Құтыру – ауру жануардың жарақаттауы арқылы жұғатын, орталық жүйке жүйесін ауыр зақымдайтын аса қауіпті вирустық ауру. Көбіне бұл дертті ит, түлкі, мысық, қасқырлар таратады. Сонымен қатар, үй жануарлары арасында (ит, мысық, сиыр, қой, жылқы, түйе т.б.) кездесіп, сілекейлері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Аурудың бұл түрі құтырумен ауырған жануардың адамды тістеуі, жарақатталған тері мен шырышты қабықшаларына […]
Біле жүріңіз
Қызылша туралы не білесіз?
Қызылша – ауа тамшы жолымен жұғатын, ауыз, мұрын, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, дене қызуы жоғарылаумен және бастысы бөртпе шығуымен жүретін жұқпалы вирусты ауру. Жұғу жолдары: вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған […]
Шаруаларға субсидия жайлы түсіндірілді
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда жылыжай шаруашылықтарының өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар түсіндірілді. Кездесуге қатысқан Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биылдан бастап жылыжай өсірушілерге электр қуаты мен газ шығындарына және гектарлық субсидия беріледі. «Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №107 бұйрығына […]
107-баптың құрбандары
1920-1936 жылдар аралығында Қазақ АКСР-і РСФСР құрамында болды. Сол себепті, РСФСР-дің 1926 жылғы Қылмыстық Кодексімен (ары қарай-ҚК) 1950 жылдардың басына дейін құқық қорғау органдары іс жүргізді. 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде республиканың өзінде 100 мыңнан астам адам сотталды, ал олардың 25 мыңдайы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді деп айтып жүрміз. […]
Біз білмейтін БАНГЛАДЕШ
Сонымен, саяхаттап көрмекке ниет еткен 57-ші елім болып таңғажайып Бангладеш бұйырыпты. Ғажабы несі дерсіз, мысалы, мен туған Жамбыл облысында 1 млн 220 мың адам бар. Ал сол Жамбылмен жері біп-бірдей Бангладеште кемі 172 млн адам тұрады. Тегіс жер болса мейлі, картадан қараңызшы, үш үлке-е-е-ен өзеннің теңізге құяр тұсындағы атырауында тұр. Жылда су тасиды, циклон […]
«Қазан жарыс» қандай ырым?
Салтыңды сақта Қазақ дейтін елдің балаға деген ерекше мейірімі, ұрпағы үшін жанын аямайтын жанкешті ықыласы – тектілігін терең танытатын қасиеттерінің қаймағы десе де болар. Келіннің құрсағындағы шарананы білген күннен бастап апа, әжелердің қуанышы «Құрсақ шашу» дейтін ырымның өзін тойға айналдырады. Қазақтың алтын құрсақ аналарының ниеті қандай тамаша. Біздің айтпағымыз сәбиін тоғыз ай он күн көтерген […]
Баланың тұсауын кім кесіп жүр?
Жаратушы Алла Тағала жер бетінде қанша ұлт жаратса, сонша салт бар екені бесенеден белгілі. Біздің айтайын дегеніміз бабадан балаға мұра болып жеткен, қазақ халқының өнегелі салт-дәстүрлерінің дүние дүрбелеңімен өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауы. Алдымен қоғамда біраз пікірталас тудырған тұсаукесер дәстүрінен бастасақ. Қаз-қаз қадам басып жүруге талпынған бүлдіршіннің тұсауын кесуді ата-бабаларымыз бала өміріндегі алғашқы қуаныш тойларының бірі […]
Тары бүйрекке ем
Артық болмас білгенің Тары – бүйрекке және бүкіл зәр шығару жүйесіне жақсы көмектеседі. Ол бүйректі тазартып, құмды, тастарды кетіреді. Әсіресе, әйелдердің түрлі сырқатына бірден бір ем екенін білесіз бе? Циститті де тарының көмегімен емдеуге болады екен. Халық емі бойынша қуықтағы тастардан арылуға септігі тиетін көрінеді. Тарыны емделу үшін үнемі пайдаланатындар бір-екі аптадан кейін-ақ ағзадағы тас […]
Таныс та бейтаныс Грузия (жалғасы)
Біз және әлем (Басы https://ozgepikir.kz/?p=5319 ) …Қаладағы иесіз иттер түгелімен піштіріліп, құлақтарына нөмірлеп сырға тағылған, сырғасы бар иттер мұнда қауіпсіз деп есептеледі; қала ішіне асфальт төселмейді, көлік жүретін бүкіл көше тақта тастармен қаланған, бұл күн ыстықта асфальттың буы көтеріліп, битум иісі адамдарға зиянын тигізбеу үшін жасалған экологиялық шара; барлық дүкен, ресторан, мекеме атаулары грузин тілінде, […]
ТАНЫС ТА БЕЙТАНЫС ГРУЗИЯ
Әлем және біз Грузия десе, алдымен оның көк мұнармен ұштасқан таулы аймақтары, көз тоятаттар көркем табиғаты, таңғажайып қала келбеті, дәмді тағамдары еске түседі. Ең бастысы, ол бізге – лезгинка биі, боржоми минеральды суымен жақсы таныс. Қызығы, грузин ұлттық тағамдары атауларының басым бөлігі әліпбидің «х», «ц», «ч» сияқты соңғы әріптерінен басталатыны: хачапури, харчо, чахохбили, чакапули, […]









