Басты жаңалықтар Құқық

9,7 миллион теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 9 717,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақтылығын растайтын құжаттардың болмауы немесе тиісті түрде […]

Басты жаңалықтар Құқық

Полиция дронмен жүр

Бұл тәсіл Шымкентте өз нәтижесін беруде. Әсіресе, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға тәртіпбұзушылықтың алдын алуға дронмен бақылау жасау әдісі мол мүмкіндік беруде екен. Осылайша полиция қызметкерлері қала аумағын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға үлес қосуда.   Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда. «Таза қала» акциясы аясында полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізуде. Экологиялық тәртіпті сақтауға, көріктендіру […]

Біле жүріңіз Құқық Шымкент

ВЕЛОСИПЕДПЕН, САМОКАТПЕН ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ!

    Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионы мен Дендросаябақ арасын байланыстыратын, бұрынғы балалар теміржолының орнына жаңа серуен аймағы салынғаны белгілі. Бүгінге дейін бұл жолды жаяу жүргіншілер ғана емес, велосипедшілер мен самокат тізгіндегендер де пайдаланып келді. Алайда, тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге сәйкес және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тамыздың 4-інен бастап бұл аймақта велосипедпен, самокатпен жүруге тыйым салынады! Себебі соңғы […]

Басты жаңалықтар Құқық

Шаруаны сарсаңға салған кім?

      Қазақстанда қабылданған заң нормалары мен Президент Жолдауларына назар салсаңыз, шаруаға барлық жағдай жасалған. Алам дегенге арзандатылған несие бар, техникалар лизингке таратылады. Қарап отырсаңыз шаруаның шекесі шылқып, мол пайдаға кенеліп жатқандай. Бірақ, бұл қағаз бетінде ғана. Шын мәнісінде несие ала алмай, алған несиесін төлей алмай, өнімін өткізе алмай жүрген шаруа қаншама. Шіріген өнімді амалсыз қоқысқа […]

Басты жаңалықтар Құқық

Түркістанда зорлық-зомбылық көбейіп тұр… 

    Өкінішке қарай, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де күн тәртібіндегі өткір мәселелердің тізімінен түспей келеді. Бұрынғы кездері жәбірленуші тарапынан шағым түспесе, зәбір көрсетушіге шара көрілмейтін. 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап әкімшілік іс қозғалу үшін жәбірленушінің арызы міндетті саналмайтын болды. Полиция оны көршілердің немесе өзге де куәгерлердің растауымен өздігінше анықтай алады. Ал 2024 жылдың 15 маусымынан бастап бұрын […]

Әлеумет Құқық Шымкент

Азаматтық ала алмай жүрміз…

— Түйткілдің түйінін тарқата алмаған соң өздеріңізге хабарласуға мәжбүр болдым. Мен Қайырғалитегі Нұрбол Өзбекстанның Самарқан облысынан көшіп келіп, Қазақстан азаматтығын алғаныма бірнеше жыл болды. Осында келген соң дүние есігін ашқан екі балам да Қазақстан азаматы. Мәселе менің әйелімде болып тұр. Ол өзбек ұлтының өкілі. Өзбекстан азаматы. Біз сол жақта үйленгенбіз. Ата-анам мен бауырларым тарихи Отанға […]

Құқық Мәселе

АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙМАЙ ТҰР

Өткен бір апта ішінде қаладағы тіркеу органдарының өндірісінде  жалпы 180 қылмыстық іс тіркелген. Олардың 11-і сотқа жолданған. Жиі тіркелетін іс – алаяқтық пен ұрлық. Тонау оқиғаларына, жол-көлік оқиғаларына қатысты істер де азаймай тұр. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі-әкім орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.   Алаяқтықтың негізгі тәсілдерінің […]

Басты жаңалықтар Құқық Мәселе

Әлеуметтік желі шексіз мүмкіндік. Бірақ, шексіз еркіндік емес

–Айжан Өмірзаққызы, елімізде азаматтардың жеке өмiріне қолсұғуға, олардың дербес деректерін таратуға тиым салатын заң бар. Бірақ, әсіресе, әлеуметтік желіден байқап жүргеніміздей, аталған заң талаптары жиі бұзылады. Тіпті «Пәленше-парақор», «Түгенше-қылмыскер» дегенді сот үкімі шықпай жатып-ақ жариялап, жазып жататындар көп. Мұндай келеңсіздіктің кең етек жаюы дер кезінде жауапкершілікке тартылмауынан да шығар бәлкім… Сіз қалай ойлайсыз? –Жалпы, әлеуметтік […]

Қоғам Құқық

ҮШ БИГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ!

БИЛЕР ЖҮРГЕН ІЗБЕНЕН…        Қазақтың билері туралы сөз болғанда, біздің есімізге ең алдымен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түседі. Себебі, бұл даңқты үш биді бүкіл Орта Азия халқы біледі және құрметтейді. Өйткені олар өз заманында Алты Алаштың бірлігі мен ынтымағын ойлап, ел мен жердің тұтастығына қызмет еткен! Ол жөнінде айтылған әңгімелер, жазылған әдеби-тарихи […]

Басты жаңалықтар Құқық

Күнгейде күнде суыт хабар

  Бірі көшеде мылтық арқалап жүрсе, бірі адам өлтіріп,                       мәйітін өз ауласына көміп тастаған Шымкентте екі кештің арасында қала әкімінің орынбасарына оқ атып жарақаттады. Шырайлы Шымкенттің шырқын бұзғандай болған бұл оқиға елді елең еткізді. Түрлі қауесетті алға тартып, ел арасына ши жүгірткен, ердің намысына тиіп, сағын сындырмаққа әрекеттенгендер де табылмай қоймады. Бұл бұл ма, […]