Әне-міне дегенше жайнаған жаз да келіп қалды. Табиғат аясына шығып тынығуға қолайлы маусым. Сан-алуан өсімдіктерді көруге, гүлдерді тамашалауға мүмкіндік мол. Осындайда «Қызыл кітаптың» қорғауына алынғандарын жұлып, айыппұлға ұрынып қалмау жағын да есте ұстаған жөн болмақ. Бақбақ үшін – 13 миллион теңге… Осыдан төрт-бес жыл бұрынғы «қызғалдақ оқиғасынан» кейін жұрттың қызғалдақ жұлудан аяқ тартып қалғаны белгілі. […]
Біле жүріңіз
Памперс жиіркену сезімін жояды
Бесіктің қасиеті – тазалықты таныту екенін әрбір ана білетіні, әрине, шүбәсіз. Қазіргі қолданып жүрген жөргектің (памперс) зияны туралы ғалымдар айтып-ақ берген. Ал әжелеріміз не дейді, ол туралы тыңдайсыз ба? Хадуба деген әжеміз бар, балаға қатысты айтарын дәлелмен айтады. «Памперс баланың жиіркену сезімін жояды. Бала өз боғынан жиіркенбей өссе бойындағы тітіркену сезімдерін жоғалтады», — дейді ол […]
ХАНТАВИРУС, НОРОВИРУС…
Нидерландының Аргентинадан Кабо-Вердеге бара жатқан круиздік лайнерінен аса қауіпті жұқпалы ауру – хантавирустың штаммы табылды. Ауру кеміргіштерден, яғни атжалман, тышқандардан жұққан болуы мүмкін деген болжам бар. 3 адам өлді Аталған ауруды 7 адам жұқтырған, 3-еуі қайтыс болған. Вирусқа «Андес штаммының хантавирусы» деген атау беріліп отыр. Оның симптомдарының негізгі екі басты көрсеткіші болады. Біріншісі – бүйрек […]
КИТПЕН ЖҮЗІП ЖҮР
Бүгінде туризмнен түсетін табыс көптеген елдердің бюджетіне елеулі кіріс келтіріп жатқаны белгілі. Сондықтан қай ел болса да өзінің өзгені қызықтыратын ерекшелігін тиімді пайдаланып, туризмді өркендетуге күш салады. Осындай экзотикалық ерекше туризм түрінің бірі – «Китпен сафари». 100 метр жақыннанкөруге болады «Китпен сафариді» табыс көзіне айналдырған елдер киттердің уақытша көшу маусымдарын тиімді пайдаланады. Ол жақтарға барған […]
Жеңісті жақындатуға жануарлар да жәрдемдескен
Екінші дүниежүзілік соғысқа жауынгерлермен қатар жылқы, түйе, ит, мысық секілді жануарлар да алынып, жеңісті жақындатуға үлес қосқан. Жеңіс күні қарсаңында осыған қатысты деректерді жинақтаған едік… 3 миллионнанастам жылқы қатысқан Ұлы Отан соғысы жылдарында атты әскерге мінетін жылқы қажет болды. Жылқы, сондай-ақ, азық-түлік тасыды, техника өте алмайтын жолсыз, батпақты жерлерден адамдар мен техниканы алып өтуге пайдаланылды. […]
Кенеден келер кеселден сақтаныңыз!
Конго-Қырым геморра- гиялық қызбасы — тромбогеморрагиялықсиндроммен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру кененің шағуы, тістеуі арқылы, сонымен бірге науқасқа күтім жасағанда қаны арқылы, медициналық манипуляция кезінде, кенені езгенде, малдарды қырыққанда, терісімен, жүнімен жұмыс істегенде жұғуы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы 14 күнге дейін созылады. Науқас адамның қаны арқылы жұққанда 9 күнге дейін созылуы мүмкін. Аурудан […]
БІРЛІГІМІЗ МЫҒЫМ БОЛСЫН!
Қазақстан халқының бірлігі күні – 1-Мамыр мерекесін биыл 30-шы мәрте атап өткелі отырмыз. Ресми жарияланған деректерге қарағанда, қазір біздің елде халық саны 20 миллион 500 мың адамнан асты, осының ішінде 124 ұлт пен ұлыстың өкілі бар. Саны көп ірі ұлттар ретінде қазақ, орыс, өзбек, украин, ұйғыр, неміс, татар, әзірбайжан, корей ұлттары аталады. Жалпы халықтың 71 […]
КҮН РАЙЫ ЖЫЛЫНА МА?
Республикалық ауа райын болжау орталығы сәуірдің соңғы күндеріндегі ауа құбылысы жөнінде болжамдарымен бөлісті. Бұл жөнінде «Zakon.kz» сайтында мынадай жайлар айтылады: Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде жауын-шашынды болады, жылбысқы қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жаууы, жел күшеюі мүмкін. Солтүстік, орталық облыстарда күн ашық, құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстікте 28-29 сәуірде, шығыста 29-30 сәуірде күн […]
ГҮЛ ОРНЫНА ҚҰЙМА АЛТЫН СЫЙЛАСАҚ…
Көктем – мерекелер маусымы. 8 наурыз, 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні» сүйіктісінің көңілін шат еткісі келген жастар құшақ-құшақ гүл алып, қымбаттысын қуантуға асығады. Базбіреулердің жүз бір, тіпті мың бір талға дейін гүл шоқтарын сыйлайтынын әлеуметтік желіден байқап қаламыз. Әрине, гүл сыйлау арқылы сүйіктісіне сезімін білдіріп, қымбаттысының көңілін аулаған жақсы. Дегенмен, даңғаза […]
ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ – ТІЛСІЗ ТІЛ…
Қазақ халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінің бірі – ғашықтар жырлары. Оларды «Еңлік – Кебек», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»… деп тізбелей беруге болады. Осы орайда елімізде жыл сайын 15 сәуірде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні дәстүрлі түрде аталып өтіп келе жатқаны еске түсіп отыр. Ғашықтар, махаббат дегенде, […]









