Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Марат Алипбаев Панкратион федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген ашық чемпионатта 1-ші орынды иеленіп, чемпион атанды. Спорт пен өрт сөндірушінің қызметі егіз ұғымдай. Физикалық тұрғыдан осындай мықты өрт сөндірушілеріміз адамның өмірі мен материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан құтқарудан алдына жан салмайды. Спортта да, қызметте де алдыңғы шепте […]
Шымкент
Заңсыз құрылысқа жол жоқ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала аумағындағы құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды бақылауда ұстап отыр. Жыл басынан бері 645 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама тіркелсе, оның ішінде 81-і бюджет қаражатымен, 564-і жеке қаржыландырумен жүзеге асқан. Басқарма басшысы Мерлан Керімжановтың айтуынша, осы кезге дейін құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне қатысты 781 өтініш қаралған. Оның 189-ы […]
Масылдықтан арылғандар көбейіп келеді
Мемлекеттен атаулы көмек алатын отбасы мүшелерінің біртіндеп жұмыс тауып, өз күнкөрісін жасауға әрекеттенуі қуантады. Десе де бұл әлеуметтік сала мамандарының күшімен жүргізілген үгіт-насихаттық, нақты жобалар ұсыну арқылы жүзеге асатын ауқымды жұмыстардың нәтижесі. Мысалы, соңғы нәтже қорытындысында осындай отбасылардан 330 адам жұмыспен қамтылғаны белгілі болды. Жалпы, биыл жыл басынан бері қалада 8 227 отбасыдағы 42 866 […]
Шымкентке Үкімет басшысы келіп кетті
Нені көрді? Не тексерді? Қазақстан республикасының Премьер-Министр Олжас Бектенов Шымкентке жасаған іс-сапары барысында ең алдымен мегаполистегі инвесторлардың жайымен танысты. Жергілікті билік тарапынан оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулардың барысын саралады. Отандық кәсіпорындардың өнімімен танысып сапасына мән берді. Әрине, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында аймақта қолға алынуы қажет жобаларды, ел экономикасын дамытудың алғышарттары […]
Шымкентте Coca-Cola зауыты бар
Әлемдік брендік өнім шығарушы кәсіпорындар өз өнеркәсіптерін еліміздегі үшінші мегаполис Шымкенттен де ашуды көздеп отыр. Оған бізде мүмкіндік те көп. Бастысы жайлы орта қалыптасқан. Кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал ететін барлық талаптар бойынша көрсеткіштер күн өткен сайын жақсарып келеді. Инфрақұрылымдық жүйе заманауи үрдістерге сай дамуда. Содан да болар Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталық аумағынан «Coca-Cola Kazakhstan» сусынының […]
Мегаполис мүлкін түгендеп жатыр
Газетімізде бұған дейін де жазғанымыздай, Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген кезде облыс меншігінде қалып қойған кейбір нысандар Шымкент қалалық әкімдігіне қайтарылып жатыр. Бұл орайда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізген болатын. Нәтижесінде […]
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА
Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша Шымкент аумағындағы республикалық маңызға ие тарихи-мәдени және сакралды нысандардың бірі — Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінің айналасын тазартып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ибрагим ата кесенесінің аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, ескі орындықтар жаңартылды және жаңа навигациялық туристік тақтайша орнатылды. Қарашаш ана кесенесі аумағы да реттеліп, санитариялық-гигиеналық тораптың құрылысы басталды. […]
Аудан әкімдері жауапкершілікті арттыруы керек
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аппараттық мәжілісте осылай деді. Қаладағы әр ауданның әкімі өз ауданының аумағында не болып, не қойып жатқанынан хабардар болғаны жөн. Әсіресе, коммуналдық қызметтерге қатысты тұрғындардың арыз-шағымына дер кезінде құлақ асып, оны тиісті сала мамандарына жеткізіп отыру аудан әкімдерінің тікелей міндеті. Қала басшысы шетелдік компаниялардың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу […]
РЕСПУБЛИКАДА 3-ОРЫНДА
Шымкент қаласының әлеуметтік-экномикалық деңгейі жыл басынан бергі 7 айдың қорытындысы бойынша ілгерілегені байқалады. «Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар» дейді сала мамандары. Содан да болар, еліміздің үшінші мегаполисінің қысқа мерзімді экономикалық өсімі 11,6 пайызды құрап, республика бойынша алғашқы 3-орынға көтерілген. Былтыр бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 6 орында болатын. Қаладағы […]
IT HUB ашылды
Шымкентте технологиялық кәсіпкерлікті өркендету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT саланы және цифрлық білім беруді дамытуды мақсат тұтқан жаңа орталық ашылды. Оның ашылуына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты. IT стартаптардың, IT компаниялардың, робототехника мектебінің және Tech Orda бағдарламасына қатысушы жеке IT мектептердің, сондай–ақ Шымкент қаласының инновациялық […]









