Әлеумет Шымкент

Оқушылар мен 70-тен асқандар тегін жүреді

Олар ғана емес, тағы біраз азаматтар автобуста тегін жүруге құқылы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғындарға деген әлеуметтік қамқорлық, жайлы орта қалыптастыру, халықтың әлсіз тобына жататын азаматтарды қолдау, көмектесу шарасы аясында Шымкент қаласының әкімі арнайы шешім шығарып отыр. Енді мамырдың 1-інен бастап бірқатар азаматтар автобуста тегін жүретін болды. Бұған дейін Шымкентте қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы […]

Әлеумет

Қызылша ауруының алдын алу

 Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Инфекция ауа тамшылары арқылы беріледі. Науқаспен байланыста болған кезде бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін. […]

Әлеумет Шымкент

Бағаны тұрақтандыруға күш салынуда

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында өткен аптада аймақтық форум өтті. Онда халықты ерте пісетін көкөністермен қамту мәселесі қаралды. Форумға ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы А.Әбілдабеков, Ауылшаруашылығы министрлігінің департамент директорының орынбасары Ш.Ахметов және QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы өкілдері мен салалық басқармалар қызметкерлері, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен сауда желілерінің өкілдері қатысты. Ашық […]

Әлеумет

Паразиттік аурулардың алдын алыңыз!

         Паразиттік аурулар — гельминттер мен қарапайымдылар тудыратын аурулардың кең таралған тобы, олар адам ағзасында өмірлік циклден өтіп, қоректеніп, көбейіп, әртүрлі мүшелерге зақым келтіреді. Гельминттер тұрғындардың, әсіресе балалардың денсаулығына әртүрлі патологиялық әсер етеді. Паразиттер аллергияны тудырады, иммунитетті тежейді, соматикалық аурулардың дамуына ықпал етеді және емдеу мерзімін ұзартады, балалардың психикалық және физикалық дамуын тежейді. Науқастардың арасында […]

Әлеумет

Асауды ауыздықтаған бозбала

Біздің кейіпкер Мейрамбек Ошақбай – Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет ауылында тұрады. Ол 6 жасынан бастап атқа мініп, бүгінде тай-құлындарды бас білдіріп жүрген балаң жігіт. Махамбет Өтемісұлы атындағы мектептің 9 сыныбында оқитын бозбаланы арнайы іздеп, ауылына бардық. Біз Махамбет ауылына кіргеннен тай-жабағыға мінген балаларды жиі кездестірдік. Білгеніміздей, мұнда атбегілік кәсіпке қызығатындар көп екен. […]

Әлеумет

Листериоздан сақтанайық!

         Листериоз — жануарларда орталық жүйке жүйесі мен жыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, доңыз, жылқы, үй қояны, тауық, қаз, үйрек, күркетауық, т.б. жануарларының төлдері мен буаз аналықтары өте бейім. Ауру қоздырушы ауырған мал мен кеміргіштер арқылы тарайды.          Қоздырушы сүтте, сүрлемде сақталып қана қоймай, өсіп-өнеді.          Аурудың сыртқы […]

Әлеумет

180 мың теңгелік көйлектер тоқиды

Біздің кейіпкер Әйгерім Әлімқұлдың тоқыма шеберханасының табалдырығын аттағаннан-ақ бойымызды бір жылылық билегендей болды. Бөлме ішінің безендірілуі, ондағы жиһаздар, тіпті радиода шырқалған ретро ән… бәрі-бәрі бізді тоқсаныншы жылдарға жетелеп кеткендей. Алдарына қойылған үлгіге қарап, үнсіз тоқып отырған апалар секілді өзімізді сырттағы қым-қуат тіршіліктен бір сәт алшақ алып, жайлы ортада жүрегіміз тыныштық тапқандай күйге ендік. «Қазіргі жастар […]

Әлеумет

Көкала – аса қауіпті жұқпалы ауру

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус  қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері: инкубациялық кезең, яғни ауру қоздырғышын жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім  1-14 күнге дейін созылады, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына […]

Әлеумет

АРБАҒА ТАҢЫЛҒАН ҚАРИЯ 3 ЖЫЛДАН СОҢ АЯҚҚА ТҰРДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны, 65 жастағы Жасұзақ Нұржанов осыдан 3 жыл бұрын инсульт алған. Науқас ауыр дерттің салдарынан мүгедектер арбасына таңылып, қайта сауығудан күдер үзеді. Бірақ «Атамекен» оңалту орталығының дәрігерлері қарияға МӘМС аясында үздіксіз оңалту шараларын көрсетіп, жақында аяққа тұрғызды. Инсульт мидың ұзақ мерзімді зақымдалуына, мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан аталмыш дертпен күресте науқастың ерік-жігері […]

Әлеумет

Арнаулы әлеуметтік төлемдер кімдерге тағайындалады?

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодекске өзгерістер енгізіліп 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап,  еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында  арнаулы әлеуметтік төлемдер тағайындау енгізілген болатын. Осы арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қойылатын негізгі талаптар: Бірінші 55 жасқа және одан жоғары жасқа жетуі.           Екінші 7 жыл және одан […]