Шын жазушы өлмейді екен,Оны жерге көмбейді екен…(Бала күнгі тақпақтан) Біреу теңеп Бейімбетке,Үлгі болдыңкейін көпке.Біреу теңеп Шукшин деді,Енді біреу Бунин деді.Барлығына ұқсамайтынТөл қазақи үнің бе еді?! Басталған-тын қаһарманым,Жеңіс жылы сапарларың.Сексеніңе жете алмадың,Сиреп қалды-ау қатарларың.Кім жаза алар бипаз үндіМархабаттың мақамдарын. Түлкібастан қанат қаққан,Шымқаладан тағат тапқан.Самғағанда қыраным ең,Бұлттан асқан пырағым ең.Әңгіменің шебері едің,Хикаяттың кемелі едің. “Шілдеменен”есік ашып,“Сырбұлақпен”жалғастырдың.Таупістелі төсін […]
Автор: admin
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ МЕКТЕБІ
Қазақта мықты жазушы көп, бірақ мектеп қалыптастырған жазушы жалғыз Бейімбет Майлин. Оның өмірді шынайы суреттегені сонша, “ол дәл суреттеді” деп айтуды қажет етпейді. Әдетте терең психологизмді Жүсіпбек Аймауытұлына телиді, бірақ Бейімбеттікі өз жанының тереңінен шыққан психологизм. Бір таңғаларлығы, Бейімбет сол психологизмді көрсету үшін әдебиеттің барлық құралдарын пайдаланады. Мен “Бейімбетті заманға бейімдемейік” деген “Егеменге” шыққан эссемде […]
Әдебиеттің әдемі әлеміне
бөлек мақам әкелген қаламгер Көркем сөзді кестелеуден бөлек өзіндік мақамын қалыптастырған Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай кешегі аптада түркілер төрі–Түркістан мен күншуақты –Шымкентіңізде тағлымға толы іс-шаралар легі өтті. Жазуымен де ісімен де өскелең ұрпаққа ұлағат қалдырған қаламгердің мерейтойлық іс-шараларының ең негізгісі –жастарға арналды. Алдымен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Мархабат Байғұт оқулары» атты шығармашылық байқауға облыс […]
ҚАТЕРЛІ ІСІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ
Кейінгі кездері жұртшылық арасында қатерлі ісік кеселдері көбейіп барады деген сөз жиі естіліп қалып жүр. Мұндай дерт балалар мен жастардың арасында көбейіп тұр деп те айтылады. Осы қаншалықты рас? Шымкентте, жалпы Оңтүстікте бұған қатысты ахуал қандай? Біз Шымкент қалалық онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханасының директоры Жақсылық Мәуленовке (суретте) жолығып, оған осы және басқа да сұрақтарды […]
МАРХАБАТ МУЗАСЫ
Мархабат Байғұт шығармашылығының атап айтар ерекшелігі көп. Қайсыбір дүниесін оқысаң да әсерсіз қала алмайсың. Тұла бойың тебіреніс күйін кешіп, Махаңның махаббатына, мақамына шомыласың. Іші-бауырыңа кіріп кетіп, жан-дүниеңді аралап жүріп жазатын жазушы ғой. Тіпті, есіңнен шығып кеткен есті күндерді есіңе түсіріп елжіретеді. «Қош бол, кітап…» атты әңгімесін оқығанда осы әңгіме шыққан «Егемен Қазақстанның» бетінің жиегінен орын […]
ЖҮРЕГІҢІЗДІ ЖҮДЕТПЕҢІЗ!
Аптап ыстығы мол жаз мезгілі жүрек кінәратынан зардап шегетіндерге жайсыз тиіп жатады. Әсіресе жүрек жеткіліксіздігімен ауыратындарға қиын. Олар маман кеңесіне құлақ түріп, сақтық ережелерін есте ұстағаны абзал. Осыны оқырманның есіне салу мақсатында біз жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бойынша Шымкент қаласының аймақтық координаторы Айнаш Балабековамен (суретте) сұхбаттасқан едік. Жүрегі ауыратындар көбейді – Айнаш Қамбарбекқызы, бүгінде еліміз […]
Шымкенттің әкім тапсырма береді…
басқарма басшысы оны орындамайды Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қызметке кіріскеніне бір жылдан енді асты. Бұл еліміздегі үшінші мегополистің тұралап қалған жұмысын жандандыру үшін әлі жеткіліксіз мерзім. Қаншама кедергілерің кездесетіні айпаса да түсінікті. Соған қарамастан қалада ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Ғабит Әбдімәжитұлының көпшіліктің көңілінен шыққан жұмысының бірі деп тұрғындармен […]
ШЫМКЕНТТЕ АХУАЛ ҚАЛАЙ?
Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кезекті баспасөз мәслихаты болып өтті. Брифингте қала әкімінің орынбасары – әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Шымкенттегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасады. «Алтын белгіден» 670 түлек үміткер 2024 – 2025 оқу жылы аяқталуда. Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен биылғы соңғы қоңырау 23-мамыр күніне белгіленген. Осыған байланысты 1 – 10-сынып оқушыларына сынып сағаттарында […]
Көршінің малы егістікке түссе
не істеуге болады?» Редакциямызға өзін Бәйдібек ауданы Екпінді ауылының тұрғыны, «Кеңес» шаруа қожалығының төрғасы Мақсат Сағындықов деп таныстырған азамат хабарласты. «Егістік жеріме көршінің малдары қайта-қайта түсіп, таптап кетіп жатыр, не істеуім керек? Өз бетімше шара көрсем кінәлі болып қаламын. Айыппұл қарастырылған ба?», — дейді оқырман. Оқырманның өтінішіне орай тиісті бірнеше мекемеге хабарластық. Түркістан облысының […]
Көлігіңізді өртенуден сақтаңыз…
Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек бұзылу жайын ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да ескертеді. Сонымен бірге қарсы немесе артта келе жатқан көлік жүргізушілерінің белгі беруі сіз байқамаған қауіп туралы хабар болуы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана апат кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, […]