Тамақтанғаннан кейін Сізде жүрегіңіздің айнып, құсып, басыңыз айналған сияқты және асқазаныңыздың бірденнен ауырсыну белгілері болған ба еді? Мүмкін бұл – тамақтан уланғаныңыздың белгісі болар? Негізінен тамақтан уланған жағдайда адам бірнеше күннің ішінде ауруынан тез айығуы да, ал кей жағдайда өкінішке орай ұзаққа созылуы да мүмкін. Тамақтан улану дегеніміз — микробтармен және оның токсиндерімен яғни уларымен ластанған […]
Әлеумет
Ақын қыздар кітапханаға жиналды
Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақын. Ана. Әже» тақырыбында белгілі айтыс ақындары Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Кәрима Оралова, Анар Жаппарқұловамен сыр-сұхбат кеші өтті. AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ұйымдастырылған кешке өнер сүйер қауым, ақын қыздардың өнеріне тәнті көрермен жиналды. Айтыстың арулары атанған ақын қыздардың сахнаға шыққан алғашқы сәттерінен басталған әсерлі естеліктері көрерменді бірден […]
Бәріне еркектер кінәлі ме?
Өкінішке қарай, соңғы кездері шайқалған шаңырақ, ойран болған отбасы көбейіп барады. Бейбіт күндегі мұндай жағдайды қасіретке теңеуге болады. Әрине, бұл қасіретке себеп болар келеңсіздіктер көп. Қоғам пікіріне құлақ салсақ, ажырасуға ең алдымен ер адамдар кінәлі ұқсайды. Рас, отбасының беріктігіне отағасы жауапты. Алайда, бір отбасының екіге бөлінуіне әйел адамның да «үлесі» аз емес. Кінә бір жақты […]
Тіс дәрігеріне бару үшін емханадан жолдама алу керек пе?
немесе стоматологиялық көмекті қалай аламыз? Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшартқа тұрды. Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтан мән-жайды анықтаған болатынбыз. –Жалпы, МӘМС есебінен стоматологиялық қызмет көрсету бойынша қандай жаңалықтар бар? – Стоматологиялық көмек көрсету процесінде ешқандай өзгеріс болмады. Пациент […]
Белсіз бен бедеуге медеу
«Ұрық банкі» туралы не білеміз? Адам ұрығы арнайы банкте сақталатыны туралы ақпаратқа бүгінде ешкім таңқалмайды. Арнайы медициналық орталықтарда ұрықты сақтайтын мұндай банк Шымкентте де бар. Журналистік зерттеуіміздің барысында өз ұрығын өткізетіндерге 10 мың теңгеден жоғары ақы төленетінін білдік. Әрине, ұрықтың сапасына, санына қарай бағасы да жоғарылайды. Ұрық тапсырушы 100 адамның 10-ы ғана донор болады екен. […]
Көмір бағасын билік реттеуі керек
Биылғы қыс қаһарына мініп тұр. Суық күндердің созылуы көмірге деген сұранысты арттыруда. Қаражаттан қысылғандар арасында қатты отынды үнемдеймін деп салқын үйде отырғандар қаншама? Ақшасы бола тұра көмір таппай жүргендер де аз емес. Осынау себептердің салдарынан көмір бағасы аспандап шыға келді. Шалғай ауылдарда тұратын азаматтардан хабарласып білгеніміздей, кейбір аудандарда қара отынның тоннасы 40-45 мың теңгеге дейін […]
Есепші бала Егізқұмда тұрады
Бұл ауыл Шардара ауданына қарайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы екі таңбалы саннан бастап 4,5 таңбалы сандарды бір-біріне ауызша лезде қосып, боладысын айтып жүрген кішкентай 4 жасар бала дәл осы ауылда тұрады екен. Аты-жөні Ислам Көпбай. Егізқұмдықтар Исламның есепке жүйріктігін біраздан бері біледі. Соданда болса керек оны есепші бала атап кеткен. Калькулятор бала деп те ат […]
Тұмау өршіп тұр
Абайлаңыз! Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін, ауа-тамшы арқылы берілетін полиэтиологиялық аурулар тобы. Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының мониторингі жыл сайын 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Шымкент қаласы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін) ЖРВИ –дің 128639 жағдайы тіркелді, […]
Тіке Шымкенттен ұшатын халықаралық рейстер көбейеді
Биыл тікелей Шымкенттен ұшатын халықаралық рейстер көбейе түспек. Қазір ішкі рейстер қатарында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары болса, халықаралық рейстер бойынша Дубай, Стамбұл, Пхукет, Медина қалаларына Шымкенттен тікелей ұшуға болады. Енді Кутаиси бағыты қайта жаңарып, Душанбе мен Анкараға жаңа тікелей бағыттар ашылады. Келуші туристер мен тұрғындар үшін қалада MICE, яғни оқиғалы іс-шаралар туризміне кеңірек көңіл […]
МӘМС-ке биыл қанша ақша ұсталады?
Жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне байланысты өзгереді. Биыл қаңтар айынан бастап МӘМС жүйесіне қатысушылардың төлейтін төлем түрлеріне де өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы […]