Бүгін біз аты затына сай, жөні бөлек, жосығы ерек ұстазымыз туралы сөз қозғағымыз келеді. Адам болған соң артынан сөз еретіндер аз емес. Әйтсе де, жұрттың бәрімен, үлкенмен де, кішімен де әңгімесі жарасатын, айналасына іштарлықпен емес, құштарлықпен қарайтын ұстаздардың бірі де бірегейі Жүзбай ағамның соңынан сыпсың сөз ергенін естімеппін. Алыстан көре сала аңқылдап амандасатын, жылы сөзі […]
Автор: admin
Памперс жиіркену сезімін жояды
Бесіктің қасиеті – тазалықты таныту екенін әрбір ана білетіні, әрине, шүбәсіз. Қазіргі қолданып жүрген жөргектің (памперс) зияны туралы ғалымдар айтып-ақ берген. Ал әжелеріміз не дейді, ол туралы тыңдайсыз ба? Хадуба деген әжеміз бар, балаға қатысты айтарын дәлелмен айтады. «Памперс баланың жиіркену сезімін жояды. Бала өз боғынан жиіркенбей өссе бойындағы тітіркену сезімдерін жоғалтады», — дейді ол […]
«ҚҰРТТАҒАН СУ ІШІП ОТЫРМЫЗ…»
Жаңатілектіктердің жанайқайынан әкім Ғабит Сыздықбековтыңхабары бар ма? Ресми деректерде Шымкент халқының 99,5 пайызы таза сумен қамтылғаны айтылады. Алайда, мақтаулы мегаполистегі Жаңатілек көшесінің тұрғындары 25 жылдан бері таза су тапшылығын тартып, құрт араласқан жерасты суын тұтынып келеді дегенге сенесіз бе? Әрине, сенгіміз келмейді. Біздің де сенгіміз келмеген. Бірақ… Абай ауданы Жаңатілек көшесінде 2025 жылы ауыз су […]
САНЖАР -МЭР КЕҢЕСШІСІ
Бірқатар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елді елең еткізер қызық хабар жарияланды: Санжар Әбішев есімді қандасымыз Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Сент-Джеймс деп аталатын аудан мэрінің кеңесшісі болып сайланыпты. Сайлауға түрлі партиялардан 15 үміткер қатысқан, соның үшеуі – Санжар Әбішев, Марк Ангус Ширер және Тим Митчелл әрқайсысы тиісінше сайлаушылардың 974 – 1035 аралығында дауысына ие болып, […]
«ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛЫП БЕРЕМІН…»
деген – алаяқтың әрекеті Әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын кез келген азаматқа алып беруге делдалдық қызмет көрсетеміз деген ұсыныстар әлі де кеңінен таралуда. Бұл – алаяқтық әрекет. Мұндай қызметтер үшін олар алдын ала төлем жасауды талап етеді, яғни оны көрсетілген қызметтің ақысы ретінде негізсіз сұрайды. БЖЗҚ ескертеді: […]
БАЛАҒА НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАМАҢЫЗ
Жақында жұмыстан қайтып бара жатып ұлым оқитын мектепке соққан едім. Директорын, бірқатар мұғалімдерін танимын, кей-кейде жолым түсе қалса сәлемдесіп, жағдай сұрасатыным бар. Директор неге мұңайды? Бірден байқағаным – мектеп басшысының көңіл-күйі пәс көрінді. Себебін сұрадым. «9-сыныптағы бір оқушымыз проблема тудырып отыр. Үйіне қонбағанына бірталай күн болған. Бүгін шақырып алып, анасына ертіп жіберсем, жарты жолда тағы […]
НЕГЕ БАҚЫЛАУ БОЛМАЙДЫ?
Мен Шымкент қаласының Қарабастау тұрғын алабында тұрамын. Біз күнде жұмысқа қатынайтын Қаратөбе жолы жақсы еді. Осыдан үш жылдай бұрын кәріз желісін жаңарту мақсатында жолдың шетін қазды. Уақытында басталған жұмыс ұзақ уақыт аяқталмай, тұрғындарды бір әбігерге салып еді. Не керек, құбыр жаңартылып, бұзылған жол жөнделді. Оған да шүкіршілік еттік. Бірақ сапа көңіл көншітпейді. Бір жөнделген жол […]
ХАНТАВИРУС, НОРОВИРУС…
Нидерландының Аргентинадан Кабо-Вердеге бара жатқан круиздік лайнерінен аса қауіпті жұқпалы ауру – хантавирустың штаммы табылды. Ауру кеміргіштерден, яғни атжалман, тышқандардан жұққан болуы мүмкін деген болжам бар. 3 адам өлді Аталған ауруды 7 адам жұқтырған, 3-еуі қайтыс болған. Вирусқа «Андес штаммының хантавирусы» деген атау беріліп отыр. Оның симптомдарының негізгі екі басты көрсеткіші болады. Біріншісі – бүйрек […]
КИТПЕН ЖҮЗІП ЖҮР
Бүгінде туризмнен түсетін табыс көптеген елдердің бюджетіне елеулі кіріс келтіріп жатқаны белгілі. Сондықтан қай ел болса да өзінің өзгені қызықтыратын ерекшелігін тиімді пайдаланып, туризмді өркендетуге күш салады. Осындай экзотикалық ерекше туризм түрінің бірі – «Китпен сафари». 100 метр жақыннанкөруге болады «Китпен сафариді» табыс көзіне айналдырған елдер киттердің уақытша көшу маусымдарын тиімді пайдаланады. Ол жақтарға барған […]
САПАЛЫ ЖОЛ ЭКОНОМИКАҒА ОҢ ӘСЕР ЕТЕДІ
Жол сапасының төмендігі көлік апаттарының жиілеуіне тікелей әсер етіп, жолаушы өміріне қауіп төндіреді. Сол себепті, жол сапасын жақсарту – адам өмірін сақтаудың негізгі факторы ретінде қарастырылады. Жалпы алғанда, елімізде негізгі магистральдар жақсарғанымен, өңірлік және аудандық жолдардың сапасы әлі де өзекті күйін сақтап тұр. Осыны ескерген Мемлекет басшысы өңірлердегі жолды жөндеу жұмыстарына қатысты айрықша тапсырма берген […]









