Облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен Астанада кеңейтілген отырыс өтті. Сол жиында министр білім саласының бірқатар қызметкерлерін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Олардың қатарында әріптесіміз, бүгінде Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып отырған Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы бар. 36 жыл педагогика саласына аянбай еңбек етіп келген Жанат Тұяқбайқызы Шардара […]
Uncategorized
Шәуілдірге газ келгенге қуанып едік…
Мен Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында тұрамын. Өткен жылы ауылымызға газ келіп, бәрімізді қуантып тастады. От жағып, күл шығарудан құтылдық. Алайда, қуанышпен бірге уайым да жанымызға серік болды. Неге дейсіз ғой? Бүгінде ауылымызда газ төлемі үшін келген түбіртекті қолына алып, таңқалып жүргендер көп. Солардың бірі менмін. Ай сайын әртүрлі сома көрсетілген қағаз келеді. Тіпті бір […]
ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласындағы жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дегі Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы кітапхананың жұмысымен танысты. Қадірлі қонақтарға кітапхана жұмысы жайлы университеттің проректоры Баршагүл Исабек кеңінен мәлімет айтып, таныстырды. Шығыстанушы ғалым, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының 2000-2013 жылдардағы төрағасы — бас муфти болған, марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлі – осы университеттің 1969 […]
КЛУБ МҮШЕЛЕРІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті.Жиында клубтың жаңа құрамы таныстырылып, ҚХА-ның 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарындағы бастамаларға ақпараттық қолдау көрсету жайы сөз болды.Клуб төрағасы Әбдез Иманқұлов ашып, жүргізген жиында «Шұғыла» газетінің бас редакторы Базаркүл Қалбыр, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директорының кеңесшісі Бақтияр Тайжан, […]
Аты бар да заты жоқ аудан
Сайрам ауылын Сайрам ауданына қайта қосу керек пе? Бірден айтайық, бұл сауалды ел мен жердің жанашыры, халықтың аманатын арқалаған азаматтар деген үмітпен алдымен Сайрам ауданынан сайланған облыстық мәслихаттағы депутаттар Сұлтан Көшенов пен Бекжан Айтқұловқа да қойдық. Алайда бұл азаматтар сұрағымызға жауап бермеді. Халық қызметшісіндегі аудандық әкімдіктің атқамінерлеріне де көлденең тарттық. «Тұрғындар тарапынан нақты ұсыныс түскен […]
Өртке жол бермеу өз қолымызда
Тұрғын үйлерде өрттің шығуы мен үй мүліктерін жалын шарпуы азаматтардың ұқыпсыздығынан орын алады. Егер де әрбір тұрғын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, оның орындалуын бақылап, жауапкершіліктерін арттырып, жұмысты ширата түссек, тілсіз жаудың алдын алуға болар едік. Өкінішке орай, өрт қауіпсіздігі ережелері барлық жерде қатаң сақтала бермейді. Соның салдарынан жыл сайын тұрғын үй […]
Бақыт та, байлық та – жерде
Әдетте, кездесіп пікірлескен адамың өрелі ой айтса, көңіл көкжиегін кеңітсе, жүзің жадырап, жан сарайың шалқып қалады. Бексейіт Нәбиұлымен жүздесу, ол кісінің қызықты өмірі жайлы әңгіме тыңдау маған осындай бір әдемі әсер қалдырды. Адам баласының өмірдегі жарқын жолы, басқан ізі, өз ойынан шығатындай, өзін қоршаған адамдарға да шуағын құятындай болса, халқына адал еңбегімен елеулі болса – […]
Сіз қонақ таңдайсыз ба?
Тосын сұрақ Жасыратыны жоқ, заман ағысына қарай бейімделіп, өзгеріп жатқан әдет, әдеп-ғұрып, жөн-жоралғылар баршылық. «Салтымызда жоқ еді…» дейміз де жаттан талай жоралғыны жанымызға жақын етіп аламыз. Десе де қазақтың пейілінен қонақжайлылық арылмасы анық. Қонағына құшағын айқара ашатын халықтың тіпті танымайтын адамды Құдайы қонақ етіп жіберетіні содан. Қонаққа шақыру, қонаққа барудың қазақ үшін өз әдебі қалыптасқан. […]
Польшадан келіп жатыр…
Шымкент қаласынан кәсіпкерлік нысандарын ашу, бизнес жобаларға инвестор болу ісіне қызығушылық танытушы шетелдіктер көп-ақ. Соның бірі жуырда Польшадан ат терлетіп келді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Fabe Polska» поляк компаниясының басшылығын қабылдап, арнайы келіссөздер жүргізді. Инвестор Шымкентте аумағы 150 гектарды құрайтын жоғары технологиялы жылыжай салуды көздейді. Бұл туралы меморандумға да қол қойылды. Ауқымды […]
Гүлзарлар күзде де ашылады
Иә, көркейту, көріктендіру ісі Шымкентте қоңыр күзде де жалғасын таба береді. Күні шуақты қалада әсем гүлзар салу, саялы бақ орнату ісіне кедергі аз. Есесіне, елдің игілігі үшін пайдалануға берілген саябақтарды аралауға асық тұрғындар қарасы қалың. Кешегі аптада ашылған С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзарға да айнала төңіректегі тұрғындар көп жиналды. Серуендеу орнында ескі […]