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қарастырылуда. Мемлекет абсшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керектігін айтқан-ды. «Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды […]
Кездесуде айтылған мәселелер кезегімен шешілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге аса бастаған «Естуші Үкімет» жобасының шарапаты қарапайым халыққа тиіп-ақ жатыр. Әсіресе, Шымкентте ай сайын қала әкімі тұрғындарды арнайы қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдап, шешуге болатын түйткілдерді егжей-тегжейлі таразылап отыру дәстүрге айналды. Кешегі аптада қаладағы «Көрме» орталығында тағы да азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтіп, өтініш білдіруші тұрғындар мәселесі тыңдалды. Тұрғындарды толғандырған мәселелердің […]
АЛАҢША АРТЫП КЕЛЕДІ
Мегаполистің Абай ауданына қарасты Алдоңғаров шаруашылығында 200 ірі қара мал мен 50 жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызға жуығы аяқталған. Кешегі аптада қала әкімі Мұрат Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен кездесті. Кәсіпкерге ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірген қала басшысы алдағы уақытта бордақылау […]
Мемлекеттен субсидия алып беремін…
Шымкентте көкөніс сатып күнөлтіп жүрген азамат таныстарын дәл осылай алдаған. «Мемлекеттен субсидия алып беремін» деп талайды сазға отырғызған оны полиция құрықтады. Шымкент қаласының полиция департаментіне арызданған әйел алаяқтын құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің айғақтарына сүйенген полицияның мәлімдеуінше алаяқ өз таныстары арқылы мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмектесетініне сендірген. Бизнес идеяларын жүзеге асыруға қаражат ұтып алу үшін арызданушы […]
Қаратау мектебі кино түсіріп жүр…
Иә, ашылғанына көп бола қоймаған Қаратау дәстүрлі өнер мектебі енді ата-аналар мен балаларға ой саларлық кино түсіру ісін де қолға алып отыр. Нәтижесі жаман емес. Алғашқы кинотуынды ютуб каналда ғана көрсетілсе, екінші фильм көрерменге кинотеатрда ұсынылды. Өнер мектебінің жанынан құрылған «Qaratau films» балалар киностудиясының ашылғанына төрт-ақ ай болған. Ал студияның көпшілікке ұсынған «Нағыз жеңімпаз» атты […]
Туберкулез әлемде ең көп таралған ауру
Біздің медицина алдын алу, науқастарды ерте анықтау және тиімді емдеу құралдарымен қаруланған. Егер туберкулезге тән белгілер пайда болса және уақтылы емделсе, туберкулезді жұқтырудан және оның асқынуларынан аулақ болуға болады. Инфекцияның негізгі көзі – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол сыртқы ортаға жөтелгенде және түшкіргенде қақырықпен бірге туберкулез таяқшаларын шығарады. Ауырған кезде 2 аптадан астам жөтел, […]
Шымкентте мәселе шешу оңай
Себебі тұрғындар көкейтесті сұрағын 109 бірыңғай нөміріне хабарлап айтуды әдетке айналдырған. Сенімдісі осы. Ал бұл нөмір – Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық орталығына тиесілі. Қабылданған барлық арыз-шағым, өтініш, талап-тілектер тиісті сала мамандарына дер кезінде жеткізіліп, мәселенің оңтайлы шешілуіне негіз болуда. Жалпы бұл қызмет түрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» […]
Жаңа жобалар жүзеге асатын күн алыс емес
Шымкентте 524,7 миллиард теңгеге 143 жобаның тиімділігі зерделеніп, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобалар да жетерлік. Мысалы, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған сусындар зауыты да бар. Бұл түркиялық инвесторлардың бастамасымен жүзеге асатын кәсіпорын. Ал инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау, темірбетон бұйымдарын өндіру, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы […]