Мәселе

Балаға телевизорды ұзақ көрсетуге болмайды

   Қабылдауыма 1,5 жасар баласын жетектеп келген ана дәрігерлік кеңеске мұқтаж екенін айтты. Анасының пайымдауынша баласында аутизм белгілері бар екен. «Атын айтып қанша шақырсам да назар аудармайды, көңіл бөлмейді» дейді анасы. Бала бір нүктеге ұзақ қарап, өзімен өзі отырады. Мұндай жағдай кез келген балада болуы мүмкін. Оның үстіне еркелігі де болар дейтініміз бар. Ұл бала […]

Мәселе

Өрт — бейқамдықты кешірмейді

Бейресми мәліметтерге құлақ түрсек Түркістан облысының Шардара ауданында алдағы жазда аптап ыстық 50 градустан да асып кетеді деген болжам бар. Мұндай ыстықта өрт қауіпсіздігі басты назарда болу керектігі айтпаса да түсінікті. Болмашы нәрседен тұтанған өрт лезде кең алқапты күлге айналдыруы ғажап емес. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны жөнінде біз Шардара орман […]

Мәселе

САПАЛЫ ЖОЛ БОЛСЫН ДЕСЕК…

Биылғы қыстың қары қалың, көктемі жауынды болуда. Қар еріп, көктем шыға салысымен жолдардың ой-шұңқырлары одырайып шыға келді. Көліктердің жүруіне көп кедергісін келтіруде. Жолдар жыл сайын жөнделгенімен, сапасы сын көтерер емес. Қалаға келген жаңа әкімге қатысты оң пікір, жақсы сөздер айтылуда. Лайым солай болсын. Дей тұрғанмен мен көптен көңілде жүрген бір мәселе жайлы ой қозғамақпын. Байқасаңыздар, […]

Мәселе

Партада отырып, порносайт тамашалаған ба?

Бүгінде білім саласында саналы адамның санасына сыймайтын түсініксіз жәйттер орын алуда. Ұстаздар бір-бірімен соттасып, оқушылар арасында қатыгездік үдеп барады. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың салдарынан миллиардтар жымқырылып жатыр. Енді, міне, партада отырып, порносайттарға кірген оқиғалар анықталуда. Оқушылардың сабақ уақытысында рұқсат етілмеген сайттарға кіргені жайында жергілікті прокуратура анықтаған. Нақтырақ айтқанда, Жетісай ауданының прокуратурасы мектептерді тексеру барысында 31 […]

Мәселе

Су министрі өткізген Жетісайдағы жиыннан шу шықты

Оңтүстікке көктем ерте келеді, ал көктемнің әр күні – жылға азық. Осыны ой елегінен өткізсе керек, жоғарыдағылар жылы жаққа ертерек ат басын бұрыпты. Дәлірек айтсақ, кешегі аптада Жетісай ауданына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіп, шаруалармен кездесті. Ресми мәліметте министрдің шаруалармен кездескені айтылғанымен, жергілікті дихандар мұны жоққа шығарғысы келеді. Не себепті? Енді соған […]

Мәселе

Суицид көбейді: Сайрам мен Түркістанда жағдай күрделі

Әлеуметтік желі бақылаудан шықты. Кімнің не салып, оның қоғамға қаншалықты пайда-зияны тиіп жатқанын елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ғаламтор ғаламат қоқыс алаңына айналды. Тіпті, мемлекеттен миллиардтаған қаржы алатын орталық телеарналардың өздері көп уақытын жеңіл-желпі әзілдерге, атыс-шабысқа, зорлық-зомбылыққа толы, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін шетелдік өнімдермен толтырып жатады. Отандық өнімдердің өзі бұрынғыдай мөлдіреп емес, боқтық сөзі аралас, арсыздау […]

Мәселе

Сағат тілі ғана емес, туған күніміз де ауысып кетті…

1 наурыздан бастап еліміздің бірқатар аймақтарында сағат тілі бір сағатқа кері шегеріліп, уақыт белдеуі теңестірілді. Мамандар мұның тиімді тұсын айтып, түсіндіріп жатыр. Бірақ ешкім күтпеген түсініксіз жәйттер де орын алуда. Ол — балалардың туу туралы куәлігі мен ересектердің жеке куәлігіндегі туылған күндердің ауысып кетуі. Сағат тілімен бірге менің және ұлым мен қызымның дүниеге келген күндері […]

Мәселе

Қарабұлақтың балалары қашанғы тозған мектепте оқиды?

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде №104-ші мектеп бар. Онда 400-500 бала білім алады. Қарабұлақ халқы тығыз орналасқан, ауылшаруашылық саласы жақсы дамыған округ болғанымен, мұндағы біз айтып отырған білім ұясы ғимаратының тозығы жеткен. Оның бір бөлігі қам кірпішпен өрілген болса, екінші бөлігі шлакоблокпен тұрғызылған. Кезінде асар әдісімен салынған. Материалдық-техникалық база жұтаң. Жабық жағдайдағы спорт зал, мәдени […]

Мәселе

КЕНТАУ: Іс бітті, қу кетті…

   Көпқабатты үйді жөндеген мердігердің әрекеті осыған саяды Кентау қаласының жылуына қатысты күн суытқанда басталған тұрғындар наразылығы әлі басылар емес. Тұрғындар суып кеткен үйді жылыту үшін қосымша электр пештерін қосып, күндіздің өзінде көрпе жамылып отыратын жағдайға жеткен. Кентау қалалық әкімдігіндегі салаға жауапты мамандардың айтуына қарағанда бұл мәселеден облыс тұрмақ Үкімет басшыларының да хабары бар екен. […]

Құқық Мәселе

Ата-ананы алдап жүрген кімдер?

       Аттап бассаңыз алаяққа тап болатын заман келді ме дерсің. Теледидарды қоссаңыз да, газетті ашсаңыз да, әлеуметтік желіге кірсеңіз де алаяқтардың қармағына ілігіп, сан соғып, зар еңіреп жүргендерді кездестіресіз. Соларды көрген сайын алаяқтардың қармағына түспеуге қанша тырысқанымызбен, кейде өзіңіздің де қалай арбалып қалғаныңызды сезбей қаласыз. Олар алдау-арбаудың неше түрлі сценарийін ойлап тауып, оны сәтті жүзеге […]