Шымкентте шағын және орта бизнестің көлемі артып, соған сай салық түсімдері де көбейіп отыр. Өз жұмысын жолға қоюдың арқасында мемлекетке миллиондап салық төлеп отырған кәсіпкерлер бар. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті баспасөз мәслихатында баянадады. Осы орайда бірыңғай кешенді бағдарлама аясында кәсіпкерлерге 5 миллион […]
Шымкент
Шымкентте 815 ит пен 90 мысық көшеге қоя берілді
Қазақстанда жануарларды қорғау заңы бар. Сондықтан бұған қатысты барлық жұмыстар заң мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде атқарылуда. Шымкентте 1302 ит пен 135 мысық залалсыздандырылған. Стерилизация туралы шешім оларды уақытша ұстау пунктіне қамағаннан кейін барып қабылданады. Стерилизациядан кейін қаңғыбас жануарлардың ұрғашысы орталықта 11 күн, еркегі 4 күн ұсталынады. Агрессивті мінез-құлық танытпаса, операция салдары болмаған жағдайда олар бұрынғы […]
Шымкентте кәсіпкер әйелдер бірігіп жатыр
Aiel Space – орталығы кәсіпкер әйелдердің басын қосуда. Олар орталықта заңгердің, маркетолог маманның, пиар жасаудың шебері SMM-шінің, психологтың да кеңесін ала алады. Орталық – белгілі заңгер Айжан Кесебай мен маркетолог, ментор Жібек Бейістің идеясынан туындаған жоба. Шыны керек, біздің бүгінгі қоғам әйелдерге арналған орталықтар мен кеңестер, қоғамдық ұйымдардан кеңде емес. Іскер әйелдер кеңесі, ауыл әйелдерінің […]
ШЫМКЕНТТЕ «ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ» ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?
Біздің сұхбат Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 жылға – 30 игі іс» акциясының жүріп жатқаны мәлім. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті де қала тұрғындарының қауіпсіздігін, ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында көптеген игі істер атқаруда. Бұл жөнінде бізге департамент бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев (суретте) әңгімелеп берді. Өрт көп болды –Қуанар Бекенұлы, […]
Шымкентте интернет жақсара ма?
Сала мамандары «бұдан былай өте жақсы болады» деп отыр. Оған негіз де жоқ емес екен. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай қалалық әкімдік пен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылған. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компанияның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды. Келісім «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде […]
Қажеттілік орта қалыптастырсақ…
Қыркүйектің 5-і қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақстанда тілдер мерекесін тойлау кейінгі жылдары дәл осы күнге орайластырылғаны да сондықтан. Десе де бұл мереке әу баста қыркүйектің 22-сі күні тойланатын. Себебі 1989 жылы дәл осы күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданды. Сол заңда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, […]
Сабыр Рахымов колледжінің жаңа ғимараты ашылды
3-інші қыркүйек күні Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінің жаңа ғимараты ашылды. Оған Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Даурен Жұматайұлы Қосанов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков арнайы қатысты. Әскери колледжді бүгінгі таңда полковник Мақсат Есалыұлы Ахшалов басқарады. Салтанатты іс-шараға жиналған қонақтар алдымен Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойды. Оқу […]
Президент тапсырмасы Шымкентте қалай орындалуда?
Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникациялар алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024-жылғы қыркүйектегі Жолдауы барысында берілген тапсырмалардың орындалуына қатысты брифинг болып өтті. Қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер берді. 3300 жұмыс орны ұсынылған «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған 2025-жылдың ақпан айында Шымкентте «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты және маусым […]
Шымкент жемқорлардан тазарып жатыр ма…
әлде олардың қатары көбейген ба? Жемқорлық – біздің қоғамның өзегіне еніп, әбден орнығып алған дерт. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері шарықтап «дамып» кеткені соншалық, бүгінде оны түбегейлі жеңе алатынына жұрт сенбейді. Мысалы, кезінде Мәжіліс депутаты болған, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденовтің аузынан шыққан «Шымкент – жемқорлықты тоқтатқан Қазақстандағы алғашқы қала», «Шымкентте мемлекеттік […]
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒЫМДЫ ДА, ЖАҒЫМСЫЗ ДА ЖАЙЛАР БАР…
Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар алаңында кезекті брифинг өткізілді. Брифингте Шымкент әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бірқатар жайлар жөнінде мәліметтер берді. Конституция құрметіне – көмек ақша Биыл Конституция күніне орай Шымкентте әлеуметтік қолдауды қажет ететіндерге бір реттік әлеуметтік көмек қаржысы төленуде. Мүгедектігі бар балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде (19 660 теңге), ал […]








