Қазақтың осы бір даналығы күн өткен сайын ұмытыла бастағандай ма, қалай? Бүгінгі жас ата-ана үшін бұл тәмсіл тәрбиенің басы болуға тиісті емес пе? Жә, ол жайлы сәл кейінірек… Кеше Шымкентте «Отбасы – Отанымның тірегі» атты отбасы институтын дамытуды мақсат тұтқан форум өтті. «Мұндай іс-шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр» дейді білетіндер. Әр отбасының өз құндылығы […]
Мәселе
Шымкентте балабақшадан жылан шықты
АБАЙЛАҢЫЗ! Биыл жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар “жылан жүр!” деп қабарласқан 17 шақыртуға барған. Бәрінде де жылан аулап қатқан. Осыған қарап Шымкентте жылан көбейді демеске амал қалмай тұр. Бір ғана мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар жалан аулауға 9 рет шығыпты. Ай әлі аяқталған жоқ. Әлі қанша шақырту аларын кім білсін?! Мысалы, 16 мамырда Самал-3 […]
Бал арасы неден қырылып жатыр?
Омарташылар алаңдаулы Адам баласына немқұрайдылық көп зардап шектіреді. Соған қарамастан біз айналамызда болып жатқан көп нәрсеге бей-жай қарап, салдарын кейін тартып жататынымыз бар. Мәселен, жуырда Түркістан облысының аумағында «бал аралары қырылып жатыр» деген мәлімет тарағанда оған көпшілік селт ете қоймады. «Өлсе ара өліпті да, кім өлмей жатыр?» деген селқостық сезілді. Омарташылардың сөзіне сенсек, Шардара, Отырар, […]
Иттің етін дәмханаға өткізіп келген
Ит аулап, етін дәмханаға өткізіп келген адам қолға түсті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz. сайты жариялап отыр. Оқиға Ақмола облысында болған. Иттің етін сатып дәніккен ер адамды еріктілер қолға түсірген екен. Қылмыскерді полицияға тапсырған олар «иттің етін кафе, дәмханаларға өткізіпті. Ал оны қаншама адам білмей жеп жүрді. Ол ит ауру ма, сау ма кім біледі?!», — деп […]
«Көлікті есепке қоямын» деп
пара алатындар көбейген. Осылай деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі соңғы үш жылда Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тергелгенін айтады. Бәрі де жүргізуші куәліктерін заңсыз беру және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты қылмыстар. Тергелген істер бойынша жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалғаны анықталып отыр. Ал заңсыз […]
Бір мектепте 4-ақ мұғалім кітап оқиды екен
Білім министріне датым бар! Бүгінде жалпы білім беретін мемлекеттік мектептің қай-қайсысына барып, басылымға жазылу барысын сұрай қалсаңыз мұғалімдер орнынан өре түрегеліп, «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңды алға тартады. «Заң талаптары бойынша бізді, мұғалімдерді газет-журналдарға ешкімнің күштеп жаздыруға құқысы жоқ!» – дейді бәрі келісіп алғандай. Иә, рас, ешкімнің ешкімді күштеуге құқы жоқ. Алайда, таяқтың екі ұшы бар […]
Тасқынға қашан тосқауыл боламыз?
Өткен апта Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен бірнеше аудан тұрғындары үшін оңай болмады. Әсіресе жаңадан құрылған Сауран ауданы табиғаттың тосын сыйына тап болды. Жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууына және қар, мұздықтардың еруінен арық-атыздарда судың тасуына байланысты бұл ауданда бірнеше елді мекенге су кірді. Бір ғана Шаға елдімекеніндегі 50 түтіннің ауласын су алып, 120 […]
Президент тапсырмасы Жетісайда қалай орындалуда?
Жетісай ауданына биыл көп жылдан бері жаумаған қар түсті. Шынымды айтсам, соңғы 50 жылда биылғыдай қалың жауған қарды көргенім жоқ. Бұрын осы уақытта жер жыртып, егін егуге кірісетін Мырзашөл өңірінің шаруалары қыс қамытынан шыға алмай, уайымға салынуда. Тас жолдар мұздан әлі толық аршылмағандықтан, күн сайын көліктер соқтығысып, салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болуда. Қаншама адам материалдық […]
Шымкентте фитнес-клубта 5 жасар бала қайтыс болды
Кеше қаңтардың 29-ы күні Шымкентте «KASIET» фитнес-клубында 5 жасар бала бассейінге батып кетті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына Жедел медициналық қызметтен хабарлама келіп түскен. Онда 29 қаңтарда сағат 17.25-те 2018 жылы туған бала бассейнге батып кеткені туралы айтылған. Бассейін балаларға арналған. Айта кету керек бұл фитнес-клуб қаланың Тұран ауданы, 8 шағынауданында, […]
Полиция ұрыны жасырып отыр ма?
Бүгінде ауылдардағы ең өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы. Баяғының барымташыларында ар-ұят болған екен. Жиын-тойға, ас-құдайыға, көрші-қолаңға таратылатын бордақыға дайындалған белгімалдарды айналып өтіп, кедей-кепшіктің төрт түлігіне тимеген. Қазір ше? Ұрылар бір бейшараның бала-шағасын асырап отырған жалғыз жылқысы немесе сиыры деп аяушылық танытпайды. Керісінше іздеушісі жоқ деп сондайлардың малын жетектеп әкетуге әуестенді. Жалпы, барымташы болсын, ұры […]









