Тосын сұрақ Әр адамның өзіндік көзқарасы бар. Соны негізге ала отырып, ой-пікірін айтуға, ортаға салуға әркім-ақ ерікті. Қайшылыққа толы болса да сол пікірді қабылдай білу, сіздің көзқарасыңызбен сәйкес келмесе де өзгенің пікірін тыңдай білу мәдениеті біздің қазіргі қоғамда жетіспейтін байлық. “Тек менікі дұрыс!”, “Оның пікірі қате” деп бірбеткейлікке салыну, өз пікірімен үндеспейтін ой иесін “халық […]
Басты жаңалықтар
Келесте директор мен мұғалімнің теке-тіресі сотқа дейін жетті
Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Жалған диплом жарға жығады» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Шардара ауданындағы «Жаушықұм» және Келес ауданындағы «1 мамыр» мектептерінің директоры еліміздегі жоғары оқу орындарына сұрау салу арқылы әр мектептен бірнеше жалған дипломмен жұмыс істеп, «жалған ұстаз» атанып жүргендерді анықтағанын айттық. Мақала соңында «осы бастама басқа білім ошақтарында да жалғасын […]
20 миллионыншы бала Жетісайда тұрады
Сүйінші!2023 жылдың 14 қарашасында Қазақстанда халқының саны 20 милллиондық есепті бастады. Осынау тарихи дәйектің жарқын беті ашылуына себепкер болған еліміздің 5 өңіріндегі 5 сәби Мемлекет басшысының арнайы құттықтауына ие болып, 20 миллионыншы сәби атанды. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген балапандар. 3-еуі ұл, 2-еуі қыз. Түркістан облысында туылған сәби Жетісай ауданында […]
Шардарадағы құбыр дауы
ағайынның арасына іріткі салмаса болғаны Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді айналымға қосу, тиімді пайдалану турасында тапсырма бергені белгілі. Рас, Түркістан облысында Жер-Ананың жомарттығын тиімді пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Дегенмен, әлі де игерусіз жатқан жер жоқ емес. Оның себеп-салдары да әртүрлі. Біршама уақыт бұрын редакцияға Шардара ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны Қанат Бегалиев назын айтып келген […]
Сарыағашта жедел жәрдем мамандары жауапсыз
Салдарынан науқас инсульт алып отыр Соңғы кездері денсаулық саласына қатысты сын жиі айтылып кетті. Тіпті, Парламент қабырғасында да бұл мәселе аз қозғалып жүрген жоқ. Мақсат Толықбай мен Асхат Аймағамбетов министрге бірнеше сауал жолдады. Бірақ, содан шығып жатқан нәтиже байқалар емес. Асхат Аймағамбетов 9 қазан күні денсаулық сақтау министрі Парламентке келетінін айтып, өзекті сұрақтар болса жолдауды […]
Біз білмейтін БАНГЛАДЕШ
Сонымен, саяхаттап көрмекке ниет еткен 57-ші елім болып таңғажайып Бангладеш бұйырыпты. Ғажабы несі дерсіз, мысалы, мен туған Жамбыл облысында 1 млн 220 мың адам бар. Ал сол Жамбылмен жері біп-бірдей Бангладеште кемі 172 млн адам тұрады. Тегіс жер болса мейлі, картадан қараңызшы, үш үлке-е-е-ен өзеннің теңізге құяр тұсындағы атырауында тұр. Жылда су тасиды, циклон […]
Қарабұлақ қала мәртебесін алады
Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауға арналаған (бұдан әрі қарай –Ашық НҚА) порталында қыркүйектің 12-сі күні осындай мәлемет жарияланды. Яғни, 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» өзгеріс енгізу жобасы әзірленген. Жобада әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізілетіні […]
ШАРДАРАЛЫҚ ШАБАНДОЗ АРУ
Биыл ОҚМПУ-дың физика-математика факультетіне Балнұр Нұран атты ару оқуға түсті. Мұғалім болғысы келеді. Балнұр жылқы баптап, көкпар шабады. Иә, көкпар шабады. Алты жастан аттың құлағында ойнаған ару Шардара қаласының Қызылқұм ауылында туған. Кішкентайынан ата-әжесінің бауырында өскен Балнұрды атқа көкелері баулыпты. Қаншама рет жылқы теуіп құласа да ол төрт түліктің төресінен алыстаған жоқ. Керісінше өскен сайын […]
Шымкентте балалар уланып жатыр…
ал құзырлы орындар дәрменсіз Өткен аптаның бейсенбісінде Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназиясының ата-аналарына ортақ вацап желісіндегі чатында аяқ асты шу басталды да кетті. Мәселе былай екен. Мектептің іргесіндегі дүкеннен осы мектептің оқушылары күмәнді бір затты алып жеген. Салдарынан бірнеше оқушы ауырып, сабаққа бара алмай үйінде жатып қалған. Чаттағы жазбаларға назар аударсақ, Әдия есімді ана былай дейді: […]
90-маусымның шымылдығы түрілді
Театр Кешегі аптада Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры өзінің тоқсаныншы маусымын ашты. Сахна шымылдығы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен түрілді. Қоюшы режиссері — театрдың көркемдік жетекшісі Б.Құрманқожаев. Қазақ театр сахнасында әр режиссердің өзіндік қолтаңбасымен әрлене көрерменге көзайым бола ұсынылып жүрген «Қарагөз» классикалық шығарма. Қазақтың бар әдет-ғұрпы, мәдениеті, салт-дәстүрі баяндалатын ұлттық құндылық. […]









