Мемлекет басшысы өңір мен аймақ басшыларына инвестиция тартуды қатаң тапсыруда. Әкімдердің жұмысы осы тапсырманың орындалуымен бағаланатынын да баса айтты. Себебі тартылған әрбір инвестиция — жаңа жұмыс орны, қазынаға қосымша қаражат. Сайрам ауданында жаңа инвестициялық жоба қолға алынды. «Sairam biogas and fertilizers factory» ЖШС өңірде интеграцияланған тыңайтқыштар өндірісін қолға алып, биогаз зауытын іске қосуға ниет білдірді. […]
Басты жаңалықтар
Бозымбаев облыстағы ахуалды оң бағалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде осыдан үш жыл бұрын «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғаны мәлім. Ол ауыл шаруашылығын өркендетуге, шағын қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың табысын өсіруге бағытталған. Мақсат – өңірлерді экономикалық жағынан қуатты ету. Бақуатты ауыл мен қала – ел экономикасы өркендеуінің бір кепілі, ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне де […]
Республикада көш бастады, өсім — 126,3
Cалыстыру – жұмыс деңгейін көрсетеді, талдау – болашаққа нақты болжау жасауға көмектеседі. Қазір әр өңір өзінің биылғы жылдың алғашқы жартысында атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, талдау жүргізіп жатыр. Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір республика бойынша 1-орынға шықты. Жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 трлн […]
АГРАРЛЫҚ САЛАДА АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА
Салыстырмалы түрде Түркістан облысының жер көлемі аса үлкен емес. Алайда, ауа райының аграрлық салаға қолайлылығы мен жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығының арқасында шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден, оны экспорттаудан, инвесторлар тартудан республикада алдыңғы қатарда келеді. Бұған жуырда белгілі болған жарты жылдың жұмыс қорытындысы дәлел бола алады. Ол туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің […]
Экспорт көлемі көбейді
Түркістан облысында шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту – уақыт талабы. Өңір импортқа тәуелді болмауы керек. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. – Біз әлі күнге дейін шикізаттық тәуелділіктен толық арыла алмай отырмыз. Сондықтан импортты алмастыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажет. Шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту […]
ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ
ЭКОНОМИКАҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ Бүгінде «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Президент бастамасымен қолға алынған бұл жобаның Мақтаарал ауданы үшін стратегиялық маңызы ерекше. Аталған жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ерекше назар аударып, құрылысты биыл аяқтау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Жуырда Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған уақытша депутаттық […]
8 жылда өңірлік өнім 3 есеге өскен
Қазақстан егемен ел болып, етек-жеңін жинап, алпауыт мемлекеттермен терезесін теңестіргеніне 35 жыл толады. Осы уақыт аралығында елімізде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Соның бірі — 8 жыл бұрын Түркістан облысының құрылғаны айтулы оқиға болғаны анық. Бұл көп уақыт емес. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларында тұрақты […]
Түгел Түркі – Түркістан төрінде
Бұл күндері тотыдайын таранған Түркістан бұрынғысынан да құлпырып, құрметті қонақтарды қабылдауға барынша дайындық жасады. Қайда қарасаңыз да гүлденген, түрленген әдемі көрініс. Төрт қақпалы Түркістанға шығыс беттен кіре берісте қазақ халқының ынтымағы мен бірлігінің символы саналатын Тайқазан композициясы қарсы алады. Ерекше сәулеттік ұтқырлықпен жасалған композицияны әуеден қарағанда Түркі мемлекеттері ұйымы туының бейнесі көрінеді. Жаңа тайқазан Қожа […]
САНЖАР -МЭР КЕҢЕСШІСІ
Бірқатар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елді елең еткізер қызық хабар жарияланды: Санжар Әбішев есімді қандасымыз Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Сент-Джеймс деп аталатын аудан мэрінің кеңесшісі болып сайланыпты. Сайлауға түрлі партиялардан 15 үміткер қатысқан, соның үшеуі – Санжар Әбішев, Марк Ангус Ширер және Тим Митчелл әрқайсысы тиісінше сайлаушылардың 974 – 1035 аралығында дауысына ие болып, […]
ТИІМДІ ӘРІПТЕСТІК ОРНАМАҚ
Мемлекет басшысының Жолдаулары мен Үкімет отырыстарында басты басымдық ретінде инвестор тарту және инвестициялық климатты жақсарту мәселелері күн тәртібінен түспей келеді. Мұндағы негізгі мақсат — ел экономикасын әртараптандыру және экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Түркістан облысында осы тапсырма аясында көп жұмыстар атқарылуда. Жуырда ғана облыс әкімі Нұралхан Көшеров италиялық «Magister Art» компаниясының президенті Ренато Сапоритомен кездесіп, құрылыс, […]









