Бруцеллез (сарып) – малда, адамда созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ең басты белгілерінің бірі – ол ауырған малдың іш тастауы және шуының түспеуі. Бұл ауру сиыр, қой, ешкі, түйе, шошқа малының арасында жиі кездеседі. Адамдар үшін оның қой, ешкі малының арасында болатын түрі өте қауіпті саналады. Таралуында ұсақ және […]
Автор: admin
Уақытты орнына қайтарайықшы!
Құрметті редакция, менің осы пікірімді газеттеріңізде бассаңыздар екен. Өйткені бұл мәселе бүгінде талай жанды мазалап жүрген болуы әбден мүмкін. «Бір уақыт белдеуіне келтіреміз» деп сағатты жылжытқанына да екі жыл болды-ау. Амал жоқ, адам бәріне де үйренеді ғой. Үйреніп келеміз. Қайтеміз енді… Бәрінен бұрын ұйқының қанбайтыны қиын болды. Өз басым ұйқыбас емес едім, бірақ осы сағат […]
Инвестициялық жобалар қалай жүзеге асуда?
Түркістан облысында өңірге инвестиция тарту бойынша көптеген істер атқарылуда. Бұл бағыттағы жоспарды түрде қолға алынған жұмыстар жыл сайын қарқын алып келеді. Өз кезегінде ол жаңа жұмыс орындарының да көптеп ашылуына оңды әсерін тигізуде. Шетелдік инвесторлардың миллиондап қаржы құюымен көптеген жобалар қолға алынған. Облыста өндірістік парктерді дамыту, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге бағытталған жобаларды қолдау жұмыстары […]
ШЕШЕННІҢ СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ
Шешендік өнер – тиісті адамгершілік өлшемдерін, кісілік қасиеттерді әр қоғам мүшесінің біліп, өмірдің түрлі жағдайларында жүйелі түрде пайдалануы. Бұл ретте әркімнің кісілік қасиеттерді бойына сіңіруге деген талпынысын, құлшынысын туғызудың қажеттігі, жұртты соған жұмылдырудың маңызы ерекше бағалы. Жамандау – кісіліктің кемдігі Қазақ шешендерінің кісілік кемелдік, адамгершілік тұрғы туралы концептуалды ойлары олардың өмір сүрген дәуірінің, заманының мәдени-әлеуметтік, […]
Шымкентте миллионға жуық көлік жүйіткіп жүр
Күннің ыстығында көлік жүргізушілеріне де қиын. Аптап ыстық салонды «қайнатады», жиі терлетіп, шөлдетеді. Осының бәрі жүйкеге әсер етіп, кейде адамның дер кезінде қандай да бір қауіптен сақтануына, жалтаруына, дұрыс шешім қабылдай алмай қалуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілерінің жаздың аптап ыстық күндерінде абай болғаны абзал. Жалпы, Шымкентте жол қозғалысына қатысты ахуал қандай? Жол-көлік оқиғалары […]
Бөлмені қалай салқындатқан жөн?
Бүгінде жұртты аптап ыстық әбіржітуде. Үйді, кеңсені желдеткішпен, кондиционермен салқындатып әуреміз. Ал қандай да бір себеппен электр қуаты болмай қалса ше? Не істейміз? Мынадай тәсілдер есте болсын: Аса қажет болмаса, еденге төселген түкті кілемдерді уақытша жинап қойғанның көмегі көп. Бөлмеге әлсін-әлсін әбден мұздатылған су бүркіп, еденді жиі-жиі салқын суға шыланған шүберекпен сүртіп тұрсаңыз, жәрдемі тиеді. […]
Ақбайлықтар сасық иістен тұншығып отыр
Апта басында редакцияға Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбай елді мекенінің тұрғындары хабарласты. Олардың сөзіне қарағанда ауыл шетіне тасталған қоқыс пен мал тезегінің сасыған иісінен тұрғындардың тынысы тарылып, далада демалулары қиындапты. Тіпті, «балалардың үстін жара басып жатыр» деген дабылды естігеннен кейін мәселеге бей-жай қарай алмай, арнайылап ауылды бетке алдық. Мән-жайды алдымен ауылдық округ әкімінен […]
Мәжіліс мәйегі – жастар жайы
Жастар – үлкен күш. Оларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жақсы маман болып қалыптасуына, алғашқы еңбек жолына қадам басуына қолғабыс жасау маңызды. Осы және өзге де мақсатта Түркістан облысында жыл басынан бері 4536 іс-шара ұйымдастырылып, оған 434 мыңнан астам жас қамтылған. Ресми дерекке жүгінсек, өңірде жыл басынан бері 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі […]
САУ ҰРПАҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Репродуктивті денсаулықты сақтау дегеніміз — сау ұрпақты көбейту функциясын қалпына келтіруге және сақтауға көмектесетін шаралар. Мұндай шараларға мыналар жатады: салауатты өмір салтын ұстану және жаман әдеттерден бас тарту; жыныстық өмір ережелерін сақтау; жүйелі түрде тест тапсыру және жыныс жүйесінің саулығын бақылау; демалыс пен еңбек арақатынасын сақтау, стресстен аулақ болу және қалыпты психоэмоционалды күйде болу. «Денсаулық» […]
Мұхит сулары қызып жатыр…
Әлемді әбіржіткен аптап ыстық Тынық мұхит сулары температурасының да қалыптағыдан ауытқып, 5 градусқа дейін жылынуына тікелей әсер етуде. Соның салдарынан, мысалы, Солтүстік-батыс Еуропадағы Ұлыбритания осымен қатарынан үшінші мәрте ыстық ауа массаларының «шабуылына» ұшырап отыр. Мұның бәрі «Эль-Ниньо» әскерінен. Ол – Тынық мұхиттың экватор аумағындағы судың беткі қабаты температурасының ауытқу құбылысы. Бұл – әрбір 2-7 жылда […]









