Біле жүріңіз

Энергетикалық сусын – «тәтті у»

Энергетикалық сусынның зияны көптен бері айтылып келеді. Оған деген тәуелділік есірткіні еске түсіреді. Соған қарамастан, әсіресе жастар арасында энергетикалық сусынға деген құштарлық жойылар емес. Тіпті, жап-жас жігіттердің тосыннан ажал құшуының астарында да осы энергетикалық сусын жатқанын айтушылар көп. Мұны сатуға тыйым салу керек дегенмен, әзірге бұл талап толық орындалар емес. Бірақ шектеу бар. Бұл жөнінде […]

Құқық

Бала құқы – басты назарда

Балаларға, жасы кәмелетке толмағандарға қатысты бүгінде қоғамда түрлі келеңсіз жағдайлар жиі орын алуда. Оны болдырмау, алдын алу, ауыздықтау – тұтастай қоғам алдындағы маңызды міндет. Сол себепті де елімізде бала құқын қорғау күн тәртібінен түспейтін түйткілді тақырыптардың біріне айналған. Жақында Түркістан қаласында балалардың қауіпсіздігі мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сот тәжірибесінде бала құқықтарын қорғаудың заманауи […]

Әлеумет

Татуласу – екіжақты тиімді рәсім

Сот жүйесінде татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық процестік заңнамасына сәйкес, тараптар дауды өзара келісімге келу арқылы медиация, партисипативтік рәсім немесе бітімгершілік келісім жасау тәртібімен реттеуге құқылы. Татуластыру рәсімдері — азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар арасындағы дауды өзара […]

Құқық

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу маңызды

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді қолдану, қолданыс аясын кеңейту – өзекті мәселе. Осы мақсатта Түркістан облыстық сотында мемлекеттік тілде сот төрелігін жүргізу және процестік құжаттардың сапасын арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Маңызды іс-шараға Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р. Хасенов төрағалық етті. Оған облыстық соттыңсудьялары, прокуратура, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша […]

Біле жүріңіз

Итіңізге ие болмасаңыз…

Шымкенттің күн тәртібінен түспей келе жатқан проблемалардың бірі – қаңғыбас иттер мәселесі. Бүгінде қалада ондай иттер шұбырып жүр. Бізге кешегі күні қалаға тойға келген Кәмшат есімді бір ауыл тұрғыны хабарласты. «Шымкент жайнап, жасарып кетіпті! Соны көріп, бір көңілім көтерілді», — деп әңгімесін жағымды сөзбен бастады ол кісі. Сосын проблемаға көшті. «Бірақ, көшелерде қаңғыбас иттер көп […]

Құқық

ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ 87,1 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Президенттің өз Жолдауында айтқан «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда көп өзгерістердің орын алуына себеп болуда. «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына […]

Шымкент

Шымкентте миллионға жуық көлік жүйіткіп жүр

Күннің ыстығында көлік жүргізушілеріне де қиын. Аптап ыстық салонды «қайнатады», жиі терлетіп, шөлдетеді. Осының бәрі жүйкеге әсер етіп, кейде адамның дер кезінде қандай да бір қауіптен сақтануына, жалтаруына, дұрыс шешім қабылдай алмай қалуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілерінің жаздың аптап ыстық күндерінде абай болғаны абзал. Жалпы, Шымкентте жол қозғалысына қатысты ахуал қандай? Жол-көлік оқиғалары […]

Құқық

ҚАЗАҚ  ТІЛІН  ЗАҢНАМА ТІЛІНЕ АЙНАЛДЫРУҒА КҮШ САЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

Атам заманнан сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің төл байлығы, құдіреті, мәртебесі тілінде жатыр.  «Тіл – ұлттың жаны» деген сөз осыдан қалса керек. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Ал құқықтық мемлекеттің басты тіректерінің бірі – сот билігі. Сот төрелігі қоғамдағы әділеттіліктің өлшемі болса, сол әділеттің халыққа түсінікті әрі қолжетімді болуы – мемлекеттік тілдің қолданылуына тікелей […]

Құқық

«Ашық есік» күні

26 маусым күні «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті «Ашық есік» күніне қатысуға шақырады. Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл […]

Құқық

Сәкен АБСАМАТОВ, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

АЖЫРАСПАС БҰРЫН ПСИХОЛОГТІҢ МІНДЕТТІ КЕҢЕСІНЕ ЖҮГІНСЕ ЕКЕН – Жылдың қай мезгілінде болмасын балалардың жеке бас қауіпсіздігі маңызды. Онымен отбасы мүшелері, мұғалімдер мен арнайы орган қызметкерлері айналысады. Ал бұл мақсатта сот саласы өз тарапынан қандай үлес қосуда? – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, әрбір баланың білім алуы, дамуы мен әл-ауқаты […]