Басты жаңалықтар Мәселе

Шардарадағы құбыр дауы

ағайынның арасына іріткі салмаса болғаны Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді айналымға қосу, тиімді пайдалану турасында тапсырма бергені белгілі. Рас, Түркістан облысында Жер-Ананың жомарттығын тиімді пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Дегенмен, әлі де игерусіз жатқан жер жоқ емес. Оның себеп-салдары да әртүрлі. Біршама уақыт бұрын редакцияға Шардара ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны Қанат Бегалиев назын айтып келген […]

Басты жаңалықтар

Сарыағашта жедел жәрдем мамандары жауапсыз

Салдарынан науқас инсульт алып отыр Соңғы кездері денсаулық саласына қатысты сын жиі айтылып кетті. Тіпті, Парламент қабырғасында да бұл мәселе аз қозғалып жүрген жоқ. Мақсат Толықбай мен Асхат Аймағамбетов министрге бірнеше сауал жолдады. Бірақ, содан шығып жатқан нәтиже байқалар емес. Асхат Аймағамбетов 9 қазан күні денсаулық сақтау министрі Парламентке келетінін айтып, өзекті сұрақтар болса жолдауды […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Біз білмейтін БАНГЛАДЕШ

     Сонымен, саяхаттап көрмекке ниет еткен 57-ші елім болып таңғажайып Бангладеш бұйырыпты. Ғажабы несі дерсіз, мысалы, мен туған Жамбыл облысында 1 млн 220 мың адам бар. Ал сол Жамбылмен жері біп-бірдей Бангладеште кемі 172 млн адам тұрады. Тегіс жер болса мейлі, картадан қараңызшы, үш үлке-е-е-ен өзеннің теңізге құяр тұсындағы атырауында тұр. Жылда су тасиды, циклон […]

Басты жаңалықтар

Қарабұлақ қала мәртебесін алады

Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауға арналаған (бұдан әрі қарай –Ашық НҚА) порталында қыркүйектің 12-сі күні осындай  мәлемет жарияланды. Яғни, 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» өзгеріс енгізу жобасы әзірленген. Жобада әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізілетіні […]

Басты жаңалықтар

ШАРДАРАЛЫҚ ШАБАНДОЗ АРУ

Биыл ОҚМПУ-дың физика-математика факультетіне Балнұр Нұран атты ару оқуға түсті. Мұғалім болғысы келеді. Балнұр жылқы баптап, көкпар шабады. Иә, көкпар шабады. Алты жастан аттың құлағында ойнаған ару Шардара қаласының Қызылқұм ауылында туған. Кішкентайынан ата-әжесінің бауырында өскен Балнұрды атқа көкелері баулыпты. Қаншама рет жылқы теуіп құласа да ол төрт түліктің төресінен  алыстаған  жоқ. Керісінше өскен сайын […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкентте балалар уланып жатыр…

ал құзырлы орындар дәрменсіз Өткен аптаның бейсенбісінде Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназиясының ата-аналарына ортақ вацап желісіндегі чатында аяқ асты шу басталды да кетті. Мәселе былай екен. Мектептің іргесіндегі дүкеннен осы мектептің оқушылары күмәнді бір затты алып жеген. Салдарынан бірнеше оқушы ауырып, сабаққа бара алмай үйінде жатып қалған. Чаттағы жазбаларға назар аударсақ, Әдия есімді ана былай дейді: […]

Басты жаңалықтар Қоғам

90-маусымның шымылдығы түрілді

Театр Кешегі аптада Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры өзінің тоқсаныншы маусымын ашты. Сахна шымылдығы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен түрілді. Қоюшы режиссері — театрдың көркемдік жетекшісі Б.Құрманқожаев. Қазақ театр сахнасында әр режиссердің өзіндік қолтаңбасымен әрлене көрерменге көзайым бола ұсынылып жүрген «Қарагөз» классикалық шығарма. Қазақтың бар әдет-ғұрпы, мәдениеті, салт-дәстүрі баяндалатын ұлттық құндылық. […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Баланың тұсауын кім кесіп жүр?

Жаратушы Алла Тағала жер бетінде қанша ұлт жаратса, сонша салт бар екені бесенеден белгілі. Біздің айтайын дегеніміз бабадан балаға мұра болып жеткен, қазақ халқының өнегелі салт-дәстүрлерінің дүние дүрбелеңімен өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауы. Алдымен қоғамда біраз пікірталас тудырған тұсаукесер дәстүрінен бастасақ. Қаз-қаз қадам басып жүруге талпынған бүлдіршіннің тұсауын кесуді ата-бабаларымыз бала өміріндегі алғашқы қуаныш тойларының бірі […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкентте мәселе шешу оңай

Себебі тұрғындар көкейтесті сұрағын 109 бірыңғай нөміріне хабарлап айтуды әдетке айналдырған. Сенімдісі осы. Ал бұл нөмір – Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық орталығына тиесілі. Қабылданған барлық арыз-шағым, өтініш, талап-тілектер тиісті сала мамандарына дер кезінде жеткізіліп, мәселенің оңтайлы шешілуіне негіз болуда. Жалпы бұл қызмет түрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Дәрігер Д.Сексенбаев жайлы сыр

Маусым айының үшінші жексенбісі елімізде жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып тойланып келеді. Осынау кәсіби мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласына өте үлкен үлес қосқан дәрігер, ұлағатты ұстаз, ғалым, ел ағасы, облыстың құрметті азаматы Дерібсалы Сексенбайұлы Сексенбаев туралы сөз қозғағанды жөн санап отырмын. Өңірдегі 150 жылдан астам тарихы бар, жалғыз облыстық аурухананың Кеңес […]