Жоқ! Мемлкеттік сатып алу мәселесі десе бірден-ақ мұнда да «Шымкенттік вариант» деріңіз мүмкін. Алайда, мәселе сіз ойлағандай емес екен.Шымкенттің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифинг болып өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Колосков, Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы […]
Басты жаңалықтар
«Жедел жәрдем» шұғыл көмекке дайын ба?
Мамыр айынан бастап елімізде медициналық жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі біршама өзгерді. Атап айтқанда, енді 4 санаттағы шақыртулар бойынша пациенттерге қызметті күндізгі сағат 08.00 – 20.00 аралығында олардың өздері тіркелген аумақтағы медициналық ұйымның мобильдік топтары көрсететін болды. Аталған тәртіп жедел жәрдемнің тиімділігін арттыру үшін, әсіресе үлкен қалалардағы жүктемені оңтайландырып, күту уақытын қысқарту мақсатында ендіріліп […]
Әлеуметтік желі шексіз мүмкіндік. Бірақ, шексіз еркіндік емес
–Айжан Өмірзаққызы, елімізде азаматтардың жеке өмiріне қолсұғуға, олардың дербес деректерін таратуға тиым салатын заң бар. Бірақ, әсіресе, әлеуметтік желіден байқап жүргеніміздей, аталған заң талаптары жиі бұзылады. Тіпті «Пәленше-парақор», «Түгенше-қылмыскер» дегенді сот үкімі шықпай жатып-ақ жариялап, жазып жататындар көп. Мұндай келеңсіздіктің кең етек жаюы дер кезінде жауапкершілікке тартылмауынан да шығар бәлкім… Сіз қалай ойлайсыз? –Жалпы, әлеуметтік […]
ОҢТҮСТІКПЕН МАҚТАНУДЫ, ШЫМҚАЛАНЫ ЖАҚСЫ КӨРУДІ ҮЙРЕТІП КЕТТІ
Ол халқымыздың жоғары моральдық деңгейін, имандылығын сақтау жолында қалам тербеп, қоғамда ата дәстүрден бұра тартқан қылықтарды әшкереледі. Жекелеген шымкеттікке тән кемшіліктерді де көре білді, сынап жазды, айтты да. Тұрмыста үйреншікті болып кеткен мінез-құлыққа, адамның ішкі мәдениетіне көңіл бөлетін. Мысалы, түрлі жиынға, іс-шараға, тіпті шақырылған жердің баршасына кешіккенді жаны сүймейтін. Сонда ол жерлестеріне мақтап отырып ескерту […]
Шардара мен Арыстың жаңа тынысы
«Сүткент-Байтоғай» көпір жобасы Ауылдарды көркейту мақсатында қаншама мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, әдемі әндер жазылғанымен, болашағы бұлыңғыр ауылдар әлі де аз емес. Тіпті, қатарынан үш жылды «Ауыл жылы» деп атап, арнайылап көңіл бөлінсе де тіршілігі түзелмегендері табылады. Ауыл жастары күнкөріс қамы деп, қала берді баянды болашақ іздеп, тіршілігі қыз-қыз қайнаған қалаға қарай ағылуда. Мұны жөнсіз деп […]
«МУЗЕЙ ТҮНІ» ТАРИХҚА ҮҢІЛДІРДІ
18-мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Шымкент қаласының музейлер бірлестігіне қарасты «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. «Музей түні» жобасы аясында «Тарих қойнауындағы Шымқала» тақырыбымен өткен шарада көрермен назарына «Шымқала жәдігерлері» экспозициялық көрмесі ұсынылды. «Бұл музей 2021-жылы көктемде ашылған. Күнделікті жұмыс істейді. Тек дүйсенбі – тазалық күні. Жаз айларында сағат таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін […]
Әдебиеттің әдемі әлеміне
бөлек мақам әкелген қаламгер Көркем сөзді кестелеуден бөлек өзіндік мақамын қалыптастырған Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай кешегі аптада түркілер төрі–Түркістан мен күншуақты –Шымкентіңізде тағлымға толы іс-шаралар легі өтті. Жазуымен де ісімен де өскелең ұрпаққа ұлағат қалдырған қаламгердің мерейтойлық іс-шараларының ең негізгісі –жастарға арналды. Алдымен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Мархабат Байғұт оқулары» атты шығармашылық байқауға облыс […]
ШЫМКЕНТТЕ АХУАЛ ҚАЛАЙ?
Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кезекті баспасөз мәслихаты болып өтті. Брифингте қала әкімінің орынбасары – әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Шымкенттегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасады. «Алтын белгіден» 670 түлек үміткер 2024 – 2025 оқу жылы аяқталуда. Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен биылғы соңғы қоңырау 23-мамыр күніне белгіленген. Осыған байланысты 1 – 10-сынып оқушыларына сынып сағаттарында […]
Шымкентте қоқыс өңдеу зауыты қашан салынады?
Әне-міне дегенше жаздың аптап ыстық күндері де басталады. Бұл кезде Шымкентті күнделікті қоқыстан уақтылы тазартып тұру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналады. Себебі тұрғындардың түрлі орындарда қыдырып-серуендеуі, тамақтануы артады, қоқыс тастау көбейеді. Жаздың ұзақ күнін пайдаланып құрылыс салатын, үйінде жөндеу жұмысын жүргізетіндер бар, олар да қыруар қоқыс шығарады. Таяуда болған брифингте қала әкімінің орынбасары, ресми […]
Өмірі өнегемен өрілген
Тойбек ақсақал туралы сыр-толғақ «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек», — деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, бұл жалған дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген? Бұл жаратылыстың бұлжымас заңы. Бір Алладан басқаның бәрі өзгереді. Алла ғана мәңгі жасайды. Сол […]









