Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу, соның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтау талаптарына сала мамандарының қаншалықты дайын екендігін тексерген «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болып өтті. Жаттығу аясында «Жасыл белдеу» базасында өртті сөндіруге қатысты тактикалық әдістер көрсетілді. Күнделікті тұрмыстық жағдайлардан көріп жүргеніміздей, жазғы және күзгі кезеңдерде өрт оқиғасының орын алуы өте жиі кездеседі. Себебі шөп орым, егін оруда […]
Шымкент
Оттан өрт шығады
Қазір айнала көгал болғанымен, табиғатта өрт қауіпі жоғары кезең. Әсіресе, көк майсаға аунап-қунап демалып қайтушылар қоршаған ортадағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай бермейді. Орылған, қураған шөптен тұтанған от дала өртіне ұласуы мүмкін. Әсіресе сөнбей қалған темекі тұқылы, тау бөкетеріндегі, дала алқабындағы достармен болған демалыста от жағып, шәй қайнату, кәуап пісірудің соңы өкінішті жағдайларға алып келетіні […]
«Таза өлкеден» «Мөлдір бұлаққа» дейін…
өнегесі мол акция болды Республикалық «Таза Қазақстан» акцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығына да шымкенттіктер өте белсенді қатысты. Мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтың өзі бас болып, қазыналы қарттармен бірге қала көшелерін тазартуға атсалысты. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сәуірдің 8-інен бастап мамырдың 11-іне дейін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Жалаң ұранға жол […]
Өрт сөндірушілердің ерлігі ұмытылмайды
Шымкентте қызмет бабында жүріп, ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш бар. Абай саябағындағы осы ескерткішке жыл сайын сала мамандары Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында арнайы келіп, қаза тапқан әріптестерін еске алады. Салаға жаңадан жұмысқа орналасқан жас мамандардың ант беру рәсімін өткізеді. Биыл да қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшылары мен мамандары кезінде […]
СУ БАСҚАН ӨҢІРЛЕРГЕ ШЫМКЕНТТЕН КӨМЕК ТОҚТАҒАН ЖОҚ
Өзіміздегі жағдай да бақылауда Шымкенттен Батыс өңірлердегі су басқан аймақтарға қайырымдылық көмегі ұдайы берілуде. Шымкент қаласынан төтенше жағдай жарияланған облыстарға қол күшін беретін қарапайым жұмысшылар мен еріктілер ғана емес жалпы саны 200-ден астам техника да жөнелтілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков техникалардың жүк пойыздарына дұрыс тиелуі мен жөнелту жұмыстарын өзі қадағалап отырды. Қала әкімдігіне қарасты басқармалар […]
Қысқа қайырғанда…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдері кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру үшін меморандумға қол қойды. Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ххх Қала әкімі […]
Тұрмысты бірге жақсартайық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылғандай аймақтарда «Халық қатысатын бюджет» жобасын тиімді пайдалану, оны жүзеге асыруда тұрғындардың ой-пікірі, ұсыныс-тілегі қамтылуы керектігіне, назарға алынуы қажеттігіне басымдық берілген. Президент бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керектігін атап өткен-ді. «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 […]
70 тоннадан астам зат жиналды
Батыстағы су тасқыны бүкіл елді алаңдатып отырғаны белгілі. Төтенше жағдай орын алған аймаққа қолұшын беру, гуманитарлық көмек көрсету ісінде шымкенттіктер белсенді. Еңбек күші ретінде су басқан облыстарға жұмысқа аттанып жатқан азаматтар да аз емес. Зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Қала аумағында гуманитарлық көмек ресми түрде бірнеше орында жиналып жатыр. Қалалық Жастар ресурстық […]
Оқушылар мен 70-тен асқандар тегін жүреді
Олар ғана емес, тағы біраз азаматтар автобуста тегін жүруге құқылы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғындарға деген әлеуметтік қамқорлық, жайлы орта қалыптастыру, халықтың әлсіз тобына жататын азаматтарды қолдау, көмектесу шарасы аясында Шымкент қаласының әкімі арнайы шешім шығарып отыр. Енді мамырдың 1-інен бастап бірқатар азаматтар автобуста тегін жүретін болды. Бұған дейін Шымкентте қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы […]
Бағаны тұрақтандыруға күш салынуда
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында өткен аптада аймақтық форум өтті. Онда халықты ерте пісетін көкөністермен қамту мәселесі қаралды. Форумға ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы А.Әбілдабеков, Ауылшаруашылығы министрлігінің департамент директорының орынбасары Ш.Ахметов және QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы өкілдері мен салалық басқармалар қызметкерлері, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен сауда желілерінің өкілдері қатысты. Ашық […]









