Немесе ұрпақтар сабақтастығы үзіліп бара ма? Таяуда Сауран ауданына жолымыз түсіп, сондағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болдық. Мамандарының айтуы бойынша орталық күнделікті бірнеше ондаған адамға қызмет көрсетеді екен. Яғни зейнеткер қарияларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмектеседі. Біз осындағы массаж кереуетінің қызметін пайдаланып жүрген Қатира есімді кейуананы сөзге тартып көрдік. Кейуана орталықтың қызметін, көмегін, қызметкерлерінің жақсылығын […]
Метка: бала
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕН ҰҒЫНДЫРУ КЕРЕК
Кешегі аптада көпшілік бас қосқан бір жиында болған едік. Өзгенің қиындығын өсектеу тілге жеңіл емес пе, бір кісіден «бауырларының бәрі ажырасқан, өзі сүмірейіп әйелінің айтқанынан шықпай жаны қалып жүр» деп бір құрдасы жайлы айтқан жайсыздау әңгіме естідік. «Бала кезден бірге өстік, білем ғой. Әкелері ішімдікке құмар еді, тойып алып, әйеліне күн бермейтін. Сондай отбасында өскен […]
АЛЬФИР, АРТУР, АЙЛУНА, АЙЛИНЬ…
Біз бүгінде көп нәрсеге аса мән бермейтін болдық. Ұлттық болмысымызға тән болған нәрселер өзгеріске ұшырап жатса да оған көңіл бөлмейміз. Солай болуы тиіс сияқты. Осы орайда оқырман ортасына балаға ат қою рәсіміне қатысты оқшау ой тастамақпын. Жұртшылық бұған да мән беріп қараса екен деймін. Бір-бірін алғаш көріп, тілдескен адамдар ат сұрасып танысатыны белгілі. Дегенмен бұрынғыша […]
ӘБІРЖІГЕН ӘЙЕЛ,АЛАҚАН ЖАЙҒАН БАЛА…
Кешегі аптаның бейсенбі күні «Самал» базары төңірегіндегі жерасты өткелінде қайыр сұрап отырған әйелді көрдік. Жанында кішкене екі баласы бар. Өткен-кеткеннің көзі үйреніп кеткен бе, оларға тиын-тебен тастаған адам байқамадық. Бұл әйел мұндай күйге қалай душар болған? Күйеуі бар ма? Қайда тұрады? Неге қайыр сұрап жүр? Осы сұрақтарды қоймақ әрекетімізден нәтиже шықпады, жауап бергісі келмеді. Мүмкін […]
Тірі қарым-қатынастың «табыты»
Қазіргі қоғамдағы ең үлкен қасірет — өз отбасыңдағы адамдардан желідегі бейтаныс жанның жақын болуы. Біз бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында отырып, бір-бірімізге жүзімізге емес, смартфонның суық экранына үңілеміз. Бұл — жай ғана әдет емес, бұл — адамдық қасиеттерді, жылулықты, шынайы мейірімді жұтып жатқан виртуалды «қара құрдым». Отбасылық құндылықтардың құлдырауы дәл осы жерден басталады: […]
Түн қатып тойханада жүр
талай қазақ ұл-қызы «Қазақтың тойы бітпесін», «Жиған-тергенің тойға шашылсын», «Тойда жолығайық» деп тілек айтатын қазақтың тілегі қабыл болса керек, шынында да тойымыз біткен емес. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде. Күн сайын тойда жолығып, жиған-тергеніміз тойға шашылып жатыр. Бірақ, бүгінгі біздің айтпағымыз басқа. Сол күн сайын болатын тойда даяшы болып кімдер жүр? Қаншама тойға барып жүріп көретініміз […]
Бала кіндік шешеге тарта ма?
Тосын сұрақ Қазақтың ұғымында «Кіндік шеше» деген жаңа босанған әйелге жәрдемші ғана емес, дүниеге келген сәбидің кіндігін кесетін жан. Мұндай жауапты істі босанатын әйелдің енесі, анасы әдетте алдын ала бір адамға айтып, дайындап қоятыны бар. Ол ауыл-аймаққа сыйлы, балалы-шағалы әйел болғаны жөн. «Кіндік шеше баланың екінші анасы саналады» деген ұғым қалыптасқан. «Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, […]






