Шымкент

Ұстазға құрмет көрсетілді

Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында қала әкімі білім саласының үздік қызметкерлерін құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Мегаполис басшысы өз сөзінде педагог ең алдымен беделді маман, қызметі жоғары және жауапты миссия екеніне тоқталды. – Ұстаздар еліміздің жарқын болашағы мен мемлекеттің дамуы жолында тынымсыз еңбек етуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мұғалімдердің […]

Шымкент

Өтінішін арқалап келгендерді…

  Қала әкім мұқият тыңдады. Дәстүрлі үрдістен ауытқымаған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орынбасарларымен бірге кешегі аптада қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Арыз-шағымын арқалап келгендердің өтінішін қаладағы аудан әкімдері мен басқарма басшылары да тыңдады. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің көпшілігі мегаполистегі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен […]

Шымкент

Оқушылар өз мектебіне оралады

Шымкенттегі №33 жалпы орта мектеп ғимаратына биыл жүргізілген техникалық талдаудың нәтижесінде «апатты ғимарат» деп таныған болатын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тәуелсіз сараптама жасады. 2024 жылдың 24 қыркүйегіндегі сараптама қорытындысы көрсеткендей, ғимарат «апатты» емес екен. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қ.Қасымұлы атындағы аталмыш білім ордасына арнайы барып, мән-жайды көзбен көріп қайтты. […]

Шымкент

«Ағаш базары» саябаққа айналды

Бұған дейін шымкенттіктерге «ағаш базары» атымен әйгілі болып келген аумақтағы сауда қатарлары осыдан біраз уақыт бұрын қала сыртына көшірілген болатын. Ал базар орны экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында көгалдандырылып жатыр. О баста бұл аймақтағы базар заңсыз орналасқаны белгілі. Құрылыс материалдарын саудалап келген аймақта енді саябақ болады. Көп жылдан бері қоршаған ортаға зиянын келтірген базар енді жоқ. […]

Шымкент

 Автобустар көбейді

           Тұрғындардың өтініші бойынша Шымкентте белгілі бір бағыттағы автобустардың жүру жиілігі артып, көлік саны көбейтілді. Себебі бұл аймақтарда тұрғындардың қала орталығына қатынауы көп. Атап айтқанда, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылып отыр. «Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді», — дейді сала мамандары. […]

Шымкент

Оқу-жаттығу өткізілді

      Өткен аптада «Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытынан өрт шығыпты» деген қауесет қала тұрғындарына лезде тарап кетті. Шынтуайтында Азаматтық қорғаныс басқармасы қала әкімімен бекітілген жоспарға сәйкес «Петро Қазақстан Ойл Продакст» ЖШС базасында оқу-жаттығу өткізген болатын. Бұл жаттығу жер сілкінісі салдарынан күшті әсер ететін улы заттың төгілуі кезінде құтқарушылардың әрекетін саралап, пысықтады. Мүдделі мекемелердің қатысуымен өткізілген оқу-жаттығу […]

Шымкент

Алғашқы көмекті көрсете аласыз ба?

 Төтенше жағдайлар Департаменттің әскери қызметшілері үшін де алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрену міндеттеледі. Ал мұндай сабақты кәсіби маман, медицина саласының мамандары жүргізгені тиімді. Сондықтан да Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің әскери қызметшілері алғашқы көмек көрсету даярлығына оқыту курсын «Авиценна» колледжінде өткізуде. Колледждегі оқу курсы барысында қызметкерлер теориялық біліммен қатар, симуляциялық жабдықтарды пайдалана отырып, практикалық білім […]

Шымкент

Төтеншеліктер ескертіп жүр

  Күз келісімен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үйді-үйді аралап, жылыту пештерінің қыс маусымына дайындығын тексеруді бастайды. Әр үйдегі пештің мұржасын тазартып қоюға кеңес береді. Осы дағдысынан айнымаған Әл-Фараби ауданы ТЖБ қызметкерлері қазір жылыту маусымы аясында еріктілерімен бірлесіп, аудан аумағындағы жатақханаларда жүр. Тосын жағдай жиі орын алатын жатақханадағы тұрмыс белгілі. Тұрғындар көбіне ортақ мәселеге жеке дара […]

Шымкент

Аулаңыз таза болса, қала да таза

 Қыркүйектің үшінші аптасында жыл сайын Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) аталып өтіледі. Бұл күні қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындар ауласын, көшені тазаруға үлес қосады. Науқандық іс десек те, негізгі мақсаты – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша биыл қолға алынған […]

Шымкент

Балаларға насихат жүргізілуде

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері білім беру мекемелерінде үнемі түсіндіру дәрістерін, ашық сабақтар, өрт қауіпсіздігі бойынша викториналар, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізіп отырады. Бала жастан бүлдіршіндердің қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау, оқыс жағдай бола қалғанда тез арада қандай әрекет істеу керектігіне машықтанып өскені абзал. Осындай мақсатпен өрт сөндірушілер жақында Шымкенттегі «Жанар» (№44) бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілерімен […]