Түлкібас ауданында инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Асқар Естібаев төрағалық етті. Штаб отырысына аудан прокуроры Ескендір Бекманов, аудандық полиция бөлімінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бөлім басшылары және бірқатар кәсіпкерлер қатысты. Онда кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру мәселелері талқыланды. Ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың […]
Метка: зауыт
Шымкенттің ауасы қашанғы ластанады?
Кейде түн ішінде немесе таң алдында Шымкенттің ауасында жағымсыз иіс пайда болады. Кешегі күні де солай болды. Жалпы, бықсып, шала жанған көмірдікі сияқты иіс бірде аздап сейіліп, бірде қоюланып, әсіресе желсіз күндері қатты сезіледі. Ал биігірек тұстан қарасаңыз, Бадам бойын шығыстан батысқа қарай ұзына бойы түтін немесе шаң-тозаң пердесі тұмшалап тұрады. Бұл иіс пен тозаң […]
Түлкібаста өндіріс өркен жаюда
Түлкібас ауданында ауыз су және алкогольсіз сусындар өндіретін «Beibars Bottlers» ЖШС зауытының салынып жатқаны мәлім. Темір және пластикалық құтыдағы «RC» маркалы сусындар өндіретін бұл зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 мың тоннаны құрайды. Өнімі ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған – 51 пайызы Ресейге, 26 пайызы Қырғызстанға шығарылады. Өндірісті одан әрі кеңейту мақсатында жобаның ІІ […]
АГРАРЛЫҚ САЛАДА АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА
Салыстырмалы түрде Түркістан облысының жер көлемі аса үлкен емес. Алайда, ауа райының аграрлық салаға қолайлылығы мен жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығының арқасында шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден, оны экспорттаудан, инвесторлар тартудан республикада алдыңғы қатарда келеді. Бұған жуырда белгілі болған жарты жылдың жұмыс қорытындысы дәлел бола алады. Ол туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің […]
Түлкібаста туризммен қатар өндіріс те өркендеп келеді
Туризмді дамытуға қолайлы, табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданында отандық өндірісті, кәсіпкерлікті дамытуға да көп көңіл бөлініп отыр. Жуырда Асқар Естібаев басқаратын ауданда журналистер туры ұйымдастырылып, бірқатар кәсіпорындардың тыныс-тіршілігі таныстырылды. Журналистер тобын аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлмен мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбеков бастап жүрді. Ең алғаш табан тіреген Жабығылы ауылындағы құс етін өндіретін «Қарқын […]
Төлебиде алюминий өндірілмек
Көркем табиғаты, бал татыған қымызымен танылған Төлеби ауданы алдағы уақытта ірі кәсіпорын мекеніне айналмақ. Ауданда еліміздегі ірі алюминий зауыты жұмысын бастайды. Кәсіпорын толық іске қосылғанда ауданда жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі. Жуырда әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен Киелітас ауылдық округінде алюминий орамдарын өндіретін зауыттың құрылысына қатысты […]
МАҚТА МАШАҚАТЫ
Машақаты мың түйеге жүк болса да Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту қарқын алуда. Тіпті, бұрын жүгері егумен жүйелі түрде айналысқан отырарлықтар да бүгінде мақтаға бет бұрған. Бірақ, шаруа ала жаздайғы есіл еңбегінің рәтін көре алмай отыр. Себебі, қолдағы өнімді зауытқа өздері тікелей өткізе алмайды. Араға делдал түсіп алған. Шаруадан арзанға алып, зауытқа қымбатқа сатады. Екіортада […]






