Қауыны күйген диқанжыларман күйде Түркістан облысының қиыр оңтүстік аудандары бақша өнімдерін молынан егеді. Қауыннан алынған биылғы өнімнің алдын Ресейге экспортқа шығарып, бір қуанған диқанды мамыр айында жиі жауған жаңбыр әбігерге салған жайы бар. Әсіресе Жетісай және Мақтаарал аудандарында қауын еккен диқандар шырылдап қалды. Бұл туралы бізге 10 гектар алқапқа қауын еккен Данияр есімді мақтааралдық азамат […]
Автор: admin
ТИІМДІ ЖОБАНЫҢ ТИІМСІЗ ТҰСТАРЫ БАР МА?
Қазіргі күндері Түркістан облысында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы басталған жоба биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Әрине, жоба жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды, дегенмен, жұмыс барысында әттеген-ай дейтін жайттар да орын алып жатқан секілді. Келес ауданынан хабарласқан азаматтың базынасына құлақ түргенімізде осыны ұққандай болдық. «Ауыл халқы негізінен малмен күнелтіп […]
ВИРУС, БАКТЕРИЯ, МИКРОБ, ПАРАЗИТ…
Жазда күн ұзақ, ауа температурасы жоғары. Той-томалақтың маусымы. Жұрттың көшеден тамақтануы да жиілейді. Балғын көкөніс, жеміс-жидек, қауын-дарбыз жеуге мүмкіндік көп. Адамдар жылдам әзірленетін, тез бүлінетін азықты да жиі пайдаланады. Табиғат аясына шығып демалады, суға шомылады. Осының бәрінде де тиісті сақтық шараларын есте ұстау керегін ұмытпаған абзал. Өйткені, мұндайда ішек инфекциясын жұқтырып алу мүмкіндігі жоғары болады. […]
ӘМЕҢГЕРЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?
Ата-бабалардан бүгінгі күнге жеткен салт-дәстүрлердің қазіргі қоғамда ішінара сақталса да жария етіле бермейтін дәстүрлерінің бірі – әмеңгерлік. Яғни, күйеуі қайтыс болып, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса күйеуінің ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қағида ерте заманнан «әйел ерден кетсе де елден кетпейді» деген нақыл сөз ретінде қалыптасқан. Әлеуметтік желіде әлдекімдер […]
БЕС ЖЫЛДАҒЫ БЕЛЕС
Адамзат тарихындағы тоқтаусыз даму процесі, технологияның жылдам дамуы, заман ағымының алға жылжуы – жаңа заңдардың дүниеге келіп, тәжірибеге енуіне себеп болады. Сот саласындағы сондай жаңа жүйенің бірі – әкімшілік әділет институты. Әкімшілік әділет дегеніміз не? Алдымен осы сауалға аздап түсінік беріп өтейік. Бұл бір жағынан азамат немесе ұйым, екінші жағынан мемлекеттік басқару органы арасындағы жариялы-құқықтық […]
МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?
Алдымен оқырманға Мемлекеттік мүлік дегеннің не екенін түсіндіріп өтейік. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік мүлік — республикалық және коммуналдық мүлік болып бөлінеді. Республикалық мүліктің құрамына мемлекеттік қазынаның мүлкі (республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік), республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді. Ал, […]
ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕР ТҰЛҒА
1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны қазақтың небір асыл азаматтарының өмірін қиды. Осындай арманда кеткен арда тұлғалардың бірі – шымкенттік Тәңірберген Отарбаев. Ол халықтың жағдайын жасап, сауаттандыру жолында жан аямай еңбек еткен. Бірақ жазықсыз жала жабылып, «халық жауы» атанған. Жазықсыз жапа шеккен Шымкентте Тәңірберген Отарбаевтың қызы Ұлжан апа (суретте) тұрады. Биыл жасы 88-де. Кешегі күні […]
Құрбан айт құрбан шалумен шектелмейді
Ол – ағайын арасын жақындата түсетін күн Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Жыл сайын Құрбан айт мерекесі қарсаңында ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша мұсылман қауымын ұлық мейрамдарымен құттықтап, айттың маңызына мән береді. Біз осы мейрам қарсаңында Бас […]
ӨЗБЕК ФУТБОЛШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА АТТАНДЫ
Өзбекстан өз футболшыларын алдағы маусым айында өтетін Әлем чемпионатына аттандырды. Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өткен салтанатты жиынға мыңдаған жанкүйерлер қатысты. Президенті Шавкат Мирзиёев сәт сапар тілеп, жанкүйерлер сырнайлатып-кернейлетіп, «Олга, олга, Узбекистон!» деп ұрандатып шығарып салды. Бүгінде Өзбекстан командасы ойын өткізетін қалаларға ала тақиялы ағайындар көптеп барып жатыр деседі. Футболдан 23-ші Әлем чемпионаты алдағы 11 маусым мен […]
ӘБІРЖІГЕН ӘЙЕЛ,АЛАҚАН ЖАЙҒАН БАЛА…
Кешегі аптаның бейсенбі күні «Самал» базары төңірегіндегі жерасты өткелінде қайыр сұрап отырған әйелді көрдік. Жанында кішкене екі баласы бар. Өткен-кеткеннің көзі үйреніп кеткен бе, оларға тиын-тебен тастаған адам байқамадық. Бұл әйел мұндай күйге қалай душар болған? Күйеуі бар ма? Қайда тұрады? Неге қайыр сұрап жүр? Осы сұрақтарды қоймақ әрекетімізден нәтиже шықпады, жауап бергісі келмеді. Мүмкін […]









