Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен республикалық бизнес-ханымдар қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Палатаның өкілдері «Атамекен» ӨКП мен Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көрсетілетін қызметтер, бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік қолдаулар туралы әңгімелеп берді. «Кәсіпкерлер палатасында қаламыздағы қыз-келіншектердің қажеттіліктеріне байланысты оқу курстары қолға алынған. Осы курстарда жыл соңына дейін жүзден астам қыз-келіншекті қамту […]
Шымкент
Тұрмыстық түйіткілдердің түйіні тарқауда
Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру, қолайлы өмір сүру салтын дамытуда Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына қойған міндеттемелері аз емес. Әсіресе, халқы тығыз қоныстанған мегаполис қалалар көш басында, өзгелерге үлгі көрсетуі қажет. Ал, елімізде үшінші мегаполис қала атанған Шымкентте бұл міндеттің үдесінен шығу үрдісі қалыптасқан. Алдымен қала әкімі жеке қабылдауына келген тұрғындардың талап-тілектерін сараптай келе, қай аймақта қандай […]
Ауыз су көлемін арттыру қажет
Шымкент қаласында халық саны артып, мегаполистің көлемі ұлғайып келеді. Бұл ауыз суға деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС осы күрделі мәселе бойынша ауқымды жұмыстар істеуде. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарының мәліметі бойынша, 2023 жылдың жазында бір тәулікте 250 мың текше метрден астам көлемде ауыз су тұтынылған. Бағалы ресурстың негізгі бөлігі Ақбай-Қарасу су қабылдағышында (тәулігіне 150 […]
Жаңа аппарат алынды
Шымкенттегі диагностикалық орталықтың зертханасында жаңа талдау жасауға ыңғайлы аппарат іске қосылды. Орталықтағы зертхана халықаралық стандарт жүйесі бойынша жұмыс істейтін, CML медициналық зертханалардың сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейтін ISO 15189-2015 халықаралық стандарты бойынша аккредиттелген. Орталықта 350-ден астам зертханалық талдаулар жүргізіледі. – Қазіргі таңда аутоиммундық аурулар көбейіп барады. Сондықтан да оны диагностикалауға арналған анализатор аппаратын алдық. […]
САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкенттегі Бозарық саяжайы елді мекенінде тұратындарды көптен бері интернетке қатысты мәселе толғандырып келген-ді. Енді, міне, еліміздің басты мерекесі — Республика күні қарсаңында аталмыш аймақ тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Саяжай аумағындағы 74 көшеге талшықты оптика желісі жүргізілді. Бұл аумақта 2 мыңнан астам тұрғын үй бар. Өтініш білдірген 300-ге жуық үй интернет желісіне қосылды. Қалған тұрғындардан да […]
КӘСІПКЕРЛІК КУРСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ ФАБРИКАҒА ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы «Тігін өндірісі» курсын бастады. Бұл жоба «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» құралы аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта курсқа қатысушыларды Art School тігім мектебінің басшылығы Шымкенттегі үй текстилін тігетін ірі фабриканың бірі – AGF Group кәсіпорнына алып барды. – Мұндағы мақсатымыз – бастауыш кәсіпкерлер мен болашақ […]
КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында білім беру саласы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдардың басшылары, құзырлы орган жетекшілері мен тиісті басқарма мамандары, полиция және төтенше жағдай департаментінің өкілдері қатысты. Білім беру саласы кеңесінің төрағасы Мақсат Абдукаримовтың модераторлығымен өткен жиында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында турникет орнату мен бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына […]
Жапырақты не істейміз?
Мен табиғатты қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлетін адаммын. Айналаны ластамау, лажы болғанынша көгертіп, көктетуге үлес қосқанды қалайтындықтан бала-шағама да ағаш егіп, гүл өсіріп, ауланы көгалдандырып отыруды насихат етіп жүремін. Айтайын дегенім, күз келіп, ауладағы ағаштардың жапырағы сарғайып, түсе бастады. Сарғайған шөпті де орып, бау-бақшаны реттейтін кезең. Бірақ, сол жапырақты не істеу керегін білмей жылда дал […]
Қоғам тынысын ашық диалог айқындайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтан үлкен емес екенімізді ұмытпаңыздар», – деп мемлекеттік қызметтегі азаматтарға қарата айтқан ескертпесі мен «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» жобасының талаптарын жүзеге асыруда шымкенттік шенеуніктер өзгелерге үлгі боларлықтай. Бұл, әсіресе, мегаполистегі аудан әкімдерінің ел алдындағы есеп беру жиындарында айқын аңғарылып жүр. Есеп беру жиынына келген көпшілік көкейдегі сұрақтарын қойып, өздері тұратын […]
«Мектеп керек!»
Абай ауданының тұрғыны М.Төлегенова Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде осылай деп мәселе көтерді. Тұрғынның талап-тілегін ескерусіз қалдырмаған қала басшысы есептік кездесуден кейін айтылған аумаққа – «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Қала басшысына тұрғындардың өтінішін жеткізген М. Төлегенованың айтуынша жыл сайын халық саны артып келе жатқан елдімекенде […]