Шымкент

Субсидия жайы түсіндірілді

   Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров пен ҚР АШМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департамент директоры Бернат Алпысбеков апта басында салаға қатысты қызметтерді дамыту мен түсіндіру жұмыстары бойынша алқалы жиын өткізді. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде […]

Қоғам Шымкент

Шымкент – құрылыс алаңына айналды

Мегаполисті дамытудың алдағы жылдарға арналған бағдарламасы негізінде Шымкентте бірқатар жаңа нысандар бой көтеріп, сәулетті ғимараттар салынатыны белгілі. Десе де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік нысандардың құрылысына басымдық берілуде. Тұрғындардың қажеттілігі үшінгі нысандар көптеп бой көтеріп, мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артуы қажет. Содан да болса керек бүгінгі Шымкенттің кескін-келбетінен алып құрылыс алаңын аңғару […]

Шымкент

Инвесторлар игілігі

Ел экономикасын дамытуда басты рөл атқаратын инвестициялық саясатта сананы жаңғырту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қарастырылуда. Мемлекет абсшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керектігін айтқан-ды. «Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты  қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды […]

Шымкент

АЛАҢША АРТЫП КЕЛЕДІ 

Мегаполистің Абай ауданына қарасты Алдоңғаров шаруашылығында 200 ірі қара мал мен 50 жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызға жуығы аяқталған. Кешегі аптада қала әкімі Мұрат Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен кездесті. Кәсіпкерге ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірген қала басшысы алдағы уақытта бордақылау […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкентте мәселе шешу оңай

Себебі тұрғындар көкейтесті сұрағын 109 бірыңғай нөміріне хабарлап айтуды әдетке айналдырған. Сенімдісі осы. Ал бұл нөмір – Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық орталығына тиесілі. Қабылданған барлық арыз-шағым, өтініш, талап-тілектер тиісті сала мамандарына дер кезінде жеткізіліп, мәселенің оңтайлы шешілуіне негіз болуда. Жалпы бұл қызмет түрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» […]

Қоғам Шымкент

Жаңа жобалар жүзеге асатын күн алыс емес

Шымкентте 524,7 миллиард теңгеге 143 жобаның тиімділігі зерделеніп, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобалар да жетерлік. Мысалы, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған сусындар зауыты да бар. Бұл түркиялық инвесторлардың бастамасымен жүзеге асатын кәсіпорын. Ал инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау, темірбетон бұйымдарын өндіру, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы […]

Әлеумет Шымкент

Су тапшылығын болдырмау үшін

«Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын жадымызда ұстану қажет болып тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанын айта келе, халыққа арнаған Жолдауында ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған түйткілді мәселеде су көздерін қорғау, оны пайдалануда бей-берекетсіздікке жол бермеуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы «Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың […]

Шымкент

Құлпынайдың дәмдісі Шымкентте өседі

Шымшаһарда соңғы жылдары жылыжай шаруашылығына деген қызығушылық арта түскен. Дихан қауымы бұл саладан табатын табыстың да аз еместігін алға тартуда. Агроөнеркәсіптік сектордағы мұндай серпінді қадам мегаполистің экономикасын дамытуға да үлес қосуда. Дәл қазір Шымкент қаласының аумағында 209 гектар жылыжай кешені жұмыс істеп тұр. Оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Аталған кешендерден жылына шамамен 17 мың […]

Қоғам Шымкент

Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында өскелең ұрпақ тәрбиесі жайлы көптің көкейіндегі толғанысты ойды ортаға салды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға бағыт-бағдар беру, жол нұсқап, еліміздің мақтаныш етер тұлғасы болуға негіз қалау — қоғам белсенділерінің, аға буын ұрпақтың негізгі міндеті болуға тиіс-ті. Жақында Шымкентте болған Президент Әкімшілігі Басшысының […]

Шымкент

Оқушылар үйі – тәрбие жұмыстарын арттырады

Кеше ғана Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты қадау-қадау мәселелерді айтып, қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді болдырмау үшін қазірден бастап бала тәрбиесіне жіті мән беру керектігін айтты. «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Бүгінгі интернет дәуірінде бұл оңай шаруа емес. Ашығын айтсақ, қазір […]