Мәселе

Пиротехникадан қауіп көп

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехникалық өнімдерге сұраныс күрт артатыны белгілі.  Бұл күндері сауда сөрелерінде  жии кездестіретін өнімдер: зымырандар, отшашулар, отшашулар, шамдар, жарқылдар. Тұрмыстық қолдануға арналған пиротехникалық өнімдер    олар халыққа еркін сатылады, оларды өңдеу арнайы білім мен дағдыларды қажет етпейді.  Айналымға шығарылатын тұрмыстық пиротехникалық бұйымдар міндетті сертификатталған болуы тиіс. Пиротехникалық бұйымдардың сауда объектісінде мыналар […]

Мәселе

СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сенімгерлік басқаруға берілген медициналық ұйымдарда болып, олардың халыққа көрсетіп отырған қызметтерін тексерді. Мысалы, 2021 жылы «АУХАЛ» ЖШС-нің сенімгерлігіне өткен қалалық №2 емхананың материалдық жабдықталуында әлі де болса өзекті мәселелер бар.  Екі блоктан тұратын емханада ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазір 400-ге жуық адам жұмыс iстейдi, оның ішінде 108-і […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Келесте директор мен мұғалімнің теке-тіресі сотқа дейін жетті

          Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Жалған диплом жарға жығады» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Шардара ауданындағы «Жаушықұм» және Келес ауданындағы «1 мамыр» мектептерінің директоры еліміздегі жоғары оқу орындарына сұрау салу арқылы әр мектептен бірнеше жалған дипломмен жұмыс істеп, «жалған ұстаз» атанып жүргендерді анықтағанын айттық. Мақала соңында «осы бастама басқа білім ошақтарында да жалғасын […]

Мәселе

Жалған диплом, жалған санат – білім саласындағы басты дерт

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, жоғары санатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, қоғам белсендісі: — Әлеуметтік желіде «дауысыңыз қатты шығып» жүр… — Ашынғаннан шығады ащы даусым демекші, соңғы кездері білім саласындағы жайсыз жайттар жанайқайыма себеп болуда. Мамыр айында Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы еліміздегі бес мұғалімнің үстінен Ішкі істер министрлігі мен Бас Прокуратураға шағым жазған. Соның бірі менмін. Абырой болғанда, […]

Мәселе

Шымкентте нәтижесі жоқ жұмыстар көп

 «Биылғы қыс қатты суық болмайды. Шаруаға жайлы болады, қар да анау айты көп жаумайды екен…» Шымкенттіктер «келісіп алғандай», ауа-райына қатысты осындай болжам айтып жүр. Қыстың аты қыс. Қанша айтсақ та, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында сыртқа жазғы көйлекпен шықпасымыз анық. Үй егесі мен коммуналдық шаруашылыққа жауапты сала мамандары да қысқа дайындық шаруасына қазір жүрдім бардым қарап […]

Мәселе

Шымкентте «қағаздағы ұйымдар» қашан іске кіріседі?

Шымкент қаласының бір топ қоғам белсенділері, Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы саласы бойынша аймақтық кеңес сарапшылары Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековке Ашық хат жолдап отыр. Онда былай делінген:                      Құрметті Ғабит Әбдімәжитұлы! Біз, Шымкент қаласының қоғам белсенділері, Сіздің Шымкент қаласын дамыту, оның ішінде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, дамыту бағытына қатысты қолға алған шаралар мен нақты тапсырмаларыңызды қолдай отырып, […]

Мәселе

Перзентханада бәрі де таза ма?

 Босандыру мекемелерінде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу шараларын қатаң сақтау қажет. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция– пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктан пайда болатын кез келген инфекциялық аурулары.    Жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – […]

Мәселе

Қызылшадан сақтану шараларын білесіз бе?

Қызылша — жай ғана балалар ауруы емес, бұл ауа тамшылары арқылы жұғатын әлемдегі ең жұқпалы дерттің бірі, ол түшкіру, жөтелу және жақын қарым-қатынас арқылы беріледі. Вирус ауада және үстіңгі қабаттарда екі сағатқа дейін белсенді болып қалады, ауа ағынымен, мысалы, желдету жүйелері арқылы өте оңай таралады, сондықтан гигиенаны сақтау қызылшадан қорғануға көмектесе бермейді. Ауру адам денесінде […]

Мәселе

Ұлтқа деген дұшпандық…

Оқулықтағы тәрбиебұзар өлең балаға не үйретуде?. Бұрынғылардың әрбір сөзі қорғасын секілді салмақты келетін. Үлкендердің әңгімесін ұйып тыңдайтынбыз. Олар айтқан әңгіме жастарды әдептілікке, тәрбиеге баулитын. Бейәдеп сөздер балалардың көзінше айтылмайтын. Бала тәрбиесі бесіктен бастау алатын. Өйткені, бала жас шыбық секілді иілгіш, қалай исең, солай өседі. Бала тәрбиесінде, көзқарас көкжиегін қалыптастыруда ата-анадан кейінгі орынды мектеп алатыны талассыз. […]

Мәселе

Кентаулықтар әкімдіктің ұсынысымен келіспей отыр

            Дауға апатты үй себеп болуда Кешегі аптада редакцияға Кентау қаласындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан 39 үйдің тұрғындары қайта-қайта хабарласумен болды. Олардың сөзіне қарағанда бес қабатты тұрғын үйде бүгінде 30-дан астам отбасы тұрып жатыр екен. Бірқатары ақтөбелік сарапшы компанияның «Үй апаттық жағдайда» деп шығарған қорытындысына байланысты баспаналарына кіруден қорқып, көшіп кеткен. Ал басқа барар жері, […]