Е лімізде өнеркәсіп, өңдеуші саланы жетілдірмей экономиканың аяқтан нық тұруы қиын. Бұған Мемлекет басшысы да күн тәртібіндегі маңызды мәселе ретінде қарайды. Түркістан облысында осы бағыттағы жұмыс қарқынды жүргізілуде. Таяуда Алматыдағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында өз жұмысын бастаған Қазақстандағы Қытай тауарлары көрмесіне облыс делегациясының арнайы барып қатысқанын сөзіміздің дәлелі ретінде айтуға болады. Делегацияны облыс әкімінің орынбасары […]
Автор: admin
ТАСКЕШУДЕГІ БАНАН БАҒЫН КӨРІҢІЗ!
«Банан Қазақстанда өсе ме?» Осы сұрақты естігенде көпшілік таңырқайтыны анық. Себебі банан десе көз алдымызға тропикалық ормандар, жылы климат пен мұхит жағалауындағы елдер елестейді. Ал дәл осындай экзотикалық жемістің Қазақстанда өсірілетінін көп адам біле бермейді. Осы қызығушылықтың жетегінде мен Шымкент қаласының маңындағы Таскешу ауылында орналасқан банан бағына арнайы барып, оның тыныс-тіршілігімен танысып қайттым. Бұл сапар […]
ДОП ЖӘНЕ ДОЛЛАР
Футболдан кезекті Әлем чемпионатының аяқталуына да санаулы күндер қалды. 9 шілдеде ширек финал ойындары басталмақ. Биылғы чемпионаттың бұрынғылардан ерекшелігі көп. Ол бірден үш елдің — АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өткізілуде. Қатарға 16 команда қосылып, барлығы 48 команда бақ сынауға мүмкіндік алды. Биыл тұңғыш рет Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде және Кюрасао командалары қатысып, өз ойын […]
ChatGPT: Пайдасы қандай, зияны қандай?
Бүгінгі оқушының сөмкесінде кітаппен қатар жасанды интеллект те «жүр». Яғни соңғы бірнеше жылда ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдары білім беру саласында кеңінен қолданыла бастады. Бірі оны білім алуға көмектесетін заманауи технология деп бағаласа, енді бірі оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін әлсірететін құрал ретінде қабылдайды. Ендеше, ChatGPT – оқушының сенімді көмекшісі ме, әлде жалқаулықтың бастауы ма? Бүгінде […]
Кенеден қорғанып жүріңіз
К онго-Қырым қанды қызбасы — аса қауіпті жұқпалы ауру. Көктем, жаз, күз айларында кездесетін бұл аурудың тасымалдаушысы — қарапайым кене. Кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тарататын вирустар сақталады. Кенелер адамға мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта демалу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады. Ауру қоздырғышы — вирустар адам ағзасына трансмиссивтік жолмен – […]
Өртке себепкерге қылмыстық жаза бар
М емлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы мен «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру – бүгінгі күннің талабы ғана емес, әрбір азаматтың Конституциямен бекітілген міндеті. Прокуратура органдары ретінде біз бұл міндеттің орындалуына қоғамдық қадағалау жүргіземіз және заңдылық пен тәртіптің маңызын тағы бір еске салғымыз келеді. «Таза Қазақстан» – бұл тек көше сыпыру, […]
Бауырды қорғау – салауатты өмірдің кепілі
Д үниежүзілік гепатитке қарсы күрес күнінің 28 шілдеде атап өтілуінің өзіндік тарихы бар. Дәл осы күні В гепатиті вирусын ашқан Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық ғалым Барух Бламберг дүниеге келген. Медицинада гепатит ауруын көбінесе «үнсіз жау» деп атайды. Вирустық гепатит бауырдың қабынуын тудырады және адам ағзасына ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермей дамуы мүмкін. Статистикаға сүйенсек, […]
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗАҢНАМА ТІЛІНЕ АЙНАЛДЫРУҒА КҮШ САЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
Атам заманнан сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің төл байлығы, құдіреті, мәртебесі тілінде жатыр. «Тіл – ұлттың жаны» деген сөз осыдан қалса керек. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Ал құқықтық мемлекеттің басты тіректерінің бірі – сот билігі. Сот төрелігі қоғамдағы әділеттіліктің өлшемі болса, сол әділеттің халыққа түсінікті әрі қолжетімді болуы – мемлекеттік тілдің қолданылуына тікелей […]
Мемлекеттік тіл мәселесін күн тәртібінен түсірмейік, ағайын!
Кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен мәдениетінің гүлденуі, ұлттық тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты екендігін қоғамның өзі күнделікті өмірде көрсетіп те, дәлелдеп те жүр. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тіліне дамытуға қатысты атқарылған шаруа да, тындырылған тірлік те аз емес. Көп нәтижелерге де қол жеткіздік! Ол жөнінде биік мінберлерден айтылды да. Бірақ қанша […]
БАБАМЫЗДЫҢ ЖЫРЫСЫҢ СЕН, ДОМБЫРА!
Қазақ халқының рухани әлемін, ұлттық болмысын, ғасырлар қойнауынан жеткен тарихы мен тағдырын бір ғана құдіретті аспаптың үнімен бейнелеуге болатын болса, ол – қасиетті домбыра. Қос ішегінен төгілген қоңыр күй халқымыздың мұңын да, қуанышын да, арманын да, азаттығын аңсаған асқақ рухын да бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, […]








