Кешегі аптада Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ендігі жерде ауданды Арман Сәбитов басқаратынын айтып, аудан халқына жаңа әкімді таныстырған облыс басшысы Дархан Сатыбалды ауданда қордаланған бірқатар мәселелерді де атап айтып, келеңсіздіктерді жойып, тәртіп орнатуды тапсырды. Тапсырманы орындауға бірден кіріскені болар жаңа әкім сенбі күні аудан аумағында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырды. Әсіресе, аудан орталығы Ақсукенттің жүдеу көркіне […]
Басты жаңалықтар
Тары бүйрекке ем
Артық болмас білгенің Тары – бүйрекке және бүкіл зәр шығару жүйесіне жақсы көмектеседі. Ол бүйректі тазартып, құмды, тастарды кетіреді. Әсіресе, әйелдердің түрлі сырқатына бірден бір ем екенін білесіз бе? Циститті де тарының көмегімен емдеуге болады екен. Халық емі бойынша қуықтағы тастардан арылуға септігі тиетін көрінеді. Тарыны емделу үшін үнемі пайдаланатындар бір-екі аптадан кейін-ақ ағзадағы тас […]
Таныс та бейтаныс Грузия (жалғасы)
Біз және әлем (Басы https://ozgepikir.kz/?p=5319 ) …Қаладағы иесіз иттер түгелімен піштіріліп, құлақтарына нөмірлеп сырға тағылған, сырғасы бар иттер мұнда қауіпсіз деп есептеледі; қала ішіне асфальт төселмейді, көлік жүретін бүкіл көше тақта тастармен қаланған, бұл күн ыстықта асфальттың буы көтеріліп, битум иісі адамдарға зиянын тигізбеу үшін жасалған экологиялық шара; барлық дүкен, ресторан, мекеме атаулары грузин тілінде, […]
ТАНЫС ТА БЕЙТАНЫС ГРУЗИЯ
Әлем және біз Грузия десе, алдымен оның көк мұнармен ұштасқан таулы аймақтары, көз тоятаттар көркем табиғаты, таңғажайып қала келбеті, дәмді тағамдары еске түседі. Ең бастысы, ол бізге – лезгинка биі, боржоми минеральды суымен жақсы таныс. Қызығы, грузин ұлттық тағамдары атауларының басым бөлігі әліпбидің «х», «ц», «ч» сияқты соңғы әріптерінен басталатыны: хачапури, харчо, чахохбили, чакапули, […]
Шымкенттік батыр балалар
Шымкентте екі оқушы бала батылдығы мен көзсіз ерлігі үшін министрдің марапатына ие болды. Олар қалалық № 128 жалпы мектептің оқушылары – Ердәулет пен Рамазан. Мәселе былай ғой… 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзеніне шомылуға келген балақайлар арасында бір бала суға кетіп, тұңшыға бастайды. Шомылуға жаңа келген Ердәулет пен Рамазан су […]
Шымкентте балабақшадан жылан шықты
АБАЙЛАҢЫЗ! Биыл жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар “жылан жүр!” деп қабарласқан 17 шақыртуға барған. Бәрінде де жылан аулап қатқан. Осыған қарап Шымкентте жылан көбейді демеске амал қалмай тұр. Бір ғана мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар жалан аулауға 9 рет шығыпты. Ай әлі аяқталған жоқ. Әлі қанша шақырту аларын кім білсін?! Мысалы, 16 мамырда Самал-3 […]
«Түрмеге түспейтіндер» мен Төле биді елге танытқан қаламгер
«—Бiз Отан алдындағы парызымызды өтеп жүрмiз. —Басқаның Отанын жаулап ал деп сендердi өлiмге жұмсайтын қандай Отан ол? Нағыз отаншыл болсаң өз Отаныңды қорға, басқаның Отанын жаулама. Өз үйiңдi, апа, қарындасыңды қорға. Мұнда, өзiңе жат елде кiмдi қорғап жүрсiң? Камилдин үндей алмай қалып, сөзге басқа бiр ауғандық араласты» Бұл Шойбек Орынбайдың «О дүниеден соғылған телефон» атты […]
Қарашаш ана – ғасыр құрдасы
Ару көктем мен аяулы әйелдер мерекесі қатар келіп, әлем гүлденуде. Ер азаматтар нәзік жандыларды жаппай құттықтап, мәре-сәре күй кешуде. Түркістан облысында 176 735 көп балалы ана тіркелсе, оның 59-ы ғасырдан ұзақ жасағандар екен. Екі ғасырдың ғана емес, сұрапыл соғыстың да куәсі болған мұндай жандарға қандай құрмет көрсетсек те артық етпесі анық. Сондай бақытты жанның бірі […]
Хиджама жасауға болады ма?
ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 132 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында дәстүрлі медицина, емшілік қызметті жүзеге асыру үшін медициналық қызметке лицензияның болуы қажет. Лицензиялауға жататын медициналық қызметтер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген. Бұл заңда медициналық қызметтің, қолдануға рұқсат етілген дәстүрлі медицина түрлерінің тізімі көрсетілген: гомеопатия, […]
Жол жабық
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша 16.02.2023 жылы сағат 15:30-дан бастап Жамбыл облысындағы автокөлік жолының жабылуына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Хоргос – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» автокөлік жолының 593-652 шақырым бөлігінде (Жамбыл облысы шекарасы мен Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылы аралығы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.









