Шымкент

 ШЫМКЕНТТЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифинг өткізді. Брифингте төмендегідей мәліметтер баяндалды:     Мектептер жаңа оқу жылына дайын Шымкентте биылғы жылы мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының қатары артып отыр. Қосымша білім беретін ұйымдар да қалалық білім басқармасының қарамағына топтасқан. Мектепке дейінгілері, қосымша білім беретіндері, жалпы мектептердің […]

Әлеумет Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

 «СВЕТ» НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?

Өткен шілденің аптап ыстық күндерінде Шымкентте электр қуатымен қамтамасыз етуде біраз шектеулер орын алғаны мәлім. Ол қала тұрғындарының тоңазытқыш, желдеткіш сияқты құрылғыларын жаппай қолдануымен түсіндірілді. Яғни электр желілеріне қалыптан тыс салмақ түскендіктен біраз апаттар болған. Осындай оқыс жайлардың алдын алу үшін бірқатар шағын аудандарда электр жарығы жоспарлы түрде бір-екі сағаттан сөндіріліп тұрды. Мұндай жайлар, әрине, […]

Әлеумет Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Салық көлемі бекітілді Шымкенттегі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған 56 мың гектар жердің  25 мың гектарға жуығына бүгінде фермерлер түрлі дақылдар егіп өнім алуда. Бұрын олар 1 гектар жерге 91700 теңге төлеуі тиіс еді, қала әкімдігі мен мәслихаты бірлесіп шешім шығарып, ауыл шаруашылығы жерлеріне төленетін салықтың 50 пайызын қысқартып, 45000 теңге көлемінде бекіткен болатын.  Дегенмен бұл […]

Біле жүріңіз Құқық Шымкент

ВЕЛОСИПЕДПЕН, САМОКАТПЕН ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ!

    Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионы мен Дендросаябақ арасын байланыстыратын, бұрынғы балалар теміржолының орнына жаңа серуен аймағы салынғаны белгілі. Бүгінге дейін бұл жолды жаяу жүргіншілер ғана емес, велосипедшілер мен самокат тізгіндегендер де пайдаланып келді. Алайда, тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге сәйкес және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тамыздың 4-інен бастап бұл аймақта велосипедпен, самокатпен жүруге тыйым салынады! Себебі соңғы […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

 Шымкентте қатеден көз сүрінеді

Шымкент қаласының жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын көріп, көңілің өседі. Дегенмен кейбір келеңсіз жайлар әлі де бар. Мысалы, көше атауларында, көрнекі құралдарда, жарнамаларда өріп жүрген қателерге ешкім де көңіл бөліп, ойланбайтын сияқты. Солардың бірқатарын ғана атап өтейік. Жерлесіміз – қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов атындағы көшенің кейбір үйлерінде «Н.Төреқұлова» деп қате жазылған. Тағы […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкентте электр желілерінің 50 пайызы тозған…

            Шымкент қаласы әкімінің орынбасары — қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті брифинг өткізді. Ол қаланың тыныс-тіршілігі мен қоғамдық-саяси ахуал жөнінде баяндады.             Қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желілерде сөз болған бірқатар келеңсіз пікірлер бойынша түсініктеме берді. Мәселен, осы ай басында қаланың бірқатар аумақтарында электр қуатымен қамтамасыз етуде қолайсыз  жайлар орын […]

Әлеумет Құқық Шымкент

Азаматтық ала алмай жүрміз…

— Түйткілдің түйінін тарқата алмаған соң өздеріңізге хабарласуға мәжбүр болдым. Мен Қайырғалитегі Нұрбол Өзбекстанның Самарқан облысынан көшіп келіп, Қазақстан азаматтығын алғаныма бірнеше жыл болды. Осында келген соң дүние есігін ашқан екі балам да Қазақстан азаматы. Мәселе менің әйелімде болып тұр. Ол өзбек ұлтының өкілі. Өзбекстан азаматы. Біз сол жақта үйленгенбіз. Ата-анам мен бауырларым тарихи Отанға […]

Басты жаңалықтар Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ АХУАЛ ҚАЛАЙ?

Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кезекті баспасөз мәслихаты болып өтті. Брифингте қала әкімінің орынбасары – әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Шымкенттегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасады. «Алтын белгіден» 670 түлек үміткер 2024 – 2025 оқу жылы аяқталуда. Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен биылғы соңғы қоңырау 23-мамыр күніне белгіленген. Осыған байланысты 1 – 10-сынып оқушыларына сынып сағаттарында […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Сәрсен Құранбек бифингте бәрін айтты

Шымкент қаласы әкімінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифингін өткізді. Жиынға әкім орынбасарынан бөлек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, МӘМС қоры қалалық филиалының, фармакологиялық департаменттің өкілдері қатысып, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. 14 мемлекеттік, 46 жеке мекеме бар Бүгінде Шымкентте тұрғындарға қызмет көрсететін амбулаториялық персоналды деңгейдегі 60 мекеме бар. […]

Мәселе Шымкент

Қайыршысыз қоғам қашан орнайды?

Шымкент мешіттері төңірегінен қайыр-садақа сұрап алақан жайып жүретіндерді жиі көретін болдық. Бала көтерген әйелдер мен жас келіншектер де көзге шалынады кейде. Әсіресе жұма намазы, айт намазы күндерінде қарасы артатын оларды көргенде көңілің пәс тартады. «Арасында қайыршылықты кәсіпке айналдырып алғандар бар» деген сөз де ойландырып қояды. Кей халықта садақа жинау, қайыр сұрау дәстүрі бар деп айтылатыны […]