Спорт

ӘЧ – 2026:

АЛУАН-АЛУАНЕЛДЕР БАР… Футболдан биылғы Әлем чемпионаты жанкүйерлерге небір таңқаларлық оқиғалар мен сенсацияларды ұсынып жатыр. Аяқдоп додасына көпшілік жұрт бұрын атын естімеген кей елдердің ойыншылары да қатысуда. Сол мемлекеттердің кейбірі жөнінде танымдық деректер ұсынуды ұйғардық. 158 мыңдай ғана тұрғыны бар Кариб теңізі аумағындағы Кіші Антиль аралдарында орналасқан шағын ғана Кюрасао елінің футболшылары чемпионатқа тұңғыш рет қатысып […]

Мәселе

Ата-әже — жайлы өмір, немере — телефон іздейді

Немесе ұрпақтар сабақтастығы үзіліп бара ма? Таяуда Сауран ауданына жолымыз түсіп, сондағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болдық. Мамандарының айтуы бойынша орталық күнделікті бірнеше ондаған адамға қызмет көрсетеді екен. Яғни зейнеткер қарияларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмектеседі. Біз осындағы массаж кереуетінің қызметін пайдаланып жүрген Қатира есімді кейуананы сөзге тартып көрдік. Кейуана орталықтың қызметін, көмегін, қызметкерлерінің жақсылығын […]

Әлеумет

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕН ҰҒЫНДЫРУ КЕРЕК

Кешегі аптада көпшілік бас қосқан бір жиында болған едік. Өзгенің қиындығын өсектеу тілге жеңіл емес пе, бір кісіден «бауырларының бәрі ажырасқан, өзі сүмірейіп әйелінің айтқанынан шықпай жаны қалып жүр» деп бір құрдасы жайлы айтқан жайсыздау әңгіме естідік. «Бала кезден бірге өстік, білем ғой. Әкелері ішімдікке құмар еді, тойып алып, әйеліне күн бермейтін. Сондай отбасында өскен […]

Біле жүріңіз

КҮН ТОҚЫРАУЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Алдағы 21 маусым күні сағат 14.24-те Жердің біз өмір сүріп жатқан Солтүстік жарты шарында жазғы күннің тоқырауы басталады. 21-22 маусым жылдың ең ұзақ күндері болады. Еліміздің әр аумақтарында күндізгі уақыт 15-17 сағат аралығын құрайтын болады. Сосын ақырындап түнгі мезгілдің уақыты ұзара бастайды. Күндізгі уақыттың ұзаруы адамға жайлы әсер ететіні белгілі. Ағзада «қуаныш гормоны» — серотонин […]

Біле жүріңіз

МАТРОСОВТЫҢ ОРНЫНА — БАЙМАҒАМБЕТОВ…

Шымкентте Ұлы Отан соғысы кезінде жаудың пулеметін өз кеудесімен жапқан батыр Александр Матросов атындағы көше бар. Ал дәл осындай ерлік жасаған қандастарымыздың атында неге көше жоқ? Мәселен, Сұлтан Баймағамбетов, Сабалақ Оразалинов, Сүндетқали Сейтқалиев, Иманғали Балтабанов, Боран Нысанбаев, Ақәділ Сухамбаевтар осы ерлікті қайталаған. Батырдан батырды бөлмейміз, әрине. Дегенмен «бізге А.Матросовтан гөрі өз қандастарымыз жақын емес пе?» […]

Құқық

ҚАУЛЫ ДА, БҰЙРЫҚ ТА КҮШІН ЖОЙДЫ

Газетіміздің өткен санында жарияланған «Сот залындағы суицид» атты мақалада ордабасылық Хасен Ерімбетов есімді азаматтың судья өзін (суретте) 5 күнге қамауға алу туралы қаулы шығарғаннан кейін сот залында өз-өзіне пышақ жарақатын салып, ауруханаға жеткізілгені жайында жазылған болатын. Оның қасына күндіз-түні полициядан күзет қойылып, терезені темір тормен тұмшалап, аяғына «сақина құрсау» салынып, сырттан адамдардың келіп-кетуіне рұқсат етілмей […]

Қоғам

«БЫЛЫҚ БАСТАН…»

Білім саласындағы келеңсіздіктер  осыны айғақтай ма? Түркістан облысының білім саласындағы былықтар жайлы естігенде атам қазақтың «Балық басынан шіриді» деген мәтелі еріксіз еске оралады екен. Неге десеңіз, бүгінде ел аузында гу-гу әңгімеге айналған, әлеуметтік желіде желдей ескен жайттардың дені жоғары жақтан болып жатқанын аңғаруға болады. Алаш зиялылары «ұлт шамшырағы», «қоғам қайраткері» деп бағалаған ұстаздар қауымы бүгінде […]

Әлеумет

АЛЬФИР, АРТУР, АЙЛУНА, АЙЛИНЬ…

Біз бүгінде көп нәрсеге аса мән бермейтін болдық. Ұлттық болмысымызға тән болған нәрселер өзгеріске ұшырап жатса да оған көңіл бөлмейміз. Солай болуы тиіс сияқты. Осы орайда оқырман ортасына балаға ат қою рәсіміне қатысты оқшау ой тастамақпын. Жұртшылық бұған да мән беріп қараса екен деймін. Бір-бірін алғаш көріп, тілдескен адамдар ат сұрасып танысатыны белгілі. Дегенмен бұрынғыша […]

Біле жүріңіз

ТІСІҢІЗ БҮЛІНСЕ, ІШІҢІЗ ДЕ БҮЛІНЕДІ

Аптап ыстық күндерде мұздай су іше салатынымыз бар. Мұның ішкі ағазамен қатар тіске де қатерлі екенін білеміз бе? Өзімізше тіс ауруын дертке санамаймыз. Ал басыңызға түссе, ауру атаулының «көкесі» сол екен дерсіз. Жуырда кенеттен тіс ауырып, жекеменшік тіс клиникасына көріндік. Эльдар есімді стоматолог былай дейді: «Әрбір адам өзінің тісіне қамқор болуы керек. Ауырып, мазаны алмаса […]

Әлеумет

ЖЕЛДЕТКІШТІ ДЕ ЖӨНІМЕН ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ

Бүгінде Шымкенттегі жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктердің бәрінде дерлік желдеткіш бар. Күн аса ысып кетпесе де қосып қояды. Жұрт, әсіресе жастар жағы соған мәз. Меніңше, сол кондиционерлердің көп жолаушыға пайдасынан зияны көп сияқты. Күн ыстықта автобусқа отыра қалсаңыз біреуі «кондиционерді өшір» деп, біреуі «қос» деп өзара дауласып жатады. Өйткені, қоғамдық көлікті жасы да, кәрісі де пайдаланады. […]