Жуырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында болдым. Рас, онда бір кездері өзге ұлт өкілдері басым болып, барлығы орыс тілінде сөйлеген. Тіпті, қазақша сөйлегендерді төмен санап, ар-намысына тигені де шындық. Мұны жасыруға болмайды. Қазір уақыт пен заман өзгерді. Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына жуырда 33 жыл толады. Осынша уақыт өткеніне қарамастан, әлі де арамызда КСРО дәуірін аңсайтындар бар секілді. […]
Мәселе
Горилла қасіреті. Мопед машақаты…
Үй артын айнала бере байқап қалдым, жас шамасы алғашқы мүшелге де тола қоймаған төрт балақай қолдарына ұстаған қаңылтыр құтыдағы сусынды құмарлана сіміріп жатыр. Жақындап барып қарасам, «Горилла» деген энергетикалық сусын екен. Қайдан алғанын сұрадым, дүкеннен сатып алыпты. Зиян екенін айтып едім, аса елең қылмады. «Күнде ішіп жүрміз ғой» дейді беймарал. Сосын талап етіп, қолдарындағысын […]
Қысқа қайырғанда…
Шымкент қалалық Цифрлық басқармасы тарапынан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағынаудандарды оптикалық желі арқылы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазір 31 елдімекен талшықты оптика желісімен толық қамтылып, 210 мың тұрғын интернетке қол жеткізді. «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы тарапынан Жұлдыз, Жалын елді мекендеріне кең жолақты интернет желісі тартылып, 500 тұрғын үй қамтылды. Ендігі кезекте компания тарапынан Игілік, Жаңаталап елдімекендеріне […]
Тұрғындар көтерген мәселе…
расында да экологиялық апатқа алып келуі мүмкін Шымкент қаласы Ынтымақ-2 шағынауданының іргесінде бей-берекет тасталған тұрмыстық заттардың қоқыс үйіндісі пайда болды. Бұл қоршаған орта үшін ғана емес, тұрғындардың денсаулығына да қауіп төндіретін жағдай. Мәселе тудырған осы полигон орнына шайынды су кешенінің басшысы мен жергілікті тұрғындардың өкілі ретінде ақсақалдар мен ауыл биі мәселені бірлесіп шешудің жолдарын […]
Әкім қаланы жиі аралайды
Шымкентті дамытуда инновациялық орталықтардың маңызы үлкен. Жақында сондай орталықтың құрылыс жұмыстарымен арнайы танысқан қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы «Shymkent Hub» ғимаратында болды. Инновациялық орталық Шымкентте ақпараттық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында құрылған. Орталық стартап жобалар, технологиялық компаниялар, инвесторлар, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы өзара әрекеттесу алаңы ретінде қызмет етеді.Сонымен қатар қала басшысы «Бозарық» шағынауданындағы […]
Сайрамдық ұстаз «Әділдік орнатамын деп әділетсіздікке ұшырадым» дейді
Түркістан облысында білім саласына қатысты мәселелер неге тиылмай тұр? Әділдік іздегендердің қудалауға түсуіне не себеп? Сайрам ауданы Қарасу ауылындағы Мардан Сапарбаев атындағы №14 мектептің директорлығына тағайындалған Айжанар Қуандықоваға бес айдан кейін жұмыссыз қаламын деген ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген болар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру идеясын толық қолдап, өзі барған мектепке […]
Түркістан: Мектептен береке кетіп, мұғалімнің беделі қалмады
немесе шындық деп шырылдаған ұстаздың үнін еститін адам бар ма? Соңғы кездері Түркістан облысының білім саласында былықтар тым көбейіп кетті. Мектеп директорлары парамен ұсталғаны былай тұрсын, білім бөлімінің басшылары да құрыққа іліне бастады. Ұстаздың басшымен соттасуына ел үйренді, мұғалім мен мұғалім мектепте жаға жыртысып, сабақ өтудің орнынан бірін-бірі сотқа сүйрелеп жүр. Содан балалар білімсіз, қатыгез […]
Созақта білім бөлімі сәбіздің 1 кг 16 мыңға алмақшы болған
Сыбайласқан жемқорлық қоғамның жегі құртына айналғалы қашан. Десе де оған қарсы ымырасыз күрес жүргізіп жатқандар да баршылық. Айласына сырғысы келетіндердің әсіресе бюджет қаржысын оңды солды пайдаланатыны бар. Міне, жемқорлыққа қарсы күрес ашқандар дәл осы айлакерлердің әккі ісіне тосқауыл қоюға кіріскен. Түркістан облысындағы жемқорлыққа қарсы еріктілер 578,7 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алып […]
Оңтүстік Қазақстан облысы керек пе?
Тосын сұрақ Қазақстанның бұрынғы Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, оның орталығы Түркістан қаласы белгіленген болатын. Ал Шымкент қаласы өз алдына бөлек респуликалық қала мәртебесін алып, мегаполис атанды. Осы Жарлық негізінде бұрынғы Оңтүстік Қазақстан атауы жойылды. Соңғы кезде «Облысқа бұрынғы Оңтүстік Қазақстан атауын қайтару керек» деген ойды жиі қозғайтындар бар. Олардың айтуынша, […]
КІНӘЛІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ КЕРЕК
Наурыз айы еліміздің бірқатар аймақтарына тосын «сыйын» жасады. Күннің күрт жылынуы қыс бойы жауған қарды бірден ерітті. Кей жерлерде оған толассыз жауған жаңбыр қосылды. Салдарынан бірнеше облыста тұтастай ауылдар су астында қалды. Құлаған үйлер мен мал шығыны әлі есептелген жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық штабтың отырысында сөйлеген сөзінде «Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді […]








