Басты жаңалықтар Білім, ғылым Мәселе

Министрдің тапсырмасын облыс орындауға қауқарсыз ба?

Түркістан облысының білім ордаларында көптеген басшының орны бос тұр. Мектептер директорсыз, балабақшалар меңгерушісіз қалғандықтан, басшының қызметі оның міндетін атқарушыға жүктелген. Елдің арасына бара қалсаң, «тұрақты басшы болмағандықтан, уақытша отырғандар ештеңеге бастарын ауыртқысы келмейді. Соның салдарынан баланың тәрбиесі мен білімі нашарлап кетті», – деген уәжді естисің. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, Келес ауданында Т.Рысқұлов атындағы […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Қазығұртты бренд жасай алмай жүрміз…

         Әлемде негізгі табыс көзін туризмнен тауып отырған елдер аз емес. Олар кейде болмашы нәрседен үлкен дүние туындатып, әлемнің әр түкпірінен адам келтіретін жағдай жасап қояды. Әуесің келеді. Шүкір дейік, Қазақстанда да, оның ішінде Түркістан облысында кез-келгенді тамсандырар, таңдай қақтырар тамаша табиғат, тарихи орындар жеткілікті. Тек соны толыққанды әжетке жарата алмай отырған жайымыз бар. Туризмді […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

ДЖЕННИФЕР АПА ЖҰРТТЫ ОЙЛАНДЫРДЫ

Бүгінде әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында жұрт жаппай Дженнифер Лопестің Астанада өткен концертін талқылап жатыр. Шынын айтсақ, жартылай жалаңаш ән шырқап би билеген әртісті күстаналағандардан гөрі оның өнері мен күш-қуатына тәнті болушылардың үні басымырақ сияқты. Билет құны 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін Концерт өткен «Астана-Арена» 30 мыңдай адамға шақталып салынған екен, «іші лықа толды» […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шаруа қашанғы шөлдейді?

                                        Құрғақшылық салдарынан қаншама егіс қурап қалды Биылғы көктем жаңбырсыз болды, жаз аптап ыстық. Қыста қар да жұқа жауды. Салдарынан су көздері тартылып, өзен суының деңгейі төмендеп, қуаңшылық байқалуда. Сырдария суының да күрт азаюы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Отырар аудандары шаруаларының мазасын қашырды. Су тапшылығын болдырмау үшін облыс басшылары диқандарға суды аз қажет ететін […]

Басты жаңалықтар Құқық

Шаруаны сарсаңға салған кім?

      Қазақстанда қабылданған заң нормалары мен Президент Жолдауларына назар салсаңыз, шаруаға барлық жағдай жасалған. Алам дегенге арзандатылған несие бар, техникалар лизингке таратылады. Қарап отырсаңыз шаруаның шекесі шылқып, мол пайдаға кенеліп жатқандай. Бірақ, бұл қағаз бетінде ғана. Шын мәнісінде несие ала алмай, алған несиесін төлей алмай, өнімін өткізе алмай жүрген шаруа қаншама. Шіріген өнімді амалсыз қоқысқа […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Сайлау — елді біріктіру керек

Жуырда Түркістан облысының бірнеше аудандарында ауылдық округ әкімдері сайланды. Сайлаудың мақсаты – елге жаны ашып жұмыс істейтін әкімді жергілікті халықтың өзі бірлесе отырып таңдау болатын. Алайда, бүгінгінің сайлауы елді біріктірудің орнынан бірлігін қашырып жатқан секілді. Тіпті, жақын ағайындар арасында да жік түсуде.   Өткен жексенбіде Шардара ауданы Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі сайланды. Естуімше үш үміткер […]

Басты жаңалықтар Құқық

Түркістанда зорлық-зомбылық көбейіп тұр… 

    Өкінішке қарай, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де күн тәртібіндегі өткір мәселелердің тізімінен түспей келеді. Бұрынғы кездері жәбірленуші тарапынан шағым түспесе, зәбір көрсетушіге шара көрілмейтін. 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап әкімшілік іс қозғалу үшін жәбірленушінің арызы міндетті саналмайтын болды. Полиция оны көршілердің немесе өзге де куәгерлердің растауымен өздігінше анықтай алады. Ал 2024 жылдың 15 маусымынан бастап бұрын […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

 Шымкентте қатеден көз сүрінеді

Шымкент қаласының жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын көріп, көңілің өседі. Дегенмен кейбір келеңсіз жайлар әлі де бар. Мысалы, көше атауларында, көрнекі құралдарда, жарнамаларда өріп жүрген қателерге ешкім де көңіл бөліп, ойланбайтын сияқты. Солардың бірқатарын ғана атап өтейік. Жерлесіміз – қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов атындағы көшенің кейбір үйлерінде «Н.Төреқұлова» деп қате жазылған. Тағы […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкентте электр желілерінің 50 пайызы тозған…

            Шымкент қаласы әкімінің орынбасары — қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті брифинг өткізді. Ол қаланың тыныс-тіршілігі мен қоғамдық-саяси ахуал жөнінде баяндады.             Қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желілерде сөз болған бірқатар келеңсіз пікірлер бойынша түсініктеме берді. Мәселен, осы ай басында қаланың бірқатар аумақтарында электр қуатымен қамтамасыз етуде қолайсыз  жайлар орын […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Жетісайда мемлекеттік заң маңызды емес пе?

 Ел экономикасының дамуында инвесторлардың үлесі зор. Алайда, олардың жұмысы жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізбеуі одан да маңызды. Ұлт саулығының маңызы жайлы Мемлекет басшысы өз жолдауында арнайылап тоқталғаны көзі қарақты оқырманға мәлім. Өкінішке орай, кей аудандарда ұлт саулығын жақсартудың орнына, кері әрекеттер орын алуда.   «…Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау […]